Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Осыған орай әр адам дүние есігін ашқан сәттен бастап, оның денінің саулығы мен амандығына ақ халатты абзал жандарымыз жауапты. Ойланып қарасаң, күллі байлықтың жиынтығы не ақша, не болмаса таудай үйілген алтын емес, деннің саулығы ғана. Сол себепті басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса ем іздеп, бәріміз алдына баратын дәрігерлер қауымының қоғамдығы орны ерекше. Олардың әр еңбегін бағалап отыру — оларға деген құрметімізді көрсетеді. Ақ халатты абзал жандарда аянбай тер төгіп, әр адамның өмірі үшін қолдан келгенін аянар емес. Өз істеріне тиянақты, жылы сөз, ізгі лебіздерін адам жанын жадыратады. Әрі жасаған ем-домдары да көңілге қонымды. Әрбір маман емделуші адамдардың жағдайын жасап, олардың тез жазылуына ықпал етеді. Осындай абзал мамандардан ем алып, сырқатымыздан айығамыз. Барлық жаны таза, абзал ақ халатты мамандар мен медбикелерді шын көңілден төл мерекелерімен құттықтаймыз.
Адилжан АЗИЗБЕКОВ,
Қарашық ауылдық мәдениет үйінің директоры.