САУРАН: МЫҢ АЛҒЫС, АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН!


Дәрігер деген жауапкершілігі мол, атқаратын шаруасы ауыр әрі қастерлі мамандықтардың бірі. Тіршілік үшін ауа мен судың маңызы қаншалықты маңызды болса, адам өмірі үшін де ақ халатты абзал жандардың рөлі соншалықты жоғары. Адам баласына дерт жабысқанда, жаны мен тәні қиналғанда, өміріне нәр беріп, құтқаруға асығатын, екінші өмір сыйлап жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбегі жоғары, әрі өлшеусіз.
Дертіне шипа іздеп келген әр адам өмірін дәрігерге сеніп тапсырады. Ал бір адамның өмірін өз мойнына алу — үлкен жауапкершілік. Осындай жауапкершілікті мойнына алып, жұмысы ауыр дәрігерлік салаға бар ғұмырын арнаған жандардың бірі Нұртас ауылының дәрігері — Тұрғанбаева Гүлбану Есенкелдіқызы.
Нұртас ауылының тұрғыны Тұрғанбаева Гүлбану Есенкелдіқызы бүгінгі таңда ауылдық медпунктіде жұмыс жасайды. Ақ халатты абзал жан отағасы Байболов Берік Жетпісбайұлымен жеті қыз бір ұл тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Гүлбану апайымыз Нұртас ауылында 1993 жылдан бері Балалар мейірбикесі болып дәрігерлік қызмет атқарып келеді. Еңбек өтіліне 31 жыл толып отыр. Гүлбану апайымызға еңбегінің жемісін көріп, ұл-қыздарының қызығын көріп, Нұртас ауылына қызмет етіп жүре беруін тілейміз!
Гүлнара ТҮЗЕЛБАЕВА,
Сауран ауданы «ОКЖ» КММ-не қарасты Нұртас ауылдық кітапханашысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы