КЕРЕК ДЕРЕК: АТРОПИННІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?


Атропин — жалпыға белгілі және табиғи түрде кездесетін тропиндік алкалоид. Құрамында атропин бар өсімдіктерге мыналар жатады: түнгі көлеңке және қара тауық. Ежелгі уақытта атропин қазіргі уақыттан басқа мақсаттарда қолданылған. Мысалы, ежелгі Рим әйелдері қасқыр жидектерінің сығындыларын бет косметикасы ретінде пайдаланды, бұл олардың беттерінің сау қызаруына себеп болды. Қан тамырларының кеңеюіне байланысты қызару пайда болды. Атропин бір кездері қасқырларды улау үшін қолданылған, өйткені шамадан тыс тұтыну жүректің тоқтауына әкеледі. Қара тауық етін жебенің ұштарын улаған ежелгі мысырлықтар мен парсылар пайдаланған.
Атропин және оның ағзаға әсері
Атропин адам ағзасының жұмысына айтарлықтай әсер етеді, өйткені ол парасимпатикалық жүйке жүйесінің ұштарын салдандырады. Атропиннің адам ағзасына келесі әсерлері келтірілген:
жүрек бұлшықетіне әсері – жүрек соғу жиілігін арттырады және жүректің шығуына әсер етеді. Қант диабеті, нейропатия немесе уремиядан зардап шегетін адамдарда атропиннің тиімділігі аз;
тыныс алу жолдарына әсері – тегіс бұлшықеттердің босаңсуын тудырады, бронхтардың люменін ұлғайтады және шырышты шығаруды азайтады;
ас қорыту жолына әсері – ас қорыту жолдарының тегіс қабырғаларының бұлшықет кернеуін төмендетеді, ішек перистальтикасын төмендетеді, асқазанда тағамның сақталуын азайтады, құсуға қарсы әсер етеді;
эндокриндік бездерге әсер ету – тер, сілекей және ас қорыту ферменттерінің секрециясын тежейді;
зәр шығару жүйесіне әсер ету – қуық қабырғалары мен несепағарлардың тегіс бұлшықеттерінің кернеуін төмендетеді;
көзге және көру қабілетіне әсері – цилиарлы бұлшықетті салдандырады, қарашықтарды кеңейтеді.
Атропин – көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері
Атропин, бұрын жазылғандай, адамның көптеген органдары мен жүйелеріне әсер етеді. Дегенмен, оны қолданудың ең маңызды көрсеткіштері келтірілген, соның ішінде:
жүрек-өкпе реанимациясы;
жалпы анестезия алдында премедикация;
кері жүйке-бұлшықет блокадасы;
рефлекторлық брадикардияны емдеу;
бронхтардың шамадан тыс секрециясы және спазмы;
асқазан-ішек жолдарының спастикалық жағдайлары;
радиологиялық диагностика;
қарашықтардың ұзақ мерзімді кеңеюі.
Бұл қосылысқа жоғары сезімталдық атропинді қолдануға қарсы көрсеткіш болып табылады. Сондай-ақ глаукома, асқазан-ішек жолдарының бітелуі, рефлюкс ауруы және қуық мойнының тарылуы кезінде қолдануға болмайды.
Атропин – жанама әсерлері
Атропин ұсынылған дозадан асып кетпесе де жанама әсерлерді тудыруы мүмкін. Ең жиі кездесетін белгілер: көзішілік қысымның жоғарылауы, фотофобия, көру қабілетінің нашарлауы, шырышты қабықтың құрғауы, тер секрециясының төмендеуі, іш қату, зәр шығару, гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы, жеделдету және жүрек ақаулары. Сондай-ақ ұйқышылдық, мазасыздық, қозу және депрессия болуы мүмкін. Аллергиялық реакциялар, мысалы, есекжем, терінің қызаруы немесе дене температурасының жоғарылауы жоққа шығарылмайды.
Қолданар алдында көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері, жанама әсерлері мен дозасы туралы деректер, сондай-ақ дәрілік препаратты қолдану туралы ақпарат бар нұсқаулықты оқып шығыңыз немесе дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз, өйткені дұрыс пайдаланбаған әрбір дәрі сіздің өміріңізге немесе өміріңізге қауіп төндіреді. денсаулық.
Атропин — алқа тұқымдасына жататын өсімдіктер — итжидек (немесе сасық итжидек), мендуана және сасық мендуана құрамында болатын алколоид. Емдік мақсатта атропин сульфатын қолданады — Atropini sulfas — иіссіз, судың 1 және спирттің 3 бөлігінде еритін ақ кристалды ұнтақ. «Судағы ерітінділері ұзақ сақтағанда (әсіресе сілтілі шыныда және қатты қыздырылғанда) бұзылады. Ампулаға құйылған 0,1 % ерітіндісі ұзақ сақталады. Атропиннің әсерінен «Мн-холинореактивті жүйелер тежелініп тасталады — олар ацетилхолинге сезімтал болады. Соның салдарынан жүйке ұштары салданғандай әсер туады. Іс жүзінде атропин жүйкеге тікелей әсер етпейді. Атропин сезімтал жүйке ұштарының рецепторларын тітіркендірмейді және тіпті оның күшті ерітіндісін енгізген жағдайда да қабыну реакциясын туғызбайды, ол былай тұрсын, кокаин сияқты атропин тіпті аздап жергілікті жерді жансыздандырады. Оның кейбір препараттарын меңдуана майын Oleum Hyoscyami осы мақсатпен практикада жиі қолданады. Атропин тек тері астындағы торшалардан ғана емес, сонымен бірге кілегей қабықтарынан да бойға оңай тарайды, тіпті теріден де ол ішінара бойға тарайды. Қанға түскеннен кейін атропинді ұлпалар тез сіңіреді, мұнда бірте-бірте инактивтенеді. Шөп қоректі жануарларда препарат едәуір мөлшерде бұзылады, ал бүйрек оны бұзбай шығарады. Етқоректі жануарларда атропин баяу бұзылады, ал оның негізгі бөлігі несеппен бірге өзгермеген күйінде шығарылады.
Холинергиялық иннервацияға атропин жергілікті, сондай-ақ, резорбтивті әсер етеді. Ол тері, сілекей және кілегей бездерінің, қарын мен ішек бездерінің холинореактивтік жүйелерін тежеп тастайды. Бұл әсерді тіпті пилокарпин мен карбахолин сияқты секрецияны күшті көбейтетін дәрі-дәрмектер де жоя алмайды. Атропинді вена тамырға немесе тері астына енгізгеннен кейін 10-15 минут өткен соң тер шығару тоқтайды, ол тек 1-2 сағаттан кейін ғана қалпына келеді. Препараттың бұл әсерін атропиннің бүкіл фармакодинамикасына талдау жасауда, әсіресе улану жағдайында ескеру керек. Терлеудің баяулауы тер бездері бөлетін умен уланғанда теріс әсер етуі мүмкін. Атропин сілекейдің бөлінуін толық тоқтатады, соның салдарынан тілдің және ауыздың, таңдайдың, жұтқыншақтың шырышты сілекейі құрғайды, жануарлар құрғақ азықты жұту мүмкіндігінен айырылады. Дауысы күңіреніп, қырылдап шығады. Сиыр мөңірегеңде және жылқы кісінегеңде ауырсынған кұрғақ жөтел пайда болады.
Асқазан сөлінің бөлінуі 8-10 есе азайып, сөлдің мөлшері төмендейді. Ал сілтілі шырыштың мөлшері айтарлықтай өзгермейді, бірақ, ол сөлдің бейтараптануы әдеттегіден неғұрлым жеделдей түсіп, оның қышқылдығы 2-3 есе төмеңдейді. Атропин қарын бездерінен гөрі ішектің секреторлық бездеріне едәуір аз әсер етеді, бірақ мұнда секреция 4-6 есе азаяды. Қарын мен ішек бездері секрециясының төмендеуі кілегейлі қабықтардағы қабыну жөне ойық жара процестерінде өте маңызды. Бұл процестерде бөлінетін сөл (әсіресе қарын сөлі) қабынған кілегейлі қабықты тітіркендіреді және қатты ауыртады. Егер қабынудың көптеген түрлеріңде секреттің мөлшері едәуір көбейетінін ескеретін болсақ, онда секреттік қызметтің бәсеңдеуі неғұрлым тезірек емдеуге жәрдемдесуі тиіс екені әбден түсінікті. Секрецияның бәсеңсуі ұзақ болуы тиіс, сондықтан бұл мақсат үшін таза атропинді емес, сасық меңдуананың экстрактін пайдаланады.
Өттің бөлінуі осы бөлінуден бұрын күшейген жағдайда ғана азаяды. Бронхы бездерінің секреторлық қызметі баяулайды. Атропин сүт бездерінің функциясын айтарлықтай өзгертпейді. Жануарларда сүт мөлшері тек атропинді ұзақ қолданғаннан кейін ас қорыту аппаратының қалыпты қызметінің бұзылуы салдарынан ғана азаюы мүмкін. Атропин ас қорыту жолының қозғалыс — қимыл функциясына тым ерекше әсер етеді. Қарынның жиырылуы барлық жануарларда күрт бөсеңдейді. Ірі қарада, сонымен бірге тазқарын, жалбыршақ және жұмыршақ босаңсиды, сфинктрлер (қысқыш еттер) жиырылады. Ішектің жиырылуына атропин әртүрлі әсер етеді. Оның қолданылу мөлшеріне және ішек қабырғаларының бұлшық еттерінің бастапқы күйіне байланысты әсер етеді.
