Сауран ауданындағы референдум учаскелеріне келушілердің қарасы қалың. Өз таңдауы ел тағдырын шешетінін түйсінетін саурандық егіз тұрғындарда өз үлестерін қосты. Жібек Жолы ауылдық округының егіз тұрғындары Тәжібаев Нұрбол және Ербол жұбайларымен келіп, №86 референдум учаскесінде өз таңдауларын жасады.
Сауран ауданы бойынша 41 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Референдум учаскелерінде қауіпсіздік шаралары санитарлық нормаларға сай ұйымдастырылған. Тұрғындардың қатысу белсенділігі де жоғары деңгейде. Референдумға қатысып, таңдау жасау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.