САУРАН: КӨКЖӨТЕЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v62), quality = 90

Көкжөтел – Bordatella pertussis бұл бактериялар тудыратын тыныс алу жолдарының қауіпті жұқпалы ауруы.
Инфекция көзі тек адам (көкжөтелдің типті немесе атипті түрлерімен ауыратын немесе сау бактерия тасымалдаушылар). Инфекцияның берілу жолы ауа тамшы арқылы. Қоздырғыш түшкіру және жөтел кезінде қарқынды бөлінеді. Көкжөтелдің инкубациялық кезеңі екі күннен екі аптаға дейін, ең көбі үш аптаға созылады. Науқастар 1 ден 25-ші күнге дейін ерекше қауіпті. Көкжөтел ең жұқпалы аурулардың бірі. Науқаспен байланыста болған кезде сезімтал адамдарда ауру 90-100% жағдайда дамиды. Мектеп жасына дейінгі балалар жиі ауырады.
Бактериялар жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығына еніп, шырышты түзілудің жоғарылауымен қабыну басталады. Шырышты – іріңді тығындар ұсақ бронхтарды бітейді және тыныс алу қызметін бұзады. Аурудың жасырын кезеңі 2-ден 14 күнге дейін созылады. Аурудан кейін иммунитет өте тұрақты және әдетте өмір бойына сақталады.
Көкжөтел қалай пайда болады. Инкубациялық кезең өткеннен кейін науқаста мұрынның ағуы, түшкіру, жалпы әлсіздік, тәбеттің болмауы және жөтелге қарсы заттарды қолданғаннан азаймайтын жеңіл жөтел пайда болады.
Жөтел қақырықты шығарумен, кейде құсумен аяқталады. Жөтел ұстамасы тәулігіне 10-15 рет болуы мүмкін. Бұл ке-зең бір аптадан бір айға дейін созылады, кейде ұзағырақ. Қалыпқа келу немесе сауығу процесі бірнеше айға созылады.
Емі: Кіші жастағы балалар көкжөтел асқынуларының дамуына өте сезімтал, сондықтан олар жиі ауруханаға жатқызылады. Көкжөтелді емдеу кезінде антибиотиктер, сондай-ақ антигистаминдер тағайындалады. Сусызданудың алдын алу үшін көп мөлшерде су ішкен жөн. Құсу кезінде сұйықтықтың жоғалуын азайту үшін кішкене бөліктерде жиі тамақтану қажет. Науқастың бөлмесінде қоңыр салқын ауа болуы керек. Жөтел ұстамасын тудыруы мүмкін ауада тітіркендіргіштердің болуына жол бермеңіз (шаң, түтін, өткір иісі бар заттар). Бөлмені жиі желдету қажет. Науқасты аурудың басталуынан 25 күн оқшаулау. Байланыста болған балаларды шектеу (7 жасқа дейін) 14 күнге дейін.
Көкжөтелдің алдын алу. Бүгінгі таңда көкжөтелмен алдын алудың жалғыз және тиімді шарасы-міндетті вакцинация күнтізбесіне енгізілген иммундау болып табылады. Ол бала өмірінің бірінші жылында жасалады. Сондықтан ата-аналар үшін балаларын иммундау орынды шешім болып қала береді. Вакцинация аурудың белгілері жоқ (суық тию, дене қызуының көтерілуі), дені сау балаларға ғана жасалады. Вакцинация жоспарлы түрде Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, 2 айда, 3 айда, 4 айда, 18 айда және 6 жаста жүргізіледі.
Т. МАМЫШ,
Сауран аудандық СЭББ эпидемиялогиялық қадағалау және бақылау бөлімінің бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы