Медициналық сақтандыру қорының елорда филиалына МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне, яғни 15 санатқа қатысты сауалдар жиі түседі. МӘМС-ке жарна төлеуден кімдер босатылған? Жеңілдікке ие 15 санат қатарында болу үшін қайда жүгіну керек?
Мемлекет есебінен МӘМС үшін жарна төленетін жеңіл¬дік¬ке ие 15 санат қатарына кімдер және қалай кіреді:
1) 18 жасқа дейінгі балалар. Балаға туу туралы куә¬лі¬¬гі табысталған, яғни жеке сәй¬-кестендіру нөмірі (ЖСН) бе¬ріл¬ген уақыттан бастап «сақ¬тан¬дырылған» болып саналады.
2) Жұмыссыз ретінде ресми тіркелген тұлғалар. Мұндай мәртебе алу үшін Халықты жұ-мыс¬пен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде ресми тіркелу қажет.
3) Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер. Аталған жеңілдік сана¬тына ену үшін әйел тіркелген ем¬ханада жүктілігі бойынша уақ¬тылы есепке тұруға тиіс. Соң¬ғы 2 айда ол үшін зейнетақы жар¬налары мен әлеуметтік ауда¬рым¬дардың болмауы шарт. Жеке кәсіпкерлер ретінде тір-келген және өз қызметін тоқ¬тат¬паған әйелдер, сондай-ақ БЖТ төлейтін әйелдер жұмыс іс¬тейтін болып саналады және же¬ңілдік санатына енгізілмейді.
4) Үш жасқа толмаған бала тәр¬¬биесімен айналысатын жұ¬мыс істемейтін тұлға. Бұл са¬нат-тағылар автоматты түрде «сақ¬¬¬¬тандырылған» мәрте¬бе¬сіне ие болады. Бірақ ресми түр¬¬де жұ¬мыс істемеуі және де олардың атына соңғы 2 айда зе鬬нетақы жарналары мен әлеу¬мет¬-тік аударымдар жасалмаған бол¬уы керек.
5) Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға бай¬ланысты, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның кү¬ті¬міне байланысты де¬ма¬лыс¬¬тағы тұлға. Олар дема-лыс¬қа рес¬ми түрде шыққан кезде «сақ¬тандырылған» мәрте¬бе¬сін алады.
6) Мүгедек баланы күтіп-баға¬тын, жұмыс істемейтін адамдар. Баланың тиісті құжаттарын дайындаған кезде күтім жасайтын тұлғаның мәліметтері де¬рек¬қорға енгізіледі. Ке¬йін автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесін иеленеді.
7) Бірінші топтағы мүге¬декке күтім жасайтын жұмыс іс¬т嬬мейтін адам. Мүм¬кін¬дігі шек-теулі жанның тиісті құжат¬та¬рын дайын¬да¬ған кезде күтім жасайтын тұлғаның мә¬лі¬мет¬тері дерек¬қорға енгі¬зі¬леді. Ізінше «сақ¬тан¬ды¬рыл¬ған» мәртебесі ав¬то¬матты түрде беріледі.
8) Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Бұл жерде мемлекеттен сақ¬тан¬дырылғандардың тізіміне Қазақ¬стан¬ның Бірың¬ғай жинақ¬тау¬шы зейнетақы қорынан зейнетақы алатындардың ғана енгізілгенін атап өту қажет. Зейнетақыны әлі ресми түрде рәсімдемеген адамдар және басқа мемлекеттерден зейнетақы алатын адамдар жеңілдік мәртебесін ала ал¬майды.
9) Қылмыстық-атқару (пени¬тен¬циарлық) жүйесінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар. Бұл жеңілдік санатына ену үшін қамаудағы мекеменің жауапты қызметкері жазасын өтеуші адамның де¬рек¬терін ақпараттық жүйеге енгізуі қажет.
10) Тергеу изолятор¬ларын¬да¬ғы адамдар, сондай-ақ үйқамақ тү¬ріндегі бұлтартпау шарасы қол¬данылған жұмыс істемейтін адамдар. Бұл санаттағы жандар туралы мәліметті уәкілетті органның қызметкерлері жүйеге енгізеді.
11) Жұмыс істемейтін қан¬дас¬тар. «Қандас» куәлігін алған соң, соңғы екі айда МӘМС үшін төлем жасалмаған болу керек. Сонда автоматты түрде же¬ңіл¬дік санатына енгізіледі.
12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен мара¬пат¬тал¬ған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп-балалы аналар автоматты түр¬де «сақтандырылған» мәр¬те¬бе¬сіне ие болады.
13) Мүгедектер. Ресми құжа¬ты шыққан кезде, мәртебе авто¬мат¬¬ты түрде беріледі.
14) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін¬гі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйым¬да¬рында күн¬діз¬гі оқу нысанында білім алатын тұлғалар. Қазақс¬танда оқи¬тын студенттер жеңіл¬де¬тіл¬ген санатқа автоматты түрде қосы¬ла¬ды.
Бұл жерде шетелдік оқу орын¬дарында күндіз оқитын қа¬зақ¬стандық студенттер МӘМС жүйе¬сінде «сақтандырылған» тұлғалардың автоматты түрдегі жеңілдік мәртебесін бірден ала алмайтынын ескеру керек:
— Өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою;
— Көп жағдайда сақтан¬ды¬ру¬дың жеңілдік мәртебесі жолдарды дұрыс толтырған уақытта 10 жұмыс күні ішінде беріледі;
— Егер сақтандырудың жеңіл¬дік мәртебесін беру көрсе¬тіл¬ген мерзімнің ішінде жүзеге асы¬рылмаса, Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласу қажет. Студент әрбір семестр аяқ¬тал¬ғаннан кейін сақ¬тан¬ды¬ры-лу мәртебесін тексеруі және оқудың өзектілігін растауы қа¬жет екенін есінде ұстағаны дұ-рыс.
15) Жұмыс істемейтін мем¬л嬬кеттік атаулы әлеуметтік кө¬мек алушылар. Әлеуметтік тө-лем тағайындалған кезде «сақ¬тандырылған» мәртебесі автоматты түрде беріледі.
Егер сіз осы 15 санаттың бі¬рі¬не кірсеңіз, бірақ «сақ¬тан¬ды¬рыл¬маған» болсаңыз, растайтын құжаттар тізімін жинап, Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыруыңыз керек. Ақпарат мемлекеттік органдарға жолданып, тиісті шаралардан соң сізге «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәр¬тебесі беріледі және сіз үшін мем¬лекет жарна төлейді.
Азаматтар үшін fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орта¬лы¬ғы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot жұмыс істейді. Дәл осы байланыс арналары сақтандыру мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөліміне өтіп, «Медициналық қыз-меттер туралы және МӘМС үшін аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қыз-ме¬ті арқылы медициналық сақ¬тандыру жүйесіндегі өз мәр¬те¬беңізді тексеруге мүмкіндік бар.
М.БЕГАЛИЕВА,
Сауран аудандық емханасы СӨСҚ дәрігері.