Электрондық темекі – темекінің орнына қолданатын электронды құрылғы.
Темекі шегу процесінде сұйықтық қызады, ал темекі шегетін адам оның буын жұтады. Электронды темекі темекіге тәуелді адамдардың зиянды әдетін тастауға көмектеседі дегенді жиі естиміз. Өндірушілер электронды темекінің түтіні қауіпсіз екенін, ал құрамындағы заттар тәуелділік туғызбайтынын айтады. Алайда дәрігерлердің сөзінше, қазірдің өзінде электронды темекі тәуелділіктің қауіпті атрибутына айналған. Осы орайда Сауран ауданының тұрғындарына аудандық емхана мамандардың кеңестері мен ескертпелерін назарға ұснамыз.
Мамандар электронды темекілердің талапқа сәйкестігі тексерілмейтінін, өндірушілер білгенін істеп жатқанын айтады. Қауіпсіздігі ингредиенттердің сапасына байланысты. Кейбір өндірушілер жоғары тазартылған никотинді және премиум сертификатталған хош иістерді пайдаланса, ал басқалары үнемдеп, құрамын сапасыз қоспалардан жасауы мүмкін, мұндай құрылғыларды пайдалану қауіпті.
Пропиленгликольді үнемі қолдану аллергиялық реакциялардың пайда болуына, өкпенің созылмалы ауруларына және иіс сезудің жоғалуына әкелуі мүмкін. Электрондық темекіде буланатын глицерин бар. Бумен тыныс алғанда, адамның аузы құрғап, жөтел қысып, тамақ пен өкпеде қабыну процесі болуы мүмкін.
Адам денсаулығына зияны: Электронды темекі организм үшін өте қауіпті. Улы заттардың әсері астма, пневмония, жүрек-қан тамырлары ауруларының өршуіне әкелуі мүмкін. Кәдімгі темекіде түтінмен дем алса, электронды булан-дырғыштарды шегу кезінде адам бумен дем алады. Будың құрамындағы заттардың бір бөлігі өкпеге енеді, ал қалғаны қоршаған ортаны ластайды. Осының әсерінен оттегі жетіспеушілігі пайда болады және дененің қартаю процесі жеделдейді.
Дәрігерлер ұзақ уақыт бойы электронды темекіні шегу өкпенің жасушалық деңгейде бұзылуына әкелуі мүмкін екенін ескертеді, ал өндірушілер көбінесе табиғи никотинді химиялық затпен алмастырады, бұл әдеттегі темекіге қарағанда ағзаға одан да үлкен қауіп төндіреді.
«Попкорн ауруы»: Жақында ғалымдар электронды темекі Попкорн ауруының пайда болуына түрткі болатынын анықтады. Улы түтіндер, оның ішінде өкпеде тыртықтардың пайда болуына және бронхиолалардың тарылуына ықпал етті. Бұл диагноздың электронды темекімен байланысы алғаш рет 2019 жылы анықталды.
Балалар мен жасөспірімдер үшін ерекше қауіп:
Электронды темекі жастарға қауіп төндіреді. Оларда кездесетін никотин балалардың денсаулығына зиян тигізеді. Жетілмеген ағзаның ми қызметіне әсер етіп, ол баланың есте сақтау қабілетін нашарлатады, бас ауруын тудырады және физикалық белсенділікті төмендетеді. Сонымен қатар бала электронды темекіге тез отырады және тәуелділіктен арылу қиынға соғады. Сарапшылар электронды темекі иммунитеттің әлсіреуін, өкпе мен жүрек тіндерінің зақымдануын, когнитивті бұзылуларды тудыратынын атап өтті. Электронды темекінің әсері уақыт өте келе байқалады, салдарынан бронх демікпесі, созылмалы бронхит және жүрек-қан тамырлары проблемалары тууы мүмкін. Заманауи темекілер қан қысымының жоғарылауына ықпал етеді, инфаркт пен инсульт қаупін арттырады және эндотелий функциясының бұзылуына әкеледі. Электорнды өнімді тұтынушының жанында отырған адамдарға да зиянды қоспа теріс әсер етеді.
Ескеретін жайт, электронды темекі өнімдері қауіпті құрылғы екенін ұмытпау керек, өйткені олар жарылып немесе тұтанып, апатқа алып келуі мүмкін. Темекі шегудің қауіпсіз түрі жоқ. Классикалық темекі де, электронды темекі де денсаулыққа зиян. Алайда никотинге тәуелділікпен күресте бүгінгі күнге дейін ұсынылған барлық баламалардың ішіндегі ең қауіпсізі жанудың жанама өнімдерінің болмауына байланысты булану. Темекіні тұтату кезінде әртүрлі улы заттар бөлінеді, канцерогендер мен улы газдың жағымсыз әсері бар.Электрондық темекіні пайдаланатын адамдар олардың құрамында никотин бар екенін білмейді және тоқтаусыз темекі шегеді. Бұл ауыр аурулардың дамуына түрткі болады.
Қорыта айтқанда оның зияны мен залалы толық анықталып болған жоқ. Десек те қазірдің өзінде көп мөлшерде және ұзақ мерзімде электронды темекіні тұтынған жасөспірімдер әртүрлі асынулармен өкпе және тыныс алу мүшелерін ауыстыруға тура келіп жатқан жағдайлар бар.
Ж.МЕЙРАМБАЙ,
Сауран аудандық емханасының ЖТД.