Ең маңызды да, мерейлі мамандықтардың бірі — дәрігер. «Ақ халатты абзал жан» — деген теңеу де осының айғағы. Саналы ғұмырын медицинаға арнаған сондай апаларымыздың бірі — Тәтішова Нарпатша. Әкесі қарапайым жұмысшы, анасы мұғалім, отбасында өзі он үш баланың үлкені. Батыр анамыз, ұстаз Жаппарова Аят апамыздың тұңғышы 1949 жылы 1-қаңтарда Бабайқорған ауыл окрүгі, Серт ауылында дүниеге келген. Серт мектебінде 7-сыныпты бітіріп (сол уақытта ауыл мектебі 7-сыныпқа дейін еді), 1964 жылдары Түркістандағы медицина училищесіне оқуға түсіп, сол уақыттарда Түркістан медицина училищесінің алғашқы түлектері болатын. 1967 жылдары «Фельдшерлік» мамандық бойынша бітіріп, Түркістан медицина орталығының басшысы Ю.С.Ходжаевтың ұсынуымен, 1967 жылы ауылға, Бабайқорған окрүгі, Серт ауылына «Фельдшерский пунктқа» меңгеруші болып қызметке келеді. Еңбек ете жүріп ауылдағы қаншама аналарымызды үйінде босанғанында қасында қызметін атқарып, ерлік көрсете білді. Науқастың дертіне дауа, сырқатына шипа табылып, айығып кетуіне куә болудың өзі бір бақыт — деп апамыз айтқандай, 1971 жылға дейін Серт ауылында қызмет жасап жүріп отбасылық жағдайына байланысты Кентау қаласындағы «Гулнара» әлеуметтік балабақшасында және «Бөбекжай», «Қамқор» т .б. балабақшаларында жоғары дәрежелі дәрігер ретінде ауысады. Балабақшаларда диетолог мамандығын қоса алып қызметте болады, 280-300-ге жуық балалардың жауапкершілігін қолға алып қызмет жасаған Нарпатша апамыздың ерлігін қазіргі жастарға насихаттау міндетіміз. 2003 жылы бала санымен зейнетке шығып, тағыда қажет маман ретінде 2012 жылға дейін қызмет жасап, зейнеткерлікке шығады. Тәтішова Нарпатша қажы апамыз 46 жыл еңбек еткен ардақты ақ халатты абзал жан. Маусым айында, өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтетін, Қазақстан Республикасы Медицина қызметкерлері күнімен құттықтап арамызда, немерелерінің рахатын көріп, асыл ана, арадақты әже болып, жастарға өз білгенін үйретуден шаршамай, жүз жасасын деп ізгі тілек білдіремін. Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымызды білдіре отырып, еңбегіңіз халыққа қуаныш сыйлағаны, Серт ауылымыздың құрметті дәрігері – «Құмайлықас құрметтісі» ретінде, еңбегіңіз өзіңізді нұрға болесін деймін.
М.РУСТЕМОВА,
«Қазақстанның құрметті кітапханашысы» Серт ауылдық кітапхана меңгерушісі.