Бұған дейін ақпараттық сайтымыз арқылы Сауран ауданының тұрғындарына танымдық мақалалар ұсынған едік. Бұл жолы оқырмандар назарына дерматомикоз ауруы туралы мамандар кеңесін ұсынамыз.
Дерматомикоз – бұл микроскопиялық саңырауқұлақтар тудыратын адам және жануарлардың жұқпалы тері ауруы. Дерматомикоз – шашты, теріні, тырнақты, аяқты, шаптың маңайындағы теріні және бетті зақымдайтын микозды жұқпалы ауру. Аурудың көзі — осы жұқпамен ауырған жануарлар (ит,мысық, төрт түлік мал) немесе орта және кіші жастағы науқас балалар болып есептеледі. Аурудың белгілері көбіне, денеде, бастың шаш бөлігінде, тырнақта пайда болуы мүмкін, ауру біртіндеген қызғыш немесе қызарған дақтардың пайда болуынан басталып, одан әрі көптеген ошақтарға айналады.Науқас адам немесе жануармен тікелей қарым –қатынаста болған жағдайда жұғады, сонымен қатар, науқас адамның заттарын (киім, бас киім, тарақ, қайшы, төсек жабдықтары) қолданған кезде жұғады. Ауру лабораториялық тәсілмен анықталады. Аурудың әрбір тіркелген жағдайында үй ошағында күнделікті дезинфекция жүргізілуі керек, толық емделіп болғаннан кейін дезстанция қызметкерлерімен қорытынды дезинфекция жүргізіледі.Дерматомикоз ауруымен ауырмау үшін не істеу керек немесе алдын алу шаралары:
Жеке бас гигиена ережелерін сақтау (моншада жуынатын заттарды дезинфекциялау, отбасының әрбір мүшесінде жеке бас гигиенасына арналған заттардың болуы.
Бассейндерде, моншаларда, жағажайда резенке аяқ киімдерді пайдалану.
Қоғамдық орындарда болғаннан соң, қолды сабынмен мұқият жуу.
Қаңғыбас иттермен қарым – қатынаста болмау. Үй жануарларын ветеринарлық дәрігерге уақытылы көрсету.
Дерматофития – шашты, теріні, тырнақты, аяқты, шаптың маңайындағы теріні және бетті зақымдайтын микозды жұқпа. Ол халық арасында «Теміреткі» деген атпен белгілі. Терінің микозды ауруы (микоздар немесе дерматофития) – адамның терісіне ауру тудыратын микроскопиялық саңырауқұлақтардың енуінен пайда болатын жұқпалы ауру. Олар табиғатта кең таралған. Қазіргі уақытта адам терісінің жұқпалы ауруын тудыратын 500 түрі белгілі. Ауру тудыратын саңырауқұлақтар теріге басқа да жұқпалардың енуіне жол ашады және аллергиялық аурулардың негізгі себептерінің бірі болып табы¬ла-ды. Адамдар мен жануарлардың дерма¬томикоздары ветеринарлық және әлеуметтік-медициналық ең өзекті мәселе. Қазіргі уақытта бұл мәселеге ерекше көңіл аударылуының себебі – жұқпа¬ның өте жылдам жұғуына және таралуына байланысты. Дерма¬томикоздармен көбінесе балалар ауыра¬ды, аурушаңдық деңгейі жылдың күз-қыс мезгілдерінде көтеріледі.Ауру көздері науқас адамдар және үй жануар¬лары болып табылады (ірі қара малдар, мысықтар, иттер). Теміреткі ауырған үй жануарларынан және ауру қоздырғышымен залалданған әртүрлі қоршаған ортадағы заттардан жұғады. Үй жануарларын лас, қараңғы, тар қораларда ұстағанда олардың арасында дерматомикоз ауруы кең таралады. Ауру қоздырғыштары жануарлардың жүндерімен, тері қабыршақтарымен қора-жайдың еденіне, қабырғасына, төсемшелеріне, малдардың күндізгі тұрағына түседі. Мысықтар ауырмаса да жүн¬дерімен микоздың қоздырғыштарын үйге әкеледі.
Жұғу жолдары:
– Қатынастық-темірет¬кі¬нің қоздырғыштарын жұқтырған науқас¬тардың тері қабыршақтары, шаштары, жануарлардың жүндері арқылы жұғады;
– Тұрмыстық-теміреткінің қоздыр¬ғыштарымен залалданған науқастардың бас киімдері, төсек жамылғылары, тарақтары, қайшылары және қолда¬ныстағы тағы да басқа заттары жұғады.
Дерматомикоздарды немесе темірет¬кіні жұқтырмау үшін:
– Үй жануарларын ұстағаннан кейін қолды мұқият сабындап жуыңыздар;
– Сүлгі мен жамылғыларын жиі-жиі жуып,үтіктеп отырыңыздар;
– Тарақтарыңызды үнемі таза ұс¬тап, іш және бас киімдеріңізді, тарақ¬тарыңызды басқа адамдардың пайда¬лануларына жол бермеңіздер.
– Шаштаразға, спорт залына барған¬нан кейін міндетті түрде душ қабылдап немесе моншаға түсіңіздер;
– Дерматомикозбен ауырған үй жануар¬ларын далаға тастамаңыздар;
– Балаларыңыздың кезбе иттермен және мысықтармен ойнауларына жол бермеңіздер;
– Мысықты немесе итті асырауға алу алдында, оларды аумақтық ветери¬нарлық дәрігерге тексертіп, дерма¬томикозға қарсы вакцина салдырып алыңыздар.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда өздіктеріңізден ем қолданбай бірден дәрігерге қаралыңыздар.
Б.ӘБДІКЕРІМ,
Сауран аудандық СЭББ бас маманы.