КЕРЕК КЕҢЕС: ДЕЗИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР


Дезинфекция – сыртқы ортадағы патогенді ауру қоздыратын микроорганизмдерді (бактериялар, вирустар, токсиндер мен саңырауқұлақтарды) адам мен жануарларда, өсімдіктерде жоюға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу. Мал шарушылығында – қораларды, көң-қоқысты тазалап отыру, дәнді дақылдарды күнге кептіріп алу және т.б. Қолдану мақсатына қарай залалсыздандыру екі түрге ажыратылады: сақтық (профилактикалық) залалсыздандыру және ошақтық залалсыздандыру (күнделікті немесе ағымдық және қорытынды).
Сақтық залалсыздандыру – алдын-ала тағамдық өнімдерді дайындайтын және сақтайтын жерлерді, малдан алынатын шикізат немесе тағамдық заттар сақтайтын мекемелерді, мал қораларын, астық қоймаларын, емхана және ауруханаларды, әжетханалар мен қоқыс жинайтын орындарды арнайы тәсілдер қолданып өңдеу.
Ошақтық залалсыздандыру – ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру,ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу.
Алдын алу дизенфекциясы деп эпидемиологиялық маңызы бар заттардағы орын алуы мүмкін инфекциялық аурудың қоздырғыштарын кетіруге немесе жоюға арналған шараларды айтады. Алдын алу дезинфекциясы ауру шықпай тұрғанда, оның шығуы мүмкін деген кезде және таратпау мақсатында жасалады.
Стерилизация-медициналық бұйымдар мен дәрілердегі болуы мүмкін микробтар мен спораларды толығымен жою.
Залалсыздандырудың тәсілдері:
Механикалық залалсыздандыруда үй ішін шаңсорғышпен тазалап, сабындап жуып, желдетеді, мал қораны су шашып сыпырады, малдың тұрағының құрал-жабдығын тазартады.
Физикалық залалсыздандыруда ультракүлгін, радиациялық, лазерлік сәулелермен, ультрадыбыспен өңдейді, қайнату, өртеу, бумен немесе ыстық ауамен өңдеу, т.б. пайдаланылады.
Химиялық залалсыздандыруда қышқылдар мен сілтілер,формалин, хлор,хлорлы әк, натрий хлориды, хлорамин, фенол препараттары, тотықтырғыштар, т.б. қолданылады.
Дезинсекция –ауру қоздырғыш-тарын тарататын зиянды жәндіктер-ді жою үшін мал фермаларында, құс фабрикаларында, ет комбинаттарында, қоймаларда, т. б. қолданылатын малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі. Дезинсекцияның мақсаты – ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп — өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық әдістері бар. Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды. Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көңқоқыстан тазартылады. Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ, гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, күкіртті газ, т. б. ) қолданылады. Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық, микроорганизмдер пайдаланылады. Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай жүргізіледі. Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар орындалады. Дезинсекциялық заттарды қолданылу аймағы мен шарттары оның улылығы мен қауіптлік дәрежесі бойынша анықталады.
Дератизация – індет ауруларын тарататын кеміргіштерге (егеуқұйрық, тышқан, т. б. ) қарсы күрес. Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т. б. ) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді.
Дератизация жүргізгенде механикалық (тор, тұзақ, қақпан қою, т. б. ). Биологиялық (ит, мысықпен ұстау, оларды қыратын микробтарды пайдалану). Химиялық (улы зат, газдар пайдалану) әдістері қолданылады. Әдетте улы, еліктіргіш заттар ретінде крысид, цинкфосфид, зоокумарин, дифторан, стрихнин, фторацетамид, күкіртті ангидрид, т. б. пайдаланылады. Дератизация жұмыстарын қалалар мен жергілікті жерлерде арнайы медицмналық мекемелер ( дезостанса), өсімдік қорғау мамандары мен агрономдар атқарады. Дератизация жасалған жерде темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды.
Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу; мал шарушылығында – қораларды, көң-қоқысты тазалап отыру, дәнді дақылдарды күнге кептіріп алу, т.б.
Залалсыздандырудың тәсілдері:
1. Механикалық залалсыздандыруда үй ішін шаңсорғышпен тазалап, сабындап жуып, желдетеді, мал қораны су шашып сыпырады, мал тұрағының құрал-жабдығын тазартады.
2. Физикалық залалсыздандыруда ультракүлгін, радиациялық, лазерлік сәулелермен, ультра дыбыспен өңдейді, қайнату, өртеу, бумен немесе ыстық ауамен өңдеу, т.б. пайдаланылады.
3.Химиялық залалсыздандыруда қышқылдар мен сілтілер, формалин, хлор, хлорлы әк, натрий хлориді, хлорамин, фенол препараттары, тотықтырғыштар, т.б. қолданылады.
Мал шаруашылығында қораларды, топырақты, суды, жиналған садыраны, көңді, өсімдік шаруашылығында тұқымды, екпе көшеттерді, топырақты, қоймаларды, т.б. залалсыздандырады. Мал қораларын залалсыздандыру:
1) шаруашылық жұқпалы аурудан аман болған жағдайда – малды жайылымға шығарған соң, көктемде;
2) мал қолға қарайтын кезде – күзде жүргізіледі. Залалсыздандыру шараларының көлемі, қолдану тәсілдері және тиісті дезинфекциялық ерітінділерді таңдап алу жұқпалы аурудың берілу механизміне, қоздырғыштың төзімділігіне, өңдеуге алынған заттардың қасиетіне және санына, тұрғын үй мен мал қораның көлеміне қарай таңдап алынады. Залалсыздандыру жұмыстарын келісімшарт бойынша санитарлық-эпидемиологиялық немесе дезинфекциялық станциялардың қызметкерлері атқарады.
Байзақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Сіздерді хабардар етеді. Ауданның сауда желілерінде сатуға шектеу қойылмаған дезинсекция (инсектицидтер, акарицидтер, инсектоакарицидтер) дезинфекция және дератизация құралдары орналасқан. Көрсетілген құралдар құрамында қауіптілігі 3-4 сыныптағы химиялық заттар болуы мүмкін және қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда адам денсаулығы мен қоршаған ортаға елеулі зиян келтіруі мүмкін.Уланудың алдын алу және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтау мақсатында:
1.Пәтерлерді дезинсекциялық, дератизациялық және дезинфекциялық өңдеуді дербес жүргізуге болмайды. Осы мақсаттар үшін қажетті жабдықтары мен жеке қорғаныс құралдары бар мамандандырылған ұйымдарды тарту қажет.
2. Пәтерді өңдеуден бұрын көршілес пәтер тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі мен өткізу уақыты туралы хабардар ету қажет.
3. Дезинсекциялау, дератизациялау және дезинфекциялау құралдарын қолданбастан бұрын олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұрату, сондай-ақ, көрсетілген орталардың қаптамасының таңбалануын зерттеу.
Мәлімет үшін: міндетті мемлекеттік тіркелімге жататын дезинсекция, дератизация және дезинфекция құралдары Мемлекеттік тіркеу туралы барлық тіркелген куәліктер «Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімі» базасында бар және http://www.eurasiancommission.org/ сайтында орналасқан.
Құралдардың қаптамасына салынған таңбалауда мынадай ақпарат болуы тиіс: құралдың атауы, оның қолданылуы, салмағы (көлемі), дайындаушының атауы және мекен-жайы (басқа мемлекеттің аумағында дайындалған жағдайда ҚР аумағындағы наразылықты қабылдайтын уәкілетті тұлға көрсетіледі), негізгі сақтық ережелерінің қолданылуы. Сондай-ақ, таңбалауда мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі.
Қауіпсіздік техникасы мен құралдарды жүргізу ережелерін бұзу адамның денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екендігін есте сақтау маңызды.
Егер, пәтерлерді өңдеу тұрғындарды қауіпсіздік шаралары туралы хабардар етпей жүргізілсе, учаскелік инспекторды шақыру керек, иістер пайда болған кезде ТЖ қызметін шақыру керек. Бірінші симптомдар пайда болған кезде дереу дәрігерге бару керек.
А.РАХИМБАЕВА,
Сауран аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы