САУРАН: МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ — АДАМ ӨМІРІНІҢ САҚШЫСЫ


Заман дамуы мен қоғам қажеттілігіне байланысты мамандықтар тізбесі үнемі жаңарып, өзгеріп отырса да, ерте заманнан бері келе жатқан көне де қадірлі дәрігер мамандығы қаншама ғасырлардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Жасай да бермек. Медицина қызметкерлері – адам өмірінің сақшысы. Олар ажалдан қорықпайды, адамға екінші өмір сыйлайды, өз қадір-қасиеті мен ар-ожданын биік ұстайды. Бұл қоғамның оларға деген сенім мен құрметін арттырып, мәртебесін биіктетеді.
Медицина қызметкерлері үшін дәрігер этикасы басты қағидалардың бірі болуы тиіс. Медициналық медицина қызметкерінің кәсіби мінез-құлқы туралы ілім. Ол дәрігерлердің қызмет бабындағы өзара қарым-қатынасы, кеңесу, жәрдемдесу, ауруларға сырқат түрлерін, емделу режимдерін байыбымен, сабырлы түсіндіру. Ежелгі Грек елінің ғұламасы Гиппократтың: «Дәрігер — Құдайға жақын адам» немесе «Данышпандықты іздесең — соның бәрі де медицинадан табылады» деген өсиеті медицина саласының қызметкерлері үшін басты ұстаным. Ежелгі Грек елінің бүкіләлемдік пандемия кезінде өзінің оң нәтижесін көрсетті. Бұл мені мәртебелі етті. Алдын ала профилактикалық жұмыс жүргізуді дұрыс ұйымдастыра отырып, науқасты өз әдісіммен емдеу арқылы «COVID-19» вирусын жоюда біршама жетістіктерге жетті. Ол әдіс уақыт талабына сәйкес тыныс алу жолдарының алдын алу, қабынуға жеткізбеу, тұрақты жұмыс жүргізу, диспансерлік есепте тұратын науқастардың жағдайын қадағалап, олардың денсаулығын бірқалыпты ұстау болатын.
Дәрігердің еңбегі мен жұмсаған энергиясының ең басты бағасы – ауру адамға көрсеткен көмегі. Осы арқылы дәрігерлік тәжірибе жинақталады және оның беделінің өсуіне ықпал етеді. Дәрігердің беделі ауру адаммен тіл табысуда үлкен рөл ойнайды. Ең бірінші кезекте дәрігерден терең білім, яғни науқасты мазалайтын мәселені сабырлы, дұрыс және тез түсініп, оның жылдам және толық сауығуына лайықты жол таба білу талап етіледі. Дәрігердің әр әрекеті мен ісінде әрдайым басты мақсат ауру адамды емдеп жазу. Ия,дәрігердің өмірі – бұл ешқашан бітпейтін университет. «Дәрігердің басты міндеті — өмір бойы қоғам үшін оқу»деген беделді клиницист А.А.Остроумовтың сөзі бүгін де маңызын жойған жоқ. Дәрігердің қарапайымдылығы – ең қажетті қасиеттердің бірі. Медицина саласы «COVID-19» вирусын жоюда біршама жетістіктерге жетті.
Батылдық, жан жылуы, өзгелерге жәрдем беру – барлық дәрігерлерге тән қасиет. Дәрігер ең алдымен ауру адамды ықыласпен тыңдай білуі, жылы сөзімен үміттендіре білуі қажет. Дәрігердің айтқан сенімді, ақылға қонымды, жылы сөзі сырқатқа қорқынышты жеңуге көмектеседі, оның сауығып кетуіне деген сенімін нығайтады. Денге саулық, дертке шипа сыйлайтын дәрігерлердің қоғамдағы мәртебесі де осыған байланысты. Сондықтан да заманауи, уақыт сұранысына жауап беретін, емделушінің талап-тілегін қанағаттандыратын медицина қызметкерлерінің қоғамдағы мәртебесі әркез жоғары болып қалмақ.
Гүлзия ТҰРДЫҚҰЛОВА,
кітапханашы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы