НҰР ЖАУҒЫЗҒАН ӘЗ НАУРЫЗ!


Ұлыстың ұлы күні Әз Наурыз мерекесі бүгін «Жеңіс саябағында» осындай тақырыппен жалғасын тапты. Ауа райының бұлттанып, жаңбырдың себелегенін де елең етпеген қала тұрғындары жас- кәрісі қалмай саябақтағы мерекеге орай арнайы жасақталған сахна алдына жайғасып, қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары, мектеп оқушылары, бала бақша түлектері мен ақ кимешекті әжелер күшімен дайындалған концертті тамашалады.

Мерекелік жиында қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев сөз сөйлеп, игі тілектерін білдірді.
Бүгінгі сән әлемінің ханшайымы Аида Кауменованың ұлттық нақыштағы сән үлгілері көрсетіліп, көпшілік жылы қабылдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы