Қазіргі таңда медициналық технологиялардың қолжетімділігі – заманауи үдерістердің біріне баланады. Медициналық технологиялар — бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау саласы үшін ортақ мәселе. Оның игілікке айналуы – өміріміздің ажырамас бөлігі ретінде ғана емес, сондай-ақ әлемдік алға жылжудың қажетті шарты ретінде қабылданады. Алайда, өзгермелі әлемде жағымды жаңалықтар мен қателіктерді де, қатар жүретін қауіп-қатерлерді де назардан тыс қалдырмауымыз керек. Сол жағымды жаңалықтарды Сауран ауданы тұрғындары да күнделікті өмірге енгізіп, сонымен қатар қателіктерді басынан кешіріп жатқаны жасырын емес.
Осыған орай ғылым мен техникалық прогрестің арқасында бұрынғыдан да нәтижелі емдеу тәсілдері арқылы халық денсаулығын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар үнемі пайда болып отырады. Денсаулық сақтау саласына жалпы биологиядағы, әсіресе, медицинадағы тың идеялар мен технологиялық жаңалықтар өзінің оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Бірақ технологиялық жаңалықтардың бәрі де денсаулық сақтауда оң нәтиже бере бермейді.
МТБ жүйелі үдеріс және денсаулық сақтаудағы шешім қабылдау институты ретінде өткен ғасырдың 80-жылдары Еуропада басталып, кейін Канада, АҚШ, Австралия, Азия және тағы басқа елдерге таралды. МТБ мақсаты — медициналық технологияларға қатысты мәселелерді ескере отырып, шешім қабылдау үдерісі мен денсаулық сақтау саясатын қалыптастыруға көмектесу. МТБ технологияларды денсаулық сақтауда қолданудың денсаулыққа әсері мен жалпы нәтижелерін зерттеуге негізделген. Еуропаның көптеген елдері оның қауіпсіз және нәтижелі медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етудегі мүмкіндіктерін мойындап, оған деген қызығушылық өсуде.