ТҮРКІСТАН: КИЕЛІ ҚАЛАДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМГЕ ТИІМДІ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

Бүгінде ішкі туризм саласы айтарлықтай нәтиже беруде. Атап айтар болсақ, Түркістанағы Күлтөбе қалашығының кесенелерін, тарихи нысандарын қалпына келтіру, Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жоспарланған. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамтуды 45%-ға дейін ұлғайту бойын­ша жұмыс жүргізіледі. Ол үшін теннис орталығы, мұз сарайы, ат спорты кешені және басқа да объектілер салынды. Бұдан басқа, өңірдің қоғамдық құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, полиция департаментінің ғимараттар кешені мен жедел басқару орталығы, өрт сөндіру депосы салынды. «Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай шамамен 40 мың жаңа жұмыс орнын құруды, негізгі капиталға инвестициялар 3 есе және өнеркәсіп көлемінің 35%-ға өсуін, еңбек өнімділігінің 52,1%-ға ұлғаюын, халықтың нақты кірістерінің 54,8%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Кешенді жоспарды уақтылы және толық іске асыру нәтижесінде 2025 жылы жалпы өңірлік өнімнің нақты өсуі 6,3%-ды құрайды» деді Ұлттық экономика министрі Ә.Ерғалиев.
Өңірде 2025 жылға дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 4,9 млн шаршы метр немесе 46 мың баспана пайдалануға берілмек. Оның ішінде Кешенді жоспар шеңберінде мемлекеттік қаражат есебінен 1,4 млн шаршы метр тұрғын үйді немесе 23 мың пәтерді жалға берілетін және кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарын қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 78,1 млрд теңге бөлу жоспарланған. Инженерлік инфрақұрылыммен 64 мың жер учаскесі қамтамасыз етілетін болады. Жалпы 2021 жылдан 2025 жылға дейін 7,9 млрд теңге сомасында 341 көппәтерлі тұрғын үй жөнделеді. Облыс қалаларында сумен жабдықтау қызметтеріне 98,9% қолжетімділік бар. Ауылдық елді мекендерде қолжетімділік – 92,1%. Бұл орайда 2021-2025 жылдары 367 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау жоспарлануда. Сондай-ақ 49 ауылда жергілікті бюджет қаражаты есебінен су тазартудың кешенді блок-модульдері орнатылады. Сумен жабдықтау және су бұру бойынша 58 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 14,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлу қолдау тапты. Бөлінген қаражат есебінен 743 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және реконструкция­лау жоспарланған. Сумен жабдықтау қызметтерімен 19,5 мың адам қосымша қамтамасыз етілетін болады. Жалпы осы бағыттар бойынша 638 жұмыс орны құрылады. Өңірді газдандыру аясында Созақ ауданындағы автоматтандырылған газ тарату станциясынан магистралдық газ құбырын және Мақтаарал ауданында 3 автоматтандырылған газ тарату станциясын салу, сонымен қатар елді мекендерге газ тарату желілері мен газ жеткізу құбырларын салу жоспарлануда. Облыс әкімдігінің жоспарына сәйкес, 2026 жылға қарай газдандырылған елді мекендердің санын 423 бірліктен 722 бірлікке дейін немесе халықты газбен қамтуды 1 274 мың тұрғыннан 1 720 мың тұрғынға дейін ұлғайту көзделіп отыр, бұл өңірді газдандыру деңгейін ағымдағы 64,4%-дан 85,4%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Әкімдік бұл көрсеткіштерге бюджеттік бағдарламалар шеңберінде, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты және басқа да инвестициялар есебінен қол жеткізуді жоспарлап отыр. Кешенді жоспарға сәйкес Түркістан қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі шеңберінде құны 40 млрд теңгеге жылу электр орталығын салу көзделіп отыр.
Облыс әкімі атап өткендей, Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. «Бүгінгі күнге жоспарланған іс-шаралардың біршамасы іске асырылып, Түркістан қаласын дамытудың 1-кезеңі сәтті аяқталды. Негізгі әлеуметтік инфрақұрылымы қаланып, 123 нысан салынды. Жаңадан халықаралық әуежай, әкімшілік-іскерлік және мәдени-рухани орталықтар салынып, Б.Саттарханов даңғылы қайта жаңартылды, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылды. Түркістан қаласы толық газдандырылып, 13 мың гектар жасыл белдеу құрылды, 3,5 млн ағаш отырғызылды. Қалаға келуші туристер саны артты. Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі аясында 109 жоба іске асырылады. Бұл мақсатқа 1,3 трлн теңге инвес­тиция бағытталады. 10 мың бас ірі қара бордақылау кешені, 1 200 бас тауарлы-сүт өндіру фермасы салынады. Әкімшілік-іскерлік орталығында жалпы 57 жоба іске асырылып, жаңа теннис орталығы, мұзайдын сарайы, ескек есу каналы, демалыс орындары салынып, қажетті инфрақұрылым тартылады. Б.Саттарханов даңғылы аумағында спорттық кешен, «Яссы» желілік саябағы, ірі сауда орталықтары, 182 гектар ботаникалық бақ, Парк Лейн коттедж кешені жобалары іске асырылады. Мәдени-рухани орталықта тарихи нысандар қайта жаңғыртылады. Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн теңгеге жетіп, 40 мың жаңа жұмыс орны ашылады, халықтың әл-ауқаты жақсарып, облыс экономикасына мультипликативтік әсерін тигізеді. Кешенді жоспарды орындау өңірдің экономикалық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік, жеке инвестициялардың келуіне тың серпін береді және халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді» деді өңір басшысы.
«Ясауи кесенесіне ­зиярат етіп келушілер саны күн сайын артып, миллионнан асты. Алдағы уақытта олардың қатары 5 миллионға жетеді. Қасиетті мекенде археологиялық туризм, этнотуризм секілді туризмнің көптеген түрлерін дамытуға мүмкіндік бар» деген болатын облыс әкімі. Тәуелсіздік жылдары туризм саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар әзірленіп, қабылданды және нормативтік-құқықтық база жетілдірілді. Жақында қабылданған заңнамалық өзгерістер бойынша туризм саласында инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін кең ауқымды мүмкіндіктер беретін жүйелі шаралар енгізілді. Оның аясында қасиетті Түркістан қаласы кіретін ТОП-10 туристік дестинацияны дамыту көзделген. Сондай-ақ Үкімет туризм саласындағы инвесторлар мен кәсіпкерлерді қолдау үшін кешенді шараларды қабылдаған.
Айта кетелік, облыс орталығы Түркістанды туристерге тартымды ету, көгалдандыруға ғалымдар да өз үлесін қосуда. Климаты құрғақ аймаққа жататын қалада егілген көшеттердің өзге өңір­лер­мен салыстырғанда жерсінуі тым төмен екенін анықтаған ғалымдар көне шаһардағы жасыл желектің көлемін арттыру қажеттігін айтуда. Киелі шаһарды жел эррозиясынан сақтап, экологиялық ахуалды тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру үшін қала айналасынан «Жасыл аймақ» құрылған. Бұл аймаққа негізінен ыстыққа төзімді ағаштар отырғызылады. Әр ағаштың түбіне тамшылатып суару жүйесі жеткізілуде. Қала аумағында ұңғымалар қазылып, су арналары жүргізілуде. Президенттің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел аумағында экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2 млрд түрлі ағаш көшеттерін отырғызу белгіленген. Осыған сәйкес, облыс әкімдігі Экология министрлігімен бірлесіп, 5 жыл ішінде 110 210 гектар аумақты көгалдандыруға 170 млн ағаш көшеттерін отырғызу бойынша тиісті жұмыстар атқаруда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы