Сауран ауданындағы ақ халаттылар ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектердің көмегіне жиі жүгінуге қарсы. Ауырсыну – дабыл белгісінің бір түрі, оның көмегімен денеміз кейбір жағымсыз процестердің жүріп жатқаны туралы хабарлайды. Дейтұрғанмен, дереу дәрігерге бару мүмкіндігі тумаса әрі ауырсыну дәрі қабылдайтындай ауыр болмаса, оны қабынуға қарсы және ауырсынуды басатын әсері бар өнімдермен де емдеуге болатындығын біліп жүріңіздер.
Зәйтүн майы
Зәйтүн майында кездесетін олеокантальды химиялық зат қабыну ферменттерін тежеу арқылы танымал ибупрофен сияқты әрекет етеді. Сондықтан да жай ғана зәйтүн майымен хош иістендірілген салаттың порциясын жеу арқылы немесе қабынған теріге компресс жасау арқылы (бірақ денеде күйік болған жағдайда аталмыш процедураға тыйым салынады!) ауырсынуды азайта аласыз.
Ананас
Бромелайн – тропикалық жемістердегі бай фермент, сондай-ақ оның қабынуға қарсы әсері басым, әсіресе, буын ауруларына жақсы шипа бола алады. Айта кетерлігі, бромелайн тізедегі ауырсынуды азайтуға, артриттен туындайтын жағымсыз сезімдерді жеңілдетуге, тіпті тіс дәрігеріне барғаннан кейін де ауырсынуды бәсеңдетуге көмектеседі.
Алма
Кверцетин – қабынуды, соның ішінде ішкі қабынуды азайтуға қабілетті антиоксидант, ол көптеген жемістердің құрамында кездеседі, десе де алма жемісі аталған антиоксидантқа бай. Сондықтан ағылшындардың «Алманы неғұрлым жиі жейтін болсақ, соғұрлым дәрігердің көмегіне мұқтаждық азаяды» дейтіндері рас.
Бір шыны аяқ шай мен бір уыс шие ерекше дәмімен ғана таңғалдырмайды, сондай-ақ науқастанып жатқанда дертке шипа да бола алады.
Жаңғақтар мен дәндер
Олардың құрамында магний, l-аргинин және Е дәрумені бар, олар ағзадағы қабыну биомаркерлерін азайтуға көмектеседі. Ал ең пайдалылары – грек жаңғағы, жержаңғақ, бадам, пісте, зығыр мен чиа тұқымдары.
Қара шоколад
Шалыс естімедіңіз. Какаоға бай антиоксиданттар (қара шоколад құрамында көп кездеседі) қауіпті ақуыздарды, соның ішінде салдары Альцгеймер ауруын тудыратындарды бейтараптандыру арқылы қабынумен күресуге көмектеседі. Сол себепті күніне қара шоколадтың бірнеше тілімін жеу ағзаңызға дәрі болып сіңеді.
Қоңыр күріш
Қоңыр күріш, сондай-ақ басқа да дәнді тағамдар пайдалы талшыққа бай болып келеді, олар ішектерімізге көмектесіп қана қоймай, c-реактивті ақуыз деңгейін төмендетуге қабілетті. Бұл – ағзада туындайтын кез келген қабыну процесіне жауап беретін бауыр шығаратын зат.
Жүзім
Жүзім мен тұт жемісінде кездесетін ресвератрол заты асқазанның шырышты қабығын тітіркендірмей, қабыну ферменттерін аспирин препараты секілді тиімді түрде тежейді. Сондықтан аспириннің орнына жүзім жеуге әбден болады.
Қызыл шие
Шие мен қызыл шие жемісінде (сонымен қатар таңқурай мен құлпынайда) антоцианиндер деп аталатын химиялық заттар көп. Олар атецилсалицил қышқылы (аспирин) сияқты қабынуға қарсы жақсы әрекет етеді.
Пияз бен сарымсақ
Пияз бен сарымсақ құрамындағы күкірт қосылыстары иммундық жүйені ынталандырады, ал қабынуға қарсы заттар ауырсынуды және ісінуді азайтуға көмектеседі. Сол себепті аналарымыздың «Пияз бен сарымсақты жиі жеу керек» деген сөздері бекер айтылмаған.
Көк шай мен қара шай
Шайдың барлық белгілі пайдалы қасиеттеріне қабынуды азайту және ауырсынуды жеңілдету мүмкіндігін қоссақ, қателеспейміз. Бұл шайлар артрит және басқа да буын аурулары кезінде ем болмақ: шай жапырағы инфузиясына бай антиоксиданттар мен флавоноидтар жасушалардың зақымдалуымен күреседі, осылайша қабынуды азайтады.
Ауыру өмір бойы барлығында жиі кездесетін белгілердің бірі. Ауырсынуды басу үшін адамдар арнайы көптеген ауру мен медициналық процедурамен бірге жүретін ауырсыну мен ыңғайсыздықты жеңілдетуге көмектесетін дәрі ішеді. Дегенмен, кез келген дәрі сияқты, ауырсынуды басатын дәрінің де артықшылығы мен кемшілігі бар.
Ауырсынуды басатын дәріні әрдайым тұтыну иммунитеттің төмендеуіне әкеледі. Ауырсынуға төзудің қажеті жоқ. Егер адамның бір жері ауырса, оның кез келген ақпаратты түсінуі қиындайды. Сондықтан алдымен адамды осы негативтен айырып, содан кейін ғана диалогқа кірісу керек.
Ауырсынуды басатын дәрінің артықшылықтары
Ауырсыну басылады. Ең айқын және маңызды артықшылық. Ауырсынуды басатын дәрілер стоматологиялық мәселеден қатерлі ісікке дейін, жарақаттанудан немесе операциядан кейінгі ыңғайсыздықты жеңуге көмектесіп, әртүрлі аурудан зардап шегетін адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады.
Денеде ауырсынудың көптеген себебі бар. Мысалы, қабыну процесі немесе жарақат. Көбінесе парацетамол, ибупрофен, вольтарен секілді қабынуға қарсы стероидты емес препараттар қолданылады.
Көңіл-күй көтеріледі. Ауырсыну физикалық ыңғайсыздық тудырып қана қоймай, психикалық жағдайға да теріс әсер етеді. Ауырсынуды басатын дәрілер ауырсынуды жеңілдетіп, көңіл-күй мен жалпы әл-ауқатты жақсартады.
Қолжетімді. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар бірінші қатардағы қарапайым дәрілер. Олар салыстырмалы түрде арзан және дәрігердің нұсқауынсыз қолдануға болатындықтан, қолжетімді.
Ауырсынуды басатын дәрінің кемшіліктері
Ұсынылған мөлшерінен көп пайдалану. Әрбір препараттың қабылдау режимі мен максималды рұқсат етілген тәуліктік дозасы бар. Одан асып кетсеңіз, салдары бауыр мен бүйректің зақымдануы сияқты ауыр асқынуға әкеледі.
Сондай-ақ, ауырсынуды басатын дәріні бақылаусыз, ұзақ уақыт қолданар болсаңыз, қан ұюы бұзылып, асқазан-ішек жолында қан кетуге әкелуі мүмкін.
Жанама әсері бар. Ауырсынуды басатын дәрілер жүрек айну, құсу, бас айналу және іш қату сияқты жанама әсер тудырады. Ал кейбір дәрі-дәрмектер жүрек-қан тамырлары және басқа аурулардың даму қаупін арттырады.
Ауырсынуды жәй ғана басады, емдемейді
Егер патологиялық процесс емделмесе, ауырсыну жалғаса береді. Мұндай дәрілер ауруды емдемейді, ауырсынуды тек уақытша басады. Ауруды уақытша басып қою дұыс емес, себеін тауып, оны жою керек.
Сондай-ақ, буын аурулары, жасы ұлғайған сайын пайда болатын буын ауруы әсіресе шеміршектің жоғалуы, буын сұйықтығының азаюы немесе тауысылуы нәтижесінде пайда болады.
Сүйек және буын ауруы үшін табиғи шешім ұсыныстары былай:
1. Массаж жасау:
Сүйек ауруы үшін қолдануға болатын бірінші әдіс әрине массаж. Тиісті ортада дұрыс әдіспен қолданылған массаж арқылы сүйек ауруын жеңілдетуге болады. Сол үшін кейбір өсімдік майларын пайдалану керек. Массаж үшін жаңғақтың майы, кастор бұршағы (үпілмәлік) майы, кокос майы немесе жылқы атбасталшын майы қолайлы. Осы өсімдік майларының арқасында сүйектердегі қан айналымы жылдамдайды және сүйек ауруымен ауыратын адамдар жеңілдейді.
Зәйтүн майы массажы
Күніне екі рет ауыратын буындарыңызға зәйтүн майымен массаж жасаңыз. Массаж аяқталғаннан кейін оны шаймай-ақ теріңізге сіңіріңіз.
2. Жаттығу:
Бұл әдісті үнемі қысқа серуендеу арқылы бастауға болады. Жүзу ауырсынуды басудың тағы бір тиімді әдісі ретінде белгілі. Жеңілден бастап, күнделікті жүйелі түрде жүзу керек. Осылайша, сүйек ауруын жеңілдетуге болады.
3. Зімбір:
Зімбір — ауырсынуды басатын тағамның түрі. Күн сайын бір стақан зімбір шайын тұтыну осы ауырсынуды тудыратын мәселені жеңілдетеді. Сондықтан жиі ішу жақсы болуы мүмкін.
4. Шынар жапырағы:
Шынар жапырақтарын белгілі бір уақыт ішінде ыстық суда басу керек. Ыстық суда біраз уақыт тыныққан жапырақ теріге тиетіндей қылып теріге жағу керек. Әрине жағатын жерді тазалап, кірден арылдыру да маңызды.
5. Куркума емі:
Материалдар
• Жарты шай қасық куркума
• 2 стакан ауыз су
Дайындалуы: Куркуманы суға салып, баяу отта қайнатыңыз. Қайнаған кезде пештен алыңыз. 6-7 минут дәмін алған соң таңертең және кешке 1 стакан ішіңіз.
6. Ананас емі:
Жаңа піскен ананас буын ауруына қарсы ең тиімді жемістер мен табиғи дәрілердің бірі болып табылады. Құрамындағы ферменттің арқасында буындағы қабынуды азайтуға көмектеседі.
Материалдар:
• 2 тілім жаңа піскен ананас
• 1 литр ауыз су
Дайындалуы: Блендерге 2 тілім ананас салып, оған 4 стакан, яғни 1 литр су құйып, 5 минут араластырыңыз. Бұл қоспаны күніне 4 рет ішуіңіз керек. Біткен сайын жаңадан дайындау арқылы жалғастыруыңызға болады.
7. Зәйтүн майы:
Тізе мен буындардың ауырсынуын азайту үшін зәйтүн майын тағамдарда қолдану маңызды. Сондай-ақ таңдағанда зәйтүн майының суық сығымдалған және өңделмеген болуы өте маңызды.
8. Салқын су балықтары:
Туна, лосось, форель және сардина сияқты салқын су балықтары буын ауруларына жақсы әсер ететін омега 3 көп болады.
9. Cүйек сорпасы:
10. Тұтас дәнді дақылдар:
Жоғары талшық пен тұтас дәнді дақылдарды тұтыну керек. Тізе және буын ауруы бар адамдарға бидай, сұлы және қарақұмық дәндерін тұтыну ұсынылады.
11. Жемістер мен көкөністер
Ананас, брокколи, сарымсақ, інжір, жасыл жапырақты көкөністер, анар, тұт, қаражидек, құлпынай, алма, қызылша, қызыл қырыққабат, сәбіз, асқабақ, тәтті картоп және қызанақ тиімді.
12. Жүзім жапырақтары
Кальцийдің тиімді көзі болып табылатын жүзім жапырағының 100 граммында 392 мг. кальций бар. Сондықтан сүйек тіні тұрғысынан өте маңызды бір қоректік көз болып табылады.
13. Розмарин
Қабынуға қарсы тағам ретінде розмарин буындардағы қаттылық пен ісіну сияқты аурулар үшін пайдалы бір тағам.
14. Бадам
Бадам Е дәрумені тұрғысынан бай болып табылады. Құрамындағы қосындылардың арқасында бадам буын ауруы үшін жақсы.
15. Шафран
Шафран буындар мен бұлшықеттегі ауырсынуға өте пайдалы.
16. Қалампыр
Қалампырды тұтыну буын ауруы үшін жақсы деп есептеледі. Қалампырда сонымен қатар буындағы ауырсынудан туындаған шеміршек пен сүйектің зақымдалуын бәсеңдететін маңызды антиоксиданттар бар. Осыған байланысты созылмалы буын ауруы шағымдары бар адамдар үшін өте пайдалы. Буын ауруын азайту үшін күніне ½- мен 1 шай қасық қалампыр тұтынуға болады.