САУРАН: ИММУНИЗАЦИЯНЫҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ

Халықты иммунизациялау дегеніміз не және ол не үшін жасалады?
«Вакцинация – ата-аналар үшін балаларын жұқпалы аурулардың ауыр зардаптарынан қорғаудың жалғыз, ең тиімді және баламасы жоқ әдіс.
«Вакциналарды ойлап шығару – медицинаның ең үлкен жетістігі. Өзіңізді және балаңызды денсаулыққа қайтымсыз зиян келтіретін, кейде өліммен аяқталатын қорқынышты аурулардан қорғаудың ең тиімді және кейде жалғыз жолы болып табылады. 21 ғасырда кейбір ата-аналар балаларын вакцинациялаудың тиімділігі мен қажеттілігіне қатысты әлі де күмәндануда.Бұл күмән вакцина туралы халықтың дұрыс ақпараттанбауынан,сондықтан вакцина туралы толық ақпарат берейін.
Иммунизация – адамның жалпы инфекцияларға қарсы иммунитетін нығайту және организмнің жұқпалы агенттердің әсеріне қарсы тұру қабілетін арттыруға бағытталған процесс. Халықты вакцинациялау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен егу құрамдары қолданылады.
Иммунизацияның мәні иммунитеттің қарсы реакциясын тудыру үшін организмге әлсіреген немесе өлі микробтар түрінде вакцина салу болып табылады. Организм әлсіреген патогендік микрофлорамен бетпе-бет келгенде, белсенді түрде антиденелер бөліне бастайды, олар кейіннен күнделікті өмірде патогендік микробтармен соқтығысқан кезде қорғаныс рөлін атқарады.
Иммунизацияның түрлері:
Белсенді иммунизация иммундық жүйенің реакциясын тудыру үшін тірі, әлсіреген немесе өлі микроорганизмдер түрінде антиген енгізуді білдіреді. Адамның иммунитеті жеткілікті мөлшерде антиденелер бөлгенде, тек 2 аптадан кейін нәтиже болады. Алайда, белсенді иммунизацияның әсері 1 жылдан бірнеше онжылдыққа дейін сақталады.
Пассивті иммунизация – организмге жұқпалы аурулардың кейбір қоздырғыштарына қарсы дайын антиденелерді енгізу. Иммунизацияның бұл түрі бірден әсер етеді, сондықтан оны ауру өршіп кеткен жағдайларда қолдануға болады. Нәтижесі жылдам болуына қарамастан, пассивті иммунизацияның әсері қысқа, 1 аптадан 6 аптаға дейін созылады. Сондықтан ұзақ мерзімді қорғаныс қажет болған жағдайда белсенді иммунизация әдісі қолданылады.
Иммунизациялау қағидалары
Иммунизация – айтарлықтай маңызды іс-шара, оны немқұрайлы өткізуге болмайды,
мынадай талаптар сақталуы керек:
1) иммунизация процесінде жас ерекшеліктеріне назар аудару;
2) емшараны дәрігердің қарап-тексеруінен кейін ғана жүргізу;
3) иммунизацияда пайдаланылатын препараттарды сақтау қағидаларын сақтау;
4) вакцинацияға арналған құрамды дайындау қағидаларын сақтау.
Қанша уақыттан кейін организм иммунизацияның әсерінен инфекцияға қарсы тұра алады?
Бұл иммунизацияда препараттың қандай түрі және қандай мақсатта қолданылғанына байланысты. Егер вакцина қолданылған болса, инфекцияға қарсы иммунитет екі аптадан кейін пайда болады және көп жылдар бойы сақталады. Егер сарысу қолданылған болса, препарат құрамында дайын антиденелер болғандықтан иммунитет бірден пайда болады. Алайда нәтиже келесі 6 апта ішінде ғана сақталады. Осы кезең аяқталғаннан кейін иммундық жүйе патологиялық микрофлораға қарсы тұру қабілетін жоғалтады.
Қазіргі уақытта Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесі шеңберінде 12 жұқпалы ауруға қарсы иммунизация жүргізіледі: В вирустық гепатиті; туберкулез; көкжөтел; дифтерия; сіреспе; полиомиелит; b типті гемофильді инфекция (ХИБ-инфекция); қызылша; эпидемиялық паротит; қызамық; пневмококкты инфекция; тұмау.
Иммунизация немесе вакцинация – адам ағзасына нақты бір инфекциялық ауру қоздырғышына қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында, аурудың жұғуының алдын алатын немесе оның кері әсерін азайтатын вакцина салу.
Вакцина дегеніміз не?
Вакцина – белсенді иммунитетті қалыптастыру арқылы нақты бір инфекциялық ауру қоздырғышқа арнайы ағза төзімділігін (иммунитетті) құруға арналған тірі, өлтірілген, әлсіздендірілген микроағзалар немесе олардың өнімдері.
Вакцинадан кейінгі реакция деген не?
Вакцинадан кейінгі реакция – иммунитеттің қалыптасу үдерісін көрсететін, бөгде антигенге адамның иммундық жүйесінің қалыпты жауабы.
Вакцинадан кейінгі реакцияның қандай түрлері бар?
Вакцинадан кейінгі реакция вакцинаға байланысты:
Жалпы түрде: дене қызуының көтерілуі, ауырсыну, дененің бөртуі, қабыну және т.б.Жергілікті түрде: қызару, ісіну, иненің орнының қатаюы (инфильтрат),аллергиялық реакция және т.б. болуы мүмкін.
Вакцинадан кейінгі асқыну дегеніміз не?
Вакцинадан кейінгі асқыну – патологиялық үдеріс түрінде көрінетін вакциналық реакция.
Біздің елімізде иммунизацияны қолдайтын қандай бағдарламалар бар?
Қазақстан Республикасының профилактикалық екпелерінің ұлттық күнтізбесі 21инфекциялық ауруға қарсы алдын алу шараларын қарастырады және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі — ДДҰ) ұсыныстарына сәйкес. Халықты иммундау тегін жүргізіледі және вакцинацияға ДДҰ сертификаттаған, яғни сапасы кепілдендірілген вакциналар қолданылады.
Профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесі дегеніміз не?
Қазақстан Республикасының профилактикалық екпелерінің ұлттық күнтізбесі –азаматтарға профилактикалық екпе жүргізудің мерзімі мен ретін белгілейтін нормативтік-құқықтық акт.
Екпені қайда жасатуға болады?
Түрғылықты мекенжай бойынша емханада немесе пациенттің қалауымен кез келген ақылы клиникаларда жасатуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы