САУРАН: ТЕМЕКІ ШЕГУДІҢ ЗИЯНЫ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯҒА АПАРАДЫ


Темекі – адам ағзасын улайтын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар:Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқа да улы заттар бар. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Темекінің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекі құрамындағы улы заттар мөлшері организмге бірден емес, бөлшектеніп түседі. Осы орайда саурандық дәрігерлердің кеңесін оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Шылым шегу – зиян әдет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.1950 жылдарға дейін темекі шегудің зияны көп айтылмаған еді. Шындығында осы кезеңде дәрігерлер Америкада темекінің денсаулыққа зияны жоқ деген хабарды жеткізіп, темекі жарнамаларына қосылды. Дегенмен дамып келе жатқан медициналық технологияның арқасында 50-ші жылдардың екінші жартысынан бастап темекі шегу өлімге әкелетін ауруларды тудыратыны жайлы дәлелдер жарыққа шыға бастады.Бүгінгі күні медицинада жеткен деңгей темекі шегу ісіктің көптеген түрлерінің, әсіресе өкпе ісігінің дамуына әсер ететінін көрсетеді. Темекі шегу-жүрек-қан тамырлары ауруларының, өкпе ауруларының, ауыз қуысының, асқазанның, бауырдың, қуықтың, бүйректің қатерлі ісігінің дамуына асер ететін агрессивті факторы.Темекі шегу-сағат сайын, күн сайын, айдан айға, жылдан жылға үзбей темекі шегушілердің денсаулығын біртіндеп бұзады. Темекі шегу біздің ағзамызға барлық жүйенің бұзылыстарына алып келедіі. Қан айналымын бәсеңдететін және ұйқысыздықтан гангренаға дейін көптеген зардапты тудыратын темекі шегу де атеросклероздың негізгі жауаптыларының бірі болып табылады. Инфаркт, инсульт және жүрек аурулары да темекі шегетіндерде жиі кездеседі.Темекі шегу-біздің ұрпақты болуымызға, репродуктивті денсаулығымызды төмендетеді. Жүктілік кезінде темекі шегу бедеулікке әкелетін зардаптарынан басқа, түсік тастау, мерзімінен бұрын немесе туа біткен ақаулар қаупін айтарлықтай арттырады. Темекі шегу иммундық жүйені де әлсіретіп, ағзаның инфекцияларға төзімділігін төмендетеді. Бұл темекі шегу тікелей әсер ететін органдардан басқа, біздің денемізге үлкен зиян тигізеді.Біз атап өткен зияндар тек темекі шегушілерге ғана емес, темекі шегетін ортада түтінге ұшыраған адамдарға да әсер етеді. Адамдардың шашынан бастап киіміне дейін тараған темекінің жағымсыз иісі әлеуметтік өмірге де кері әсерін тигізеді. Темекі шегуден бас тарту немесе темекі шегуді түбегейлі қою бас ауру қаупін азайтудың маңызды қадамы. Сонымен қатар, Артериялық гипертензия (гипертония, АГ) деп — артериялық қан қысымы 140 мм.сынақ бағаннан жоғары болатын жағдайды айтады. Дәрігерлер қан қысымыңызды басыңыз ауырып не мазаңыз кетпей тұрғанда кем дегенде үш рет, әртүрлі уақытта, тыныштық жағдайында өлшеуге кеңес береді. Артериялық гипертензияның екі түрі болады: біріншілік эссенциалды және екіншілік симптоматикалық.Артериялық гипертензия дамуының қауіп факторлары
Басқарылмайтын факторлар:
• Адам жасы;
• Тұқымқуалаушылық;
• Қоршаған орта;
Басқарылатын факторлар:
• Гиподинамия
• Психоәлеуметтік факторлар
• Семіздік
• Шылым шегу
• Ас тұзы
• Тамақтану
• Алкоголь
• Майлар
Артериялық гипертензия диагностикасы
• Артериялық қан қысымы дәрежесі және тұрақтылығын анықтау
• Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының қауіп факторларын анықтау
• Нысана ағзалардың зақымдануын диагностикалау
• Қосымша клиникалық жағдайларды анықтау
• Қауіп тобын анықтау
• Симптоматикалық АГ жоққа шығару не оның түрін анықтау
АҚ дәрежесі және тұрақтылығын анықтау
1. Алғаш қарағанда қан қысымы екі қолда және аяқта өлшенуі керек
2. АҚ науқас 5-10мин демалғаннан кейін өлшенуі керек
3. Арасы 30сек үш рет қайталап өлшеу керек, себебі қайта өлшегенде АҚ төмен болады. Бір рет қана өлшенген АҚ 20-30% жағдайда гипердиагностикаға, 30% жағдайда АГ анықталмауына әкеледі
Жүрек – қантамыр жүйесінің ауруларының қауіп факторларын анықтау
Негізгі:
1. Ерлер (55 жастан асқандар);
2. Әйелдер (65 жастан асқандар);
3. Шылым шегу;
4. Холестерин (6,5 ммоль/л жоғары);
5. Отбасында жүрек-қантамыр ауруларына жастай ұшырағандардың болуы (әйелдерде — 65 жас, ерлерде — 55 жас);
6. Қант диабеті;
7. Ерлерде мықын айналымы102 см, әйелдерде 88 см (абдоминалды семіздік);
8. Семіздікпен (ДСИ (ИМТ)>30) немесе артық салмақпен науқастар (ДСИ (ИМТ) =25-30).
Артериялық қысым жоғарылау кезіндегі науқас шағымдары
• Бастың желке тұсында ауырсыну:
• 1) таңертең ұйқыдан оянғанда
• 2) эмоционалдық қиналған кезде
• 3) кешке қарай күшеюі
• Бас айналуы
• Көз алды қарауытуы
• Ұйқысы бұзылуы
• Мазасыздану
• Көру нашарлауы
• Жүрек тұсында ауырсыну
ЕСКЕРТУ: Науқас өзін жақсы сезінген кезде де АҚ өлшеу керек! АҚ өлшемей ауруды анықтау мүмкін емес!
Анамнез.
• АГ, қант диабеті, инсульт, ЖИА және бүйрек ауруларына отбасылық анамнез
• Өмір салтын бағалау (ас тұзын және майларды қолдану, зиянды әдеттер, физикалық белсенділік);
• Дәрілік гипертонияны пайдаланбау (контрацептивтер, ҚҚСЕП, глюкокортикостероидтар, эритропоэтин, амфетамин, циклоспорины)
Объективті қарау:
• Жүрек тұйықтық шекарасының солға ығысуы, жүрек үшы соққысы күшеюі, аортада 2 тон акценті, АҚ жоғарлауы
• Симптомды гипертонияны жоққа шығару
• АГ III кезеңінде дамитын асқынуларды табу және жүрек, бас миы, бүйрек зақымдануын анықтау
көтере алатындай болуы қажет!
Гипертонияның медикаментозды емес емі деген не?
1. Тамақтануды дұрыстау
2. Ас тұзын тәулігіне 5 г артық қолданбау
3. Алкогольді қолдануды шектеу
4. Шылым шегуден бас тарту
5. Физикалық белсенділікті арттыру
6. Артық дене салмағынан құтылу
7. Стреспен күресу
8. АҚ бақылау, өз өзін бақылау күнделігін жүргізу
Артериялық гипертензиядағы медикаментозды ем принциптері
Көбінесе 24 сағ. дейін ұзақ әсер ететін препараттар таңдалады
Ем бір препараттан басталады, әсері болмаса аз дозада бірнеше препарат тағайындалады
Препараттардың негізгі топтары:
• бета — адреноблокаторлар
• диуретиктер
• Кальций каналдары антагонистері
• АПФ ингибиторлары
• АТ II рецепторлары блокаторлары
• Орталық әсер ететін препараттар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы