Еліміздегі ұзақ жылдар бойы қозғалып келе жатқан мәселелердің бірі – жер ресурстарын реттеу саласы болатын. Атап өтсек, бұл бағыттағы жұмыстар сонау 2010 жылдарда бастау алған. Бүгінге осынша жылдық еңбектің нәтижелері шығып, біршама жаңалықтар елге таныстырылып жатыр.Осы орайда, Сауран ауданының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары бойынша ақпаратты ұсынамыз.
Мәселен, бірнеше жыл бұрынғы ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Жер ресурстарын басқару агенттігі жайылым мен шабындықты ұтымды, тиісті мақсатында пайдаланбаған, заңға қайшы берілген жерлерді мемлекет меншігіне алуды көздеп отырғанын айтқан. Агенттік төрағасының айтуынша, мал шаруашылығын дамытудың бірден-бір көзі бүгінгі күнге дейін пайдаланылмай келген жайылым мен шабындық жерлерді игеруге тікелей байланысты болып табылады.
«Жасыл» экономика – бұл экономикалық, әлеуметтік және экологиялық даму мәселелерін біріктіретін тұрақты даму тұжырымдамасының түсіндірмесі. Бұл қоршаған ортаға қысымды азайтуға, табиғи экожүйелерді сақтауға және қалпына келтіруге және табиғи капиталды арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, «жасыл» экономика шаралары теңсіздікті азайтуды, өмір сүру сапасын, еңбек жағдайларын және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды білдіреді.
Қаржы институттары, бизнес өкілдері, ел үкіметі, кәсіпкерлер мен тұтынушылар жасыл экономикаға бет бұрып жатыр. Жасыл экономика – соңғы екі онжылдықта пайда болды. Жасыл экономика теориясы үш аксиомаға негізделген. Олар:
– шектеулі кеңістікте әсер ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес;
– шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп келе жатқан қажеттіліктерді қанағаттандыруды талап ету мүмкін емес;
– Жер бетіндегі барлық нәрсе өзара байланысты.
Тұрақты экономикалық өсу мүмкін емес – тұрақты экономикалық даму ғана мүмкін. «Жасыл экономика» концепциясы қоғамда резонанс туындатып отыр. Оны сарапшылар, саясаткерлер, үкіметтік емес ұйымдар белсенді түрде талқылап жатыр. «Жасыл» экономика концепциясын жақтаушылар экономикалық жүйе жетілмеге деп санайды.
Ол жалпы адамдардың, әсіресе оның жекелеген топтарының (немесе елдер тобының) өмір сүру деңгейін жақсартуда белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгенімен, бұл жүйенің жұмыс істеуінің жағымсыз салдары айтарлықтай баршылық. Мысалы, экологиялық проблемалар (климаттың өзгеруі, шөлейттену, жер шарының өзгеруі, шөлейттену, биоәртүрліліктің жоғалуы), табиғи капиталдың сарқылуы, кең таралған кедейлік, тұщы судың, азық-түліктің, энергияның жетіспеушілігі, адамдар мен елдердің теңсіздігі.
Мұның бәрі қазіргі және болашақ ұрпаққа қауіп төндіреді. Адамзаттың өмір сүруі мен дамуы «жасыл экономикаға» — яғни ұзақ мерзімді перспективада адамның әл-ауқатын жақсартуға әкелетін тауарлар мен қызметтерді өндірумен, бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қызмет жүйесіне көшуді талап етеді.
Қоғамда «жасыл» экономиканың мәнісіне қатысты түрлі түсінік бар. Әр адам ол туралы ойын әртүрлі жеткізеді. «Жасыл» экономика табиғи қорларды тиімді пайдалануға бағытталады. Әсіресе, сарқылуға жақын пайдалы қазбаларды үнемдеуді үндейді. Сонымен қатар сарқылмайтын тіршілік көздерін пайдаланудың тиімді шешемідерін қарастырады.
ХХІ ғасырдың басында экономикалық жаһандану қарқыны мыңжылдықтың мәселелерін жалпы талқылау үшін жаңа серпін берді. Қазір әлемде экология және тұрақты даму мәселелері өзекті тақырыпқа айналған. Қоршаған ортаға залалды барынша азайтуға бағытталған жасыл экономика болашақта тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз ететін негізгі фактор атанады. Қазақстан да аумағы үлкен мемлекет ретінде жасыл экономикаға көшудің маңыздылығын мойындап отыр.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «жасыл» экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталып, оған ден қоюды тапсырды.
«Үкімет энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауға тиіс. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары ескерілуі керек. Энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды біртіндеп енгізу қажет. 2029 жылға қарай энергияны тұтынуға және энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15 пайызға азаюға тиіс. Біз «жасыл» экономиканы дамыту мәселесімен мықтап айналысуымыз керек. Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшетіні сөзсіз», — деп тапсырды Мемлекет басшысы өз Жолдауында.
Қасым-Жомарт Тоқаев «жасыл» экономиканы дамытумен мықтап айналысу негізгі мәселе екенін атап өтті.
Электр қуаты, су және жылу адамның күнделікті тұрмысына ауадай қажет. Оны үнемдеп тұтынудың тиімді тәсілдерін қарастыру күн тәртібіндегі тақырып.
Сонымен қатар, маусымдық және шөл-шөлейт аумақтарда орналасқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына игеру де өзекті мәселе болып отыр.
«Бұл ретте атап көрсететін жайт, бұрынғы ұжымшар, кеңшар болып ұйымдасқан кезеңде мал шаруашылығын өркендету үшін табиғи жайылымдар толық әрі жіті пайдаланып келгені мәлім. Оның ішінде әсіресе маусымдық жайылымдарды көктемгі төлдету, жазғы жайлау мен қыстауларды пайдалану кезеңі сәйкестеліп реттеліп отырды. Ал қазіргі кезеңдегі қалыптасқан жағдайға келсек, кейбір елді мекендер маңындағы жергілікті тұрғындардың мал жаюы мен шөп шабуы үшін, сондай-ақ шалғайдағы мал шаруашылығының маусымдық жайылымдарына арналған жерлерді өтеулі ұзақ мерзімге пайдалануға немесе жеке меншікке беруге рәсімделген жағдайлар кездеседі. Алайда, Жер кодексінің 36-бабына сәйкес, мұндай жерлер тек 5 жылғы мерзімге ғана пайдалану құқығына ие болатын. Бұндай жағдайлар жайылым және шабындық жерлерді тиімді пайдалануға кері әсерін тигізіп отыр. Өйткені, шаруашылықтағы мал санына тиесілі жерлер реттелмей, басқа шаруашылықтардың пайдалануына шектеулер қойылып, кейбір тұлғалардың қолына едәуір жайылым жерлерінің шоғырлануы жол беріліп келді. Сондықтан агенттік жерді пайдалану мен қолдануды мемлекеттік бақылауды іске асыру барысында жайылым және шабындық жерлерді ұтымды, тиісті мақсатында пайдаланбаған, заңға қайшы берілген жерлерді мемлекет меншігіне алуды басты назарға алып отыр», – деген ол өз сөзінде.
Содан соң, Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қазақстандағы жер бір тұрғынға шаққанда 17 гектардан тиетінін айтқан.
«Қазақстан Еуразиялық құрылықтың 272 млн. гектарға тең аумағын алып жатыр. Сондай-ақ, жер көлемі бойынша ең ірі 10 мемлекеттің құрамына кіреді. Ал, еліміздің бір тұрғынына шаққанда тиетін жер 17 гектарға тең болса, оның ішінде әрбір тұрғын 1,5 гектар егістік жерімен қамтамасыз етілетінін айта кету керек. Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Елімізде жер қорының 7 жер санаты бар. Осының өзі жердің ел экономикасының қай саласында да болса да үлкен әлеуетке ие екендігін білдіреді. Осы жерлердің тек 4 санатының бағалау құны 4,5 трлн. теңгені құрайды», – деген агенттік төрағасы осыдан он жылдай уақыт бұрын.
Сондай-ақ, дәл сол жиында ағымдағы түгендеу барысында ауданы 3 млн. гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай келген 7 мың жер учаскесі анықталғаны мәлім болған еді.
Бұл туралы агенттік басшысы: «Осы жылы жүргізілетін түгендеудің мақсаты олардың көлемдерінің есептік деректермен сәйкес келуін нақтылау ғана емес, олардың жағдайын зерттеу, яғни пайдаланылмаған немесе мақсатқа сай емес пайдаланылып келген жер учаскелерін анықтау. Сондай-ақ, суармалы аймақтар, жайылымдардың жағдайын айқындап, тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Бұл ретте түгендеу жұмыстары 57 әкімшілік ауданды және 5 облыстық маңыздағы қаланы қамтыды. 800 ауылдық (селолық) округ және 67,5 мың шаруашылық субъектілері зерттелді. Шара аясында тиісті картографиялық және басқа да қажетті материалдар дайындалды. Соған орай, түгендеу жүргізудің барысында аграрлық сектордағы шаруашылық жүргізу субъектілердің санына қатысты айырмашылықтар анықталды. Бұл ретте атап өтуіміз керек, жыл сайынғы жер балансын әзірлегенде, олар жергілікті атқарушы органдармен бекітіледі. Осы тұста әрбір ауытқулар түзетілетін болады және ол статистикалық органдарға беріледі. Алайда осындай үлкен айырмашылықтардың болуы жыл сайынғы есепті әзірлеуге кейбір уәкілетті органдардың тиянақсыз жұмысын көрсетеді», – деген еді.
Одан кейінгі жылдары Қазақстанның су және жер ресурстары 2030 жылы қайта қалпына келтірілетіні айтылып: «Бізге жаңа экономиканы құру үшін жаңа мамандарды даярлап шығу қажет. Осылайша, біз 2030 жылға қарай Қазақстанның су және жер ресурстарын қайта қалпына келтіреміз және табиғи капиталдарды тұтынудың тиімділігі жағынан Еуропалық одақтың деңгейіне жетеміз. 2030 жылға қарай Қазақстан зарарлы заттектердің атмосфераға шығарылуы саласындағы стандарттарды еуропалық деңгеймен теңестіріп, оны енгізу бойынша шараларды атқаруымыз шарт. 2030 жылға қарай «жасыл экономика» саласында 400-ден 600 мыңға жуық бос жұмыс орны ашылады.2050 жылы «жасыл экономика» елдің ЖІӨ-не 3 пайыз қосып, дамудың қалыпты өсу моделіне қосымша серпін бермек», – деген жауапты қызметкерлер.