Ішектің күшті жиырылуы жағдайында аз мөлшерде қолданылған атропин ішектің жиырылуын баяулатады. Бұл әсер холинергиялық жүйе көбірек қозған сайын нәтижелірек болады. Мысалы, атропин ареколиннің, карбохолиннің және тіпті физостигминнің әсерін жояды, ауырсынуды азайтады. Осыдан өзгеше түрде ішектің неше түрлі түйілуінде әлсіреген қозғалыс-қимыл функциясын атропин едәуір күшейтеді. Көп мөлшерде қолданылғанда атропин барлық жағдайда ішектің созылып-жиырылуын да бәсеңдетеді. Атропиннің ішекке мұндай күрделі әсері оның холинергиялық субстанцияларға және ауэрбахтық өрілімге әсер етуіне байланысты. Аз мөлшерде қолданылған атропин холинергиялық субстанцияларды бәсеңсітеді, сонымен бірге ауэрбахтық өрілімді қоздырады, ал көп мөлшерде қолданылғанда олардың екеуін де салдандырады. Ішектің жиырылу функциясын басқаратын кезеген жүйке аз мөлшерде қолданылған атропиннің әсерінен-ақ істен шығады, соның нәтижесінде жиырылу қозғалысы баяулайды. Бұған қарама-қарсы түрде ауэрбахтық өрілім басқаратын созылып-жиырылуы аз мөлшерде қолданылған атропиннің әсерімен күшейеді. Көп мөлшерде қолданылған атропин ауэрбахтың өрілімді де салдандырады, соның салдарынан ішектің созылып-жиырылуы да әлсірейді.
Демек, аз мөлшерде қолданылған атропин ішектің қозғалыс-қимылы функциясын реттейді. Осы мақсатпен оны жылқы ішегінің қозғалыс-қимыл функциясының жіті бұзылуында қолданады. Бұған аз мөлшерде қолданылған атропиннің сфинктрлердің күйін айтарлықтай бұзбайтынын, оны қауіптенбей-ақ қолдануға болатынын қоса айта кету керек. Бірақ, орташа мөлшерде қолданылған атропин ас қорыту жолының сфинктрлерін едәуір тарылтады, ал көп мөлшерде қолданылған атропин оларды мүлде жауып тастауы мүмкін. Қарын мен ішек азыққа толып кернелгенде немесе азық қатты быршығанда қарынның немесе ішектің қаты созылып, тіпті жарылып кетуі мүмкін. Біз қарын толғанда қате қолданылған атропиннен кейін қарынның жарылуынан жылқының өлгенін байқадық. Азық қатты быршығанда, әсіресе атропинді морфинмен қосып қолданғанда ерекше теріс әсер етеді, тіпті шағын мөлшерде қолданылғанда да бұл заттар бірге енгізілгеннен кейін сфинктрлерді күрт және ұзақ уақыт тарылтады, мұның өзі көбінесе жануарларды өлім-жітімге ұшыратады.
Басқа мүшелердің, әсіресе бронхылардың бірыңғай салалы бұлшық еттері де босаңсиды. Атропиннің бронхы секрециясын азайтуы және тыныс орталығын қоздыруы бронхылардың түйілуінде де жағымды әсер етеді. Атропиннің бронхылардың бұлшық еттерін босаңсыту және сол арқылы олардың өзегін кеңейту қасиетін медицинада бронхы демікпесін емдеу үшін кеңінен пайдаланады. Ветеринария практикасында оны кейде бронхы бұлшық еттерін босаңсыту үшін де қолданады, ал талақтың, өт қабының, несеп жолдарының, куықтың бірыңғай салалы бұлшық еттері әдетте босаңсымайды. Атропиннің әсерінен ұрғашы жануарларда күйіт циклінің тынышталу сатысының ұзаққа созылуы байқалады. Атропин кезеген жүйкенің әсерін тежегендіктен, ол жүректің қызметіне де әсер ете алады. Атропинді тері астына енгізгенде әуелі кезеген жүйке орталығының қозуы салдарынан жүрек соғуының қысқа уақытка баяулауы байқалады. Бірақ жүрекке жеткеннен кейін атропин тежеуші жүйкені блокадалап тастайды, соның салдарынан қозған орталықтан болатын импульстар мионевралдық қосылыстарда өшеді, ал симпатикалық жүйкенің әсері күшейе түседі, соның салдарынан жүректің жиырылуы жиілеп, күшейеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы