АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН АБЗАЛ ЖАН!


Мейірбике – науқастың саулығына дәрігермен бірдей жауапкершілікпен қарайтын денсаулық жанашырының бірі. Дәрігер емінің нәтижелі болуы медбикенің ем-домды уақытылы көрсетіп, өз міндетін жауапкершілікпен атқаруына тікелей байланысты екені анық. Осы орайда, ақ халаттылардың айнымас серігіне айналып, науқастардың дертіне дауа дарытуға атсалысып жүрген денсаулық сақшысының бірі Сариева Хадиша апамыздың еңбегін ерекше атауға болады.
Сариева Хадиша 01.01.1953 жылы Фруньзе ауданы Ашар селосында дүниеге келген. 1959-1969 жылдар аралығында Шорнақ ауылында мектепті бітірген. 1971-1972 жылдар аралығында Түркістан ауданындағы медучилищені аяқтап, өз еңбек өтілін алғаш 1973 жылы Шорнақ ауылында мейірбике болып атқарған. 1975-1978 жылдары Кей районның 30 жылдық бөлімшесінде жалғастырып, 1980-2006 жылға дейін Майдантал завхозының Қаражон бөлімшесінде амбулатория меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2006 жылы зейнеткерлікке шыққан. Ұзақ жылдар бойы істеген еңбегінің арқасында апамыз 3 қыз, 3 ұл тәрбиелеп, 28 немере, 4 шөбере сүйіп отыр.
Рита АРЫСТАНБЕКОВА,
Қаражон ауылдық клуб меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы