Ана денсаулығы – ұлт саулығы. Мемлекетіміз үшін ана мен бала денсаулығы, олардың өмірі қашан да бірінші орында. Ана мен баланы қорғау кез келген мемлекеттің ішкі саясатының басым бағыты ретінде қарастырылады. Осыған байланысты бүкіл республикада және Сауран ауданында әлеуметтік қамсыздандыруға, тегін білім беруге және бала денсаулығын дамытуға жағдай жасалуда.
Ана мен бала құқығын қорғау – Қазақстан үшін қашанда аса маңызды басымдыққа ие. Себебі, мемлекеттің ең басты қазынасы – адам екендігі Қонституцияда анық жазылған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында ана мен бала мәселесі назардан тыс қалған емес.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында: «2024 жылдан бастап ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының тең жартысы 18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шоттарына аударылып отырады» деп атап көрсетті.
Ендігі бір проблема – нәрестелердің перинаталды өлімі мен олардың аналарының босануы салдарынан өлімге жиі ұшырауы болып отыр. Оның негізгі себебі, ең алдымен әйелдердің денсаулығының нашарлығына, әртүрлі аурулармен жиі ауыратындығына байланысты. Содан кейінгі бір себеп – ауыл тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс жағдайының нашарлап, көпшілік отбасы мүшелерінің жұмыссыз қалуы. Сондай-ақ, экологиялық зиянды факторлардың да ана мен бала организміне тигізер зардабы орасан.
Ана мен бала денсаулығын қорғау біздің мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тікелей назарында болуға тиіс. Яғни ана мен баланы әлеуметтік тұрғыдан қорғауда олардың денсаулығына айрықша көңіл бөлуіміз керек. Себебі, дүниеге сау ұрпақ алып келу үшін әуелі ананың денсаулығы мықты болуы шарт.
Жалпы балалардың денсаулығы, білім және әлеуметтік қамсыздандыру мәселесінен тыс, балалардың құқығын қорғау жағдайы да арнайы қарастыруды қажет етеді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, бос уақытын тиімді пайдалану, білім алу және балалардың құқықтарын қорғау тікелей жергілікті атқарушы органдардың құзырында.
Бүгінде елімізде денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарлама аясында ана мен балаға денсаулығын қорғау сапасын арттыру мақсатында бірқаатр шаралар атқарылуда. Әсіресе републикамыңздың әр өңірлерінде акушер-гинекологтардың біліктілігін артыру бойынша семинарлар өткізілуде. Мамандар тиісті тәжірибе алып, білімін толықтырып отырады. Дәрігерлердің білімін жетілдіру, жергілікті аналар мен нәрестелердің денсаулығына байланысты мәселелерге көңіл бөлу мақстаныда жасалуда.
Өірлердегі қыз-келіншектер бала өмірге әкелгенде жас арақашықтығына көп көңіл бөлмей жатады, яғни ананың ағзасы толықтай қалыптасып үлгермей жатып екінші баласын көтеріп қоятын жағдайлар жиі кездеседі. Оның өзі баланың денсаулығына әсер етеді. Өмірге бала әкелетін жастағы аналардың көпшілігі қан аздығына шалдыққандар. Аналардың денсаулығының нашарлығынан ағзалары жан-жақты жетілмеген, аурушаң, әлсіз сәбилер дүниеге келетіні жасырын емес.Сондықтан да жергілікті дәрігерлерге жоғарыда атап өткен сырқаты бар әйелдерді жүктілікке қалай дайындау керектігін үйретіп, тәжірибелі дәрігер ретінде кеңесін айтты.
Еліміздің қылмыстық кодексіне егізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға медициналық құқық бұзушылық деген тарау енгізілгені белгілі. Басты мақсат ана мен бала денсаулығын қорғауды күшейту.
Медициналық құқықбұзушылық туралы арнайы тарау өз кезегінде медициналық құқықбұзушылық, оның ішінде заңсыз аборт жасау, заңсыз фармацевтикалық қызметпен айналысу, дәрілік заттарды фальсификациялау сияқты қылымыстық істерге қылмыстық жаза қолдануды көздейді. Сондай-ак, бұл тарауды кодекске енгізу арқылы Елбасының «Қазақстан 2050 стратегиясында» ана мен бала денсаулығын қорғау, ана мен бала денсаулығына қарсы қылмыстык құқықбұзушылық үшін жауаптылықты арттыру көзделген. Медициналық құқықбұзушылық
Онда заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есiрткi немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау, Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу мәселесінен бөлек заңсыз түсік жасау мәселесі де ерекше қадағаланады. Тиiстi бейіндегі жоғары медициналық бiлiмi жоқ адамның түсік жасауы — екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал егер тиiстi бейіндегі жоғары медициналық бiлiмi бар адамның заңсыз түсік жасауы –белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бұл өз кезегінде ана мен бала денсаулығын қорғауды күшейтеді.
Ана мен бала денсаулығы медицина саласының ең өзекті әрі көкейкесті мәселесі екені анық. Ұлт байлығы десе де артық емес. Халқымыздың баянды болашағы, мемлекетіміздің ертеңгі жарқын күні бұл ана мен бала денсаулығының қандай болмағына тікелей байланысты.
Бала денсаулығы бүгінде мектеп тіпті балабақша аумағында да жіті бақыланады. Жыл бойы балаларға сауықтыру мен шынықтыру жүргізіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар әсіресе күз, қыз мезгілдерінде суық тиген аурулармен аурады. Бұл балалардың ағзасына теріс ықпалын тигізіп, кейде созылмалы сырқатқа айналуы ықтимал. Осындай дерттің алдын алу үшін және сақтанудың негізгі жолы табиғи сауықтыру факторлары. Ауа, су, күннің көзін мақсатты түрде пайдалану, бала бойынша өзгерістерді жағдайларға төселген реакциялардың қалыптасуына көмектеседі, яғни оның ағзасын шынықтырады.
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін ата-аналар мен бірге балалар дәрігері де жауапты.
Кішкентай бүлдіршіндердің жауапкершілікті сезіне жүріп жасаған әрбір іс-әрекеті арқылы олардың ептілікке , жылдамдыққа, шыдамдылыққа және батылдыққа тәрбиеленіп келе жатқандығын айқындай түсе, балалардың бір-біріне деген жанашырлығы, көмек қолын созуы олардың адами асыл қасиетті бойларына сіңіріп өсуде екендігін көрсетеді.
Сауықтыру жұмыстарының дәстүрлі емес түрлері кеңінен қолданады. Олар: жазғықұмда жаланаяқ жүру, суық сумен су құю, нүктелі төсеніштермен жүру. Қыс мезгілінде таза ауада серундеу, шаңамен сырғанау, шаңғы тебу адам ағзасының жұқпалы аурулар мен суыққа төзімділігі мен қарсылығын арттыратыны анықталған. Қысқы ойын түрлерінен спорттық жарыстар, мерекелік шаралар ұйымдастыру балалар бойына қуанышты көңіл күй сыйлайды. Алдымен балалар ойнайтын ойын аланың өздеріне жақсы таныс жануарлардың, ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерін жасап мерекеге сай безендіріп, жолдарды қардан тазартуға белсене қатысып, сол күннен бастап мерекелік көңіл күйде жүреді. Сондықтан да дене шынықтырудан қызықты қысқы жарыстар көбірек ұйымдастыру , жоспарлау, балалардың ойынға деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Ойынның балаға тигізер әсерін мынадай ұшқыр ойымен түйіндеуге болады: «Ойын- өсіп келе жатқан бала организімінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шындала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі , тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі.