САУРАН: АДАМ ӨМІРІНЕ АРАША БОЛҒАН АҚ ХАЛАТТЫ АРУ


Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейтіні белгілі. Жалпы дәрігер болғысы келетін жандар көп екендігі айтпаса да түсінікті, алайда екінің бірі дәрігер бола алмайды. Бүгінгі Сауран ауданы жұртшылығына таныстыратын тағы бір медицина саласының маманы — Нұрбекова Айгерім Файзуллақызы 1990 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 160 жалпы орта білім беретін мекемесінде 11 сыныпты аяқтап шыққан маман, 2007 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетіне медицина факультетіне оқуға түскен. 2014 жылы «жалпы медицина» мамандығын аяқтап шыққан. Әлемнің көптеген елдерінде жергілікті билік органдарының дәрігердің қызметіне рұқсаты немесе тиісті біліктілігі талап етіледі. Дәрiгердiң мiндеттерi: шұғыл дәрiгерлiк көмектi қамтамасыз ету, емдеу және оңалту шараларын тиiстi бiлiктiлiк талабының көлемiнде жүргiзу, пациенттердi уақтылы госпиталдауды және мамандардың консультациясын берудi қамтамасыз ету, жалпы дәрiгерлiк практика/отбасылық медицина жағдайында пациенттердi сапалы тексеру және қажет болған жағдайда тиiстi диагностикалық зерттеуге жiберу, иммундық профилактика жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу, тiркелген халықтың денсаулығының жай-күйiн динамикалық қадағалау, отбасында баланы тамақтандыру, тәрбиелеу, оларды мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне, мектепке даярлау мәселелерi бойынша, консультативтiк көмек көрсету және бағдарлау жұмыстарын жүргiзу, үй стационарында және күндiзгi стационарда медициналық қызмет қөрсету.
Жалпы еңбек өтілі 8 жыл. Кейіпкердің айтуынша, ол бұл мамандықты яғни дәрігер болуды бала кезінен бастап армандаған. 11 сыныпта таңдау мүмкіндігі болғанда, маман еш ойланбастан осы мамандықты таңдаймын деп шешім қабылдап, таңдау пәніне биология және химия пәндерін таңдаған екен. Тіпті ең қызығы маман медицина саласында қызмет атқармаса, басқа қандай салада қызмет атқаруы мүмкін екенін де елестетіп көрмеген екен.
Қазіргі таңдағы медицина жүйесінде жаңа технологиялар шығып жатыр дейді маман. Тіпті телефон арқылы алдын ала жазылу арқылы халық келіп кезекке тұрмайды, соның арқасында дау-дамайлар азайғанын айтады. Сонымен қатар адамдардың ауру тұстарын тексеру бұрынғыға қарағанда жеңілдеп, олардың да жұмысы жеңілдегенін баса айтты.
Кез келген елдің жоғары деңгейде өркендеп дамуының басты алғышарттарының бірі – халқының мықты денсаулығы. Міне, сөйтіп, еліміздің клиникаларында әлемнің ең дамыған елдеріндегі озық медициналық орталықтарда ғана жасалатын операциялар жасалып, адам өмірін арашалап қалудың мүмкіндіктері артты. Бүгінгі шынайы өмір жағ-дайы көрсетіп отырғанындай, Тәуелсіз¬дігіміздің 33 жылы ішін¬де Қазақ¬станда денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып, ерекше жетіс¬тіктерге қол жеткізді. Бұл айтыл¬ған¬дардың жалаң сөз емес екен¬дігін дәлелдеу үшін нақты дерек¬терге кезек беріп көрейік.
Дәрігерлер бұл жедел жәрдем көліктерімен жұмыс істегенді ұнатады. Негізгі мақсат – зардап шеккендерге, сондай-ақ үйге қоңырау шалған науқастарға көмек көрсету:
жүрек-қантамырлар және қозғалтқыш жүйелерінің ауруларымен;
сүйек аурулары;
құрсақ және кеуде қуысы мүшелерінің жарақаттары;
жүйке жүйесінің, көздің, мұрынның, тірек-қимыл аппаратының, құлақтың, тамақтың жарақаттары үшін;
ауыр интоксикация;
термиялық зақымданулар;
инфекциялық және психикалық аурулар;
акушерлік-гинекологиялық патология.
Абай хакімнің даналығына жіті үңілсек, әлемді ең әуелі махаббат пен мейірім құт-қаратынын аңғарар едік. «Әлемді сұ¬лу¬лық құтқарады» дейді Достоевский. Осы сұлулықтың негізі де махаббат пен мей¬ірімде жатыр. Мейірбандық болмаса жан сұлулығы жайында айтып та қа¬жет емес. Сөйтіп әлемді мейірім құт¬қа¬рады десек, бұл арадағы әлеміміз – ада¬мзат. Ал адамзатты түрлі бәле-ба¬ты𬬬лардан, кесір-кесапаттан, әсіресе ау¬ру-сырқаудан Алладан кейінгі басты қор¬ғау¬шы құтқарушылардың бірегейі медицина екені аян.
Иә, медицина ықылым замандардан бері мейірімге, ізгілікке, жанашырлыққа негізделген. Адамға деген алғаусыз қамқоршылдық, риясыз жана¬шыр¬лық болмаған жерде Гиппократ антымен асқақтатылған, шын мәнісіндегі толыққанды, мерейлі медицина да болады деп айта алмас едік. Сонымен біздің де, жалпы жұрттың да пайымында медицина мен мейірім егіз ұғым саналса, мұның өзі өмірдің өзінен туындап жатқан шынайы ақиқат екені де ешбір шүбәсіз. Сонау бала кезімізден дәрігер бейнесі қиялымызда, көз алдымызда ақ желеңді абзал жан, адам жанының арашашысы болып елестейтін. Қазір де солай. Өз маман¬ды¬ғы¬на ынты-шынтымен берілген, антына адал¬дық¬пен алғыс арқалаған, халыққа қызмет етіп жүрген, өзіміз танитын немесе сырттай есі¬міне қанық тамаша дәрігерлерді ондап, жүздеп келтіруге болады. Бұл жұмыс түрі өте маңызды. Шын мәнінде, жақсы дәрігер жабырқап келген жанның көңілін тауып, онымен әңгімелесіп, жағдайын да зерделей білуі керек. Сол кезде ғана емдеу процесі оң нәтижесін беретінін Нұрбекова Айгерім да жақсы біледі.
Дәрігерді тұрғындар зор қуанышпен қарсы алады. Себебі, білікті маман, жақсы адам айналасына әрдайым сыйлы, құрметті. Осындай сыйластыққа, құрметке бөленіп жүрген дәрігер де бақытты болмақ. Өйткені, ол адамның жүрегіне жол таба білген жан.
Дәрігердің өмірлік ұстанымы – зейнеткерлік жасқа жетіп, одан әрі қарай да күш-жігерін халықтың денсаулығын түзетуге арнау. Өзін жақсы көретін тұрғындармен, ұжыммен бірге болу. Біліктілігін жастарға жол көрсетуге арнап, тәжірибесімен бөлісіп отыруды жөн санайды.
«Біздің кезімізде кітапханадан кітапханаға барып, ізденіп, тәжірибелі мұғалімдермен араласып, білмегенімізді сұрастырып оқитын едік. Ал, қазір интернет деген шыққан. Онымен қалай оқитынын, қалай білім алатынын білмедім. Практикалық, теориялық білім бар еді. Көзбен көріп, қолмен ұстап білімді жинақтау арқылы көп нәрсе есте қалатын. Жас дәрігерлер білмегенін сұрастырып, адамдармен араласып, жақсы жағынан көріне білсе, жақсы маман болып қалыптасады деп ойлаймын.
Ерінбей, ізденіп, тәжірибе алмаса білу керек. Ең бастысы, кішіпейіл, қарапайым, адами жоғары қасиеттерге ие болса, жақсы дәрігердің қатарынан көрінеді деп сенемін», – дейді ол. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған. Дәрігердің еңбегі бағаланғаны – өзіне мәртебе, әрі қарай да оған рухани жігер мен күш беретін сенім.
Дәрiгердiң мiндеттерi: шұғыл дәрiгерлiк көмектi қамтамасыз ету, емдеу және оңалту шараларын тиiстi бiлiктiлiк талабының көлемiнде жүргiзу, пациенттердi уақтылы госпиталдауды және мамандардың консультациясын берудi қамтамасыз ету, жалпы дәрiгерлiк практика/отбасылық медицина жағдайында пациенттердi сапалы тексеру және қажет болған жағдайда тиiстi диагностикалық зерттеуге жiберу, иммундық профилактика жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу.
Маманның айтуынша медицина саласында «пациент кабинетке кіріп келе жатқаннан, алдыңыздағы орындыққа отырғанға дейін науқасқа 50 пайыз диогназ қойып үлгеру қажет» екен. Бұл жерде медицина мамандарының өте қырағы және білікті болу керек екенін аңғаруға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы