САУРАН: АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН


Дәрігердің ең сенімді көмекшісі бұл- мейірбике. Мейірбике білім мен шеберлігі бар, науқастың күтіміне жауапты маман саналады. Науқасты емдеуде мейірбикелердің орны ерекше. Алдына үмітпен барған емделушіге мейріммен қарап, емін жасап, алғысқа бөленген жан.
Осындай қыйындығы мол мамандықты игеріп келе жатқан, ақ халатты абзал жан-Абдурасулова Барно Икрамқызы. Абдурасулова Барна 1969 жылы 5 қыркүйекте Жүйнек ауылында дүниеге келген. Түркістан медициналық училищесінде 1986-1988 жылдары оқып білім алған.
1988 жылы Кентау аймақтық емханасында балалар мейірбикесі болып жұмысқа орналасады. Отбасын құруына байланысты жұмыс орнын өзгертеді.
1988 жылы Шорнақ елді мекеніндегі емханаға фельдшерлік қызметіне ауысады. Қазргі таңда дәрігер неврапатологтың сенімді көмекшісі.
Бүгінгі күнде бір отбасының аяулы әжесі, сүйікті жары. Жолдасы Розметов Артықбай мен үш қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірген. Перзенттеріде жоғары оқу орындарын бітіріп, екі қызы ұстаздық жолын таңдап, жас бүлдіршіндерге білім беруде. Кіші қызы анасының ізін жалғап мейірбике қызметін атқаруда.
Барно Абдурасулованы медицина қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасына амандық, деніне саулық, жұмысына табыс тілейміз.
Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын сөзып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, ақ халатты періштедей, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, науқастың көңілін көтеріп емдей білген сіздей ақ халатты абзал жандар көп болсын.
Нулифар АБДУВАХАПОВА,
Аша ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы