Сауран ауданының тұрғындарына ақпарттық сайтымыздың «Керек кеңес» айдары арқылы маңызды мәліметтерді ұсынып отырмыз. Медицина саласына қатысты ақпараттар дың алғашқы легі
Заңда медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған түзетулер қабылданды:
тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға балаларын басым тәртіппен орналастыру;
кәсіби қызметіне заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғау, мамандығына құрметпен қарау;
медициналық мамандығы бойынша әскери қызметін өткеру немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру құқықтары берілді;
«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы – мемлекеттік наградасы белгіленді;
Басы артық есеп немесе ақпарат беруден босату үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бұдан былай медицина қызметкерлері толтыруға міндетті құжаттама тізбесін бекітеді;
Аса тапшы мамандықты меңгерген медицина қызметкерлері ауылдық жерге кемінде 5 жыл жұмыс істеуге келген жағдайда, оған ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде бірреттік ақшалай төлем (8 500 000 теңге) беріледі.
Бұдан бөлек, жаңа заңда жастардың құрамында никотині бар заттарды тұтуына тыйым салу, оған тосқауыл қою мәселесі де қамтылды. Шегуге келмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған (Бұл норма ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Қызмет сапасын жақсарту ұсынылды
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесіне жарна мен аударымдарды есептеу үшін ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) 10-нан 50-ге дейін ұлғайтуды ұсынды. Егер заң жобасы қабылданса, бұл өзгерістер жұмысшылардың жалпы санының 9%-на әсер етуі мүмкін. Өкілдік денсаулық сақтау саласының қаржыландырылмауына байланысты төлемдердің бес есе өсуі қажет екенін түсіндірді.
Былтыр елдегі денсаулық сақтау саласына 2,6 триллион теңге бөлінген. Дегенмен халықтың медициналық қызмет сапасына көңіл толмайтынын заң жобасы талқыланған кезде Сенат спикері Мәулен Әшімбаев айтты. 2023 жылы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы жүргізген сауалнамада респонденттердің 56 пайызы жедел медициналық көмек көрсетуді сынаған. Әшімбаев Қазақстан медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін сақтандырудың жаңа жүйесіне көшсе, онда олардың қызметін тәуелсіз бағалау жүйесін құру өте маңызды екенін айтты.
Сонымен қатар, елімізде вакцинацияның арқасында қызылша азайған. Ол эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар қызылша инфекциясымен күресте оң динамикаға әкелді. Қосымша жаппай иммундау шеңберінде 6-10 айлық балалардың 70%-дан астамы, сондай-ақ 2-4 жас аралығындағы балалар егілді, яғни миллионнан астам халық вакцинацияланды.
1 жастағы балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялаумен қамту 100,7%-ға дейін, ал 6 жастағы балаларды ДДҰ ұсынған 95,5%-дан кем емес деңгей кезінде 99,6%-ға жетті.
27 мыңнан астам бұрын егілмеген байланыста болған адамдардың ошақтарында шұғыл вакцинация жүргізілді.
Бұрын вакцинациялауды өткізіп алған 18 жасқа дейінгі 178 мыңнан астам бала егілді.
Жалпы, халықты жоспарлы вакцинамен, қосымша жаппай иммундаумен, репродуктивті R санымен, сондай-ақ тіркелген жағдайлардың санымен қамту көрсеткіштері бойынша елдегі қызылша бойынша жағдайдың тұрақтанғанын атап өтуге болады.
Бүгінгі таңда қызылшамен ауыратын балаларды ауруханаға жатқызудың оң үрдісі байқалады.
2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда емдеу деңгейі 25%-ға төмендеген.
Төсек қорының орташа қамтылуы — ел бойынша 52%. Министрлік жағдайы ауыр бүкіл балаларға мониторинг жүргізеді, қажет болған жағдайда республикалық деңгейдегі түрлі бейіндегі мамандарды тарта отырып, телемедициналық консультация өткізеді.
«Ата-аналарды баласына қызылшаға қарсы екпе салдыруға шақырамыз. Вакцинация болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда екпе алууды ұсынамыз. Егер ауру белгілері пайда болса, асқыну болмас үшін және басқаларға жұқтырмас үшін уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажет. Егу және аурудың алдын алу немесе аурудың ағымын жеңілдету қызылшаның ауыр түрімен ауырғаннан гөрі жеңілірек» деп ескертеді Денсаулық сақтау министрлігі.