Осыдан үш жыл бұрын құрылған Сауран ауданында алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірінен саналатын Жаңа Иқан ауылдық округінің тыныс-тіршілігіне тоқталалық. Жаңа Иқан ауылдық округі Сауран ауданы орталығынан 75 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдық округі әкімі аппаратында 18, білім беру саласында 414, денсаулық саласында 41, бала бақшада 67, тағы басқа салаларда 696 адам жұмыс атқаруда.
Осы орайда Жаңа Иқандағы денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтарға шолу жасай кетейік. Денсаулық сақтау қызметін ауылдағы «Жаңа Иқан» дәрігерлік амбулаториясы және «Авиценна-А» қызметкерлері атқарады.
«Жаңа Иқан» дәрігерлік амбулаториясында жалпы жұмысшылар саны 41 адам, 4 жоғары білімді және 28 орта мед. Қызметкерлер, кіші буын қызметкерлері 4 және 5 әр түрлі жұмысшылар қызмет істейді. Дәрігерлік емханада 11 орындық (койка) күндізгі емхана жұмыс жасайды.
«Авиценна-А» емханасында 1 дәрігер, 4 кіші мед.қызметкер және 1 акушер жұмыс атқарады.
Денсаулық сақтау қызметін ауылдағы «Жаңа Иқан» дәрігерлік амбулаториясы және «Авиценна-А» қызметкерлері атқарады.
«Жаңа Иқан» дәрігерлік амбулаториясында жалпы жұмысшылар саны 41 адам, 4 жоғары білімді және 28 орта мед. Қызметкерлер, кіші буын қызметкерлері 4 және 5 әр түрлі жұмысшылар қызмет істейді. Дәрігерлік емханада 11 орындық (койка) күндізгі емхана жұмыс жасайды.
«Авиценна-А» емханасында 1 дәрігер, 4 кіші мед.қызметкер және 1 акушер жұмыс атқарады.
Ауылда сенбіліктер тұрақты ұйымдастырылып, ретсіз күл-қоқыстар жойылып, көше бойлары, арық-атыздар тазартылып сенбіліктер тұрақты жүргізіліп отырады. Сенбіліктерде мекеме аумақтары, жол бойындағы қоқыстар мен өсіп жол жүруге кедергі келтірген шеңгелдер ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен тазаланды.
2023 жылдың 12 айында жоспар бойынша 290 шақырым көше бойы тазаланды, 30 дана ретсіз жатқан күл-қоқыс жойылды. 1260 түп ағаштары әктелді. 4 шақырым аяқжол тазаланды. 850 ш.м. үй іргелік аулалар тазаланды. Ауылдық округі аумағында орналасқан 6 дана бұлақ көздері тазаланып және 2 дана балалар алаңшалары ретке келтірілді. 2023 жылдың 10 айында жалпы 28 рет сенбілік өткізілді.
Көшелерді жарықтандыру бағдарламасына 3814,0 мың теңге қаралған, оның 1000,0 мың теңгесіне баға ұсыныстары бойынша жарықтандыру шамдарын жөндеу жұмыстарына конкурс өткізіліп, 589,0 мың теңгеге жарықтандыру шамдарын жөндеу жұмыстарын ЖК «RIZIQ» жеңімпаз атанып, жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, 2385,0 теңге электр қуаты үшін ақы төленді.
Ауыл санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 1380,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, көшелердегі ретсіз төгілген күл-қоқыстарды шығаруға жұмсалды.
Ауылдарды көгалдандыру және абаттандыру бағдарламасы бойынша 1017,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда Ойық елді мекенінің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған ауыз су нысанының құрылысы аяқталып, таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Ибата елді мекеніне 2012 жылғы «Ақбұлақ» бағдарламасымен, ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 950 үйге су құбыры жүргізілген. Бүгінгі таңда 650 үй тұрақты ауыз судан пайдалануда. Қалған 400 үй жақын бұлақ көздерінен, көше бойындағы артезиан суларымен және ауладағы құдық суларынан пайдалануда. Одан бөлек, кейінгі жылдары жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бар.
Жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын, таза ауыз сумен қамтамасыз етудің II кезеңіне сәйкес, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосып беру бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларына бюджеттен қаржы қарастыру қажет. Сауран аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімініе ауыз су жүйесі жүргізілетін көшелердің сызбасы, ауыл тұрғындарының жиналыс хаттамасы, жаңадан салынған 400 тұрғын үйге ауыз су жүйесін жүргізуге анықтамасы тапсырылды.
Ауыз су бойынша қосымша 10 көшеге және жаңадан қосылған 13 көшеге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, ауыз су құбыры 21925 метрге жүргізілу қажет екендігі анықталып, сызбалары топосъемка түсіру үшін тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміні тапсырылды. «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің теңгеріміне енбеген электр бағаналарына түгендеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 43220 метр электр жүйелері толығымен ауыстыруды қажет екендігі анықталып, сызбалары топосъемка түсіру үшін тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырылды. 2024 жылдың 3 айында жоспар бойынша көше бойы мен Ибата –Иқан елді мекендерінің аралығы тазаланды, 32 дана ретсіз жатқан күл-қоқыс жойылды. 1184 түп ағаштары әктелді. 4 шақырым аяқжол тазаланды. 850 ш.м. үй іргелік аулалар тазаланды. Ауылдық округі аумағында орналасқан 6 дана бұлақ көздері тазаланып және 2 дана балалар алаңшалары ретке келтірілді. 2024 жылдың 3 айында жалпы 12 рет сенбілік өткізілді.
Ауыл санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 389,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, көшелердегі ретсіз төгілген күл-қоқыстарды шығаруға жұмсалды.
Ауылдық округі бойынша 2023 жылға төтенше жағдайдың алдын алуға арналған іс-шара жоспары әзірленіп бекітілген. Су алу қаупі бар аймақтар анықталып, карта жасалған. Анықталған аймақтарға су тасқынының алдын алу бойынша Ибата елді мекенінен 10 шақырым қашықтықтағы Иқан су өзенінің егіс алқаптарына баратын арықтар бекітіліп, су арнасы Иқан су өзеніне жіберілді. Ибата елді мекенінің күн батыс жағынан яғни, Бостандық учаскесінде орналасқан көшелерге қырдан ағып келетін су бағытын бұру мақсатында 800 метр қашыртқы ретке келтіріліп, Иқан су өзеніне құйылатындай етіп бұрылды. Сондай-ақ, елді мекеннің күн батыс жағынан ұзындығы 4,0 шақырым қашыртқы және елді мекеннің тау жағынан 200 метр дамба қазылып ретке келтірілген.
Қыр жақтан келетін су арналарын тазалап, сонымен қатар су деңгейі көтерілетін жерлерге бөгеттер жасалынды. Елді мекен ішіндегі 1100 метр арықтарға тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, елді мекеннің күн шығыс жағынан яғни, Құмкент көшесінің жоғарғы жағындағы 900 метр қашыртқының арнасы кеңейтіліп, жағасына көтеру жұмыстары жүргізіліп, су бағыты Көкқия өзеніне қарай жіберілді. Сонымен қатар, Ибата елді мекенінің күн батыс жағынан 2700 метр жаңадан су қашыртқысын жүргізу жұмыстары іске асырылды. Оның 1300 метрі эксковатормен қалған 1400 метрі К-700 траторымен арық тартылды. Оған қосымша 900 метр ескі арық жаңаланды. Ауылдық округі бойынша 2024 жылға төтенше жағдайдың алдын алуға арналған іс-шара жоспары әзірленіп бекітілген.
Су алу қаупі бар аймақтар анықталып, карта жасалған. Ибата елді мекенінің су тасқынының алдын алу мақсатында, елді мекеннің жоғарғы жағынан яғни таудан келетін суға 1600 метр жерге дамба салынды. Сонымен қатар, ауданнан 3 тонна қыс мезгіліне инертті тұз алынып, 100 дана қап әзірленді. Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша ерікті жасақшылар тобы құралған және ЛК – 4 дана, Камаз — 3 дана, МТЗ-80 тракторы – 2 дана, Газ-53 – 4 дана көліктері бекітілген. Ауыл әкімдігі тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартудың барлық кешенді жоспарларын белгіленген кесте бойынша атқаруда. Осы орайда мемлекеттік мекемелермен біріге отырып, барлық жоспарлы тапсырмаларды жүзеге асыруда.