САУРАН: АЛТЫН ДӘРІГЕР!


Қазақстанда жыл сайын медицина қызметкерлерінің күні маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтіледі.Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Дегенмен денсаулығымыз сыр беріп, жанымыз қысылғанда көмек қолын созуға қашанда дайын тұратын дəрігерлерді əрдайым дəріптеуіміз керек. Рахмет сізге, дәрігер!
Мереке қарсаңында біз дәстүр бойынша оқырман-дарымызға Түркістан облысы, Сауран ауданы медицина саласының дамуына көп жыл-дар бойы үлес қосып келе жатқан дәрігер туралы мақала ұсынамыз. Сауран ауданы Оранғай ауылы-ның халқының сүйікті дәрігері – бұл адам бойын-дағы бүкіл ауруларын зерттеуге және емдеуге маманданған адам. Әсіресе өскелең жас ұрпақ, болашағымыз, яғни балаларымыздың денсаулығы деген сөз . Сондықтан осы салада жұмыс істейтін дәрігердің терең білімі мен ерекше дағдылары болуы керек. Сауран ауданы аумағындағы осындай маман иесі – Абдужаббаров Абдикадир Абдугаппарұлы халықтың сүйікті дәрігері.
Абдукадир Абдугаппарұлы 1963 жылы Оранғай ауылында қарапайым мұғалім отбасында дүниеге келген. Сол жерде орта мектепті бітірді. 1980 жылы Самарқанд мемлекеттік медициналық институтына «Педиатрия» мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқуды бітірген соң 1987 жылы Жизах қаласына жұмысқа келді. 1989 жылы туған ауылы Оранғайға оралып ауылдық амбулаториясына педиатр дәрігер болып орналасты. одан кейін лор-дәрігер болып жұмыс істеді. Оның осы күнге дейін 34 жылдық еңбек өтілі қалыптасты. 1999-2005 жылдар аралығында Оранғай ауылдық амбулаториясының бас дәрігері қызметін атқарды. Абдукадир Абдугаппарұлы 2002 жылы Оранғай ауылдық емханасы болып қайта ашылуына көп еңбек сіңірген азамат. Абдукадир Абдугаппарұлы жоғары санаттағы дәрігер ғана емес, сонымен бірге қолы ашық, жүрегі мейірімді қызметкер. Абдукадир ағаның еңбегі лайықты бағаланды. Көпжылдық адал еңбегі мен жұмыстағы кәсібилігі үшін «Белсенді қоғамдық қызметі үшін!» медалімен марапатталған, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі алғыс хатымен, ОҚО денсаулық сақтау департаменті Құрмет грамоталарын, аудан әкімінің Алғыс хаттарын, аудандық ауруханадан көптеген грамоталар алған. Бірақ ең басты марапат – әріптестердің құрметі мен халықтың алғысы.
Абдукадир аға медицинаға өз қалауымен келгенін айтады. Оның үстіне, оның бірге туған бауырлары дерлік дәрігерлер. Туған інісі Абдуғани ауыл емханасында жалпы тәжірибелі дәрігер, қарындасы Мубарак Кентау қаласында медбике, інілері Абдулла Алматы қаласында, Ибрахим Шымкент қаласында, Сабыр Астана қаласында дәрігер қызметін атқарып келеді.Әйелімен бірге олар 4 бала тәрбиелеп өсірді. Үлкен ұлы Султанмурат қазіргі уақытта фельдшер болып жұмыс атқаруда.
Абдукадир Абдугаппарұлы «Болашақ дәрігерлер қандай болуы керек?» деген сұраққа өз ойын білдірді.
– Адамға ең алдымен тәртіп керек. Маман ретінде ол өз саласында жеткілікті білімге ие болуы керек және өзінің әрбір емделушісі үшін жауапты екенін түсінуі қажет. Психологтың әр науқасқа жеке көзқарасы кедергі болмайды. Мен де әріптестерімді кәсіби мерекемізбен құттықтағым келеді. Ерен еңбектеріңіз әрқашан бағаланып, құрметтеліп, халық сіздерге сенім артып, әрқашан алғысқа бөленіп, ешқашан мойымай, алға қойған мақсаттарыңызға жетулеріңізді тілеймін. — Қымбатты әріптестер! Кәсіби мерекеміз құтты болсын! Біз бір-бірімізді түсінгендей пациенттер де бізді түсінсе екен деймін. Біз қиын әрі маңызды жолды таңдадық. Ақ халаттылар тек ізеттілікпен, сыйластықпен, жауаптылықпен, тектілікпен астасып жатқандай. Әрқайсыңыз абыроймен жұмыс істеп жүре беріңіздер. Ал болашақ дәрігерлерге айтарым – шыдамдылық танытып, өз мамандығыңыздың қыр-сырын табандылықпен түсініңіз. Бұл оңай емес, бірақ қолға алсаңыз, адамдарға ең қымбаты – денсаулық сыйлай аласыз, – деді Абдукадир аға әңгіме соңында.
Ф.БАЙМЕТОВ,
Оранғай ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы