САУРАН: СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ!


Жаз маусымы балалардың жазғы демалысы, ересектердің еңбек демалысы, серуендеу және шомылу уақыты. Бірақ, қай жерде шомылсаңызда ешқашан судағы қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпау керек.Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс. Үлкенірек жастағы жеткіншек балалар өздері су айдынына шомылуға барған кезде де суға шомылуға рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет. Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады. Едәуір ересек балалар суда жүзе білуі және суда өзін дұрыс ұстау ережелерін біліп қана қоймай, судағы қиын жағдайларда өзін ұстай білу ережелерін меңгеру қажет. Олар егер аяқтың тырысуы болған жағдайда өзін қалай ұстау керек екендігін, шомылу кезінде суға батып бара жатқан кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуді білуі қажет.
Балалардың суда қауіпсіздігінің негізгі ережелері:
-белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек;
— кемеге жақын жүзуге болмайды;
-таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;
-күнде қыздырылғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айрылып қалуы немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек.
-қайық, айлақ, көпір үстімен және арналмаған жерлерден суға секіруге болмайды.
-дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды.
-қарсыласыңызды суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды.
Балалардың судағы қауіпсіздігі туралы ата-аналар нені білуі қажет? Суға тамақтанғаннан кейін 1-1,5 сағаттан кейін шомылуға болады. Егер судың температурасы +16 градустан төмен болса суға түсуге болмайды, себебі судың суықтығынан аяқ-қолдың тырысуы немесе естен айрылу жағдайлары болуы мүмкін. Су температурасы +17 градуспен +19 градусқа дейін және ауа температурасы +25 градус болған жағдайда, суға 10-15 минуттан артық шомылуға болмайды. Суға тек қана суға түсуге арналған қауіпсіз, арнайы жабдықталған жерлерде түсу керек. Егер сіз жабайы табиғи жерлерде шомылуды шешсеңіз, суы таза, тереңдігі 2 метрден аспайтын, судың түбі қиыршық тасты немесе құмды жерді және ағысы жәй 0,5м/с жоғары емес орынды таңдағаныңыз жөн. Балалар су жағасында шомылулары қажет. Ешқашан шалшық суға түспеңіз және балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыз.
Е.БАБАНОВ,
Сауран аудандық СЭББ жетекші маманы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы