САУРАН: ТУБЕРКУЛЕЗ КЕЗІНДЕГІ ЕКПЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Балалар мен жасөспірімдерде кездесетін туберкулез – кез келген мемлекет үшін өте ауқымды проблемалардың бірі. Туберкулез ауа тамшыларымен таралады. Ол негізінен тұқым қуаламайды. Оған шалдыққан науқаспен байланысқа түскен жағдайда, сөйлесу, жөтелу, түшкіру арқылы туберкулез микробактериясы жұғады. Жөтел екі аптадан астам уақытқа созылуы, дене қызуының көтерілуі, кеуде қуысының ауыруы және шаншуы, дене салмағының азаюы, түнгі уақытта терлеу, тәбеттің төмендеуі, қатты шаршау және әлсіздік секілді белгілер байқалса, тұрақты мекенжайыңыз бойынша жергілікті емханадан флюорографиялық тексеруден өткеніңіз дұрыс.
Сіз балаңызды туберкулезден қалай қорғай аласыз?
Балаларымызды туберкулез ауруынан қорғаудың негізгі және арнайы әдісі – БЦЖ BCG–Bacillus Calmette, яғни Кальметт-Герен бацилласы егіледі. Екпе егілмеген балаларда туберкулездің даму қаупі 2,5 есе, ал, оның ауыр ағымы 3 есе жоғары болады. БЦЖ екпесін салу туралы барлық ақпарат ата-аналар үшін ашық әрі қолжетімді. Бүгінгі таңда одан бас тарту жағдайы көбейіп барады. Осы орайда ата-аналарға БЦЖ екпесінен кейін тыртықтық дамуы, яғни туберкулез ауруына қарсы тұратын иммундық жүйенің қалыптасуын білу өте маңызды. Кішкентай организмдер туберкулезге қарсы вакцинацияға әртүрлі әсер етеді, сондықтан БЦЖ екпесінен кейінгі кезең балаларда әртүрлі болады. Егер БЦЖ екпесі қызарса, бұл реакция жүргізілген вакцинациядан кейін бір жыл бойы қалыпты болып саналады. Бұл жағдайда дәрігерден кеңес алу қажет емес, бірақ, жоспарлы тексеру кезінде аймақтық дәрігерге екпенің қызарғаны туралы хабарлау қажет. БЦЖ егуден кейін бірнеше күн бойы жоғары температураның болуы қалыпты жағдай. Яғни ағза оған енгізілген бактерияларға белсенді әсер етеді. Ал, егер температура тым жоғары болып, 3 күннен асып кетсе, дереу дәрігерлік көмекке жүгіну қажет. Туберкулезге қарсы екпе жасаған балалар вакцина жасамаған адамдарға қарағанда 15 есе аз ауырады.
Құрметті ата-аналар, оқырмандар, балаңызға туберкулезге қарсы БЦЖ екпесін уақтылы салдыруға қарсы болмаңыздар. Олардың денсаулығы өз қолдарыңызда екендігін естен шығармаңыздар.
Ж.АСКАРОВА,
Сауран аудандық емханасының дәрігер иммунологы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы