МӘМС жарналары мен аударымдары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады. Бірақ базалық есептік көрсеткіштің – ең төменгі жалақының (ЕТЖ) – жаңа мөлшерлерінің бекітілуіне байланысты төлем сомалары өзгереді. Сонымен, биылғы жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?
Жұмыс берушілер – 3%
Жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3% мөлшерінде аударымдар жүргізеді, бұл ретте салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс, яғни жұмыс берушінің аударымдарының ең жоғары төленетін сомасы айына 25 500 теңгені құрайды.
Бұл қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оларды жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.
Қызметкерлер – 2%
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарты негізінде қызмет көрсететін жалдамалы жұмыскерлер мен жұмыскерлер МӘМС-ке ай сайынғы табысының 2% мөлшерінде жарна төлейді. Салық салу объектісі барлық жұмыс орындарынан айына 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауы тиіс, яғни қызметкердің жалақысына қарай, төлейтін ең жоғары жарнасы 17 000 теңге болуы мүмкін.
Егер екі жерде жұмыс жасасаңыз, жарналарды қалай есептеу керек?
Бірыңғай төлем төлеушілер — 21,5%.
Жалақыдан ұсталатын бірыңғай төлем – бұл бірқатар салық төлемдерін есептеудің стандартты әдісіне балама. Жалақыдан ұсталатын мындай бес төлемді біріктіреді:
-міндетті зейнетақы жарналары;
-әлеуметтік аударымдар;
-МӘМС жарналары;
-МӘМС-ға аударымдар;
-жеке табыс салығы.
Бірыңғай төлемді жеңілдетілген декларация және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкер мен шағын және орта бизнестің заңды тұлғасы пайдалануға рұқсат береді.
2024 жылы бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 21,5% құрайды. Бірыңғай төлемді ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияның шотына бір төлеммен жүргізіледі.
Жеке кәсіпкерлер — 5 950 теңге
Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ЕТЖ-дан 5% төлейді. 2024 жылы: (1,4 * 85 000) * 5% = 5950 теңге.
Егер жеке кәсіпкер есептілікті «нөлмен» тапсырса, бірақ өз қызметін ресми түрде тоқтатпаса, онда ол Салық кодексі талап еткендей жарналарды төлеуді жалғастыруы керек екенін есте ұстаған жөн. Әйтпесе, қарыз пайда болады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар (бжт төлеушілер)
Бірыңғай жиынтық төлем кәсіпкерлік қызметті ЖК ретінде тіркеусіз жүзеге асыратын бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар үшін уақытша 5 жылға (2019 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін) енгізілді. Тиісінше, келесі жылы БЖТ болмайды. Сондықтан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебені екі жолмен ала алады:
-жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды ЖК ретінде
-жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.
Дербес төлеушілер – 4250 теңге.
Дербес төлеушілер үшін жарналардың мөлшері мына формула бойынша есептеледі: 5% * 1 ЕТЖ = 4250 теңге.
Сақтандырылмаған азаматтар МӘМС жүйесінің қатысушысы болудың ыңғайлы және тиімді тәсілін пайдаланып, жарналарды алдағы 12 айға дербес төлеуші ретінде төлей алады. Бұл жағдайда әр ай үшін төлемді жеке-жеке төлеген жөн. Бұл жағдайда өткен айлардағы қарыздар болса, жойылады.
Мемлекет жарналары – 5853 теңге
Қазақстандағы МӘМС жүйесі әлеуметтік бағдарланғандықтан, мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін жарналарды төлеуді жалғастыруда. 2024 жылы мемлекеттің бір азаматқа төленетін жарнасы айына 5852,63 теңгені құрайды (мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9%, яғни мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылға дейінгі орташа айлық жалақы).
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке кәсіпкерлер, дербес төлеушілер жарналарды қалай төлейді
Төлемді екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ, Kaspi.kz, HalykBank мобильді қосымшалары арқылы, сонымен бірге Касса 24 және Qiwi әмиян өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы аударуға болады.
Маңызды:
-төлеушінің ЖСН және ТАӘ дұрыс көрсету;
-төлем жасап, 2-3 жұмыс күннен кейін МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру, мәртебе берілмесе – төлемдегі деректерді жаңадан тексеру.
-жеке кәсіпкерлер назарына: салық органдарына есептілікті дайындау және тапсыру;
-өз қызметкерлерін төлем жасалғаны туралы хабарлау.
Сақтандыру мәртебесін келесі жолдармен тексеруге болады:
-Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
-kz ресми сайты;
-Telegram — дағы @SaqtandyrýBot;
-1414 байланыс орталығы;
-Damumed мобильді қосымшасы;
-Halyk мобильді қосымшасы;
-KZ мобильді қосымшасы;
-kz мобильді қосымшасы;
-kz электрондық үкімет сайты – «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.
Б.СТАМКУЛОВ,
Сауран аудандық емхана ШЖҚ МКК басшысы.