САУРАН: ШОРНАҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ АРДАГЕР МАМАНЫ

Сауран ауданында мықты медицина мамандары өте көп. Солардың ішінде ардагер дәрігерлер мен мамандардың алар орыны ерекше. Атап айтар болсақ, Әтіргул Сатыбалдықызы 1967 жылы Түркістан облысы Шорнақ елді мекенінде дүниеге келген. Түркістан қаласындағы медициналық колледжге түскен. 1982 жылы 20 қыркүйектен бастап Шорнақ елді мекеніндегі емханасында жұмыс жасап келген.
Жалпы еңбек өтілімі 41 жыл. Осы жылы зейнетке шығатынын және әріптестерін қимайтынын әсірелеп жеткізді маман. Дәрігер — маман дәрігер, педиатр, гигиенист, эпидемиолог, стоматологтың жоғары біліктілігі; адам ағзасының қалыпты жұмысын сақтап, аурудың алдын-алу және емдеуде өзінің дағдылары, білімі мен тәжірибесін қолданатын адам. Онда жоғары білімнің міндетті түрде болуы және мамандандырылған жағдайда қосымша кәсіби дайындық қарастырылған. Әлемнің көптеген елдерінде жергілікті билік органдарының дәрігердің қызметіне рұқсаты немесе тиісті біліктілігі талап етіледі. Дәрiгердiң мiндеттерi: шұғыл дәрiгерлiк көмектi қамтамасыз ету, емдеу және оңалту шараларын тиiстi бiлiктiлiк талабының көлемiнде жүргiзу, пациенттердi уақтылы госпиталдауды және мамандардың консультациясын берудi қамтамасыз ету, жалпы дәрiгерлiк практика/отбасылық медицина жағдайында пациенттердi сапалы тексеру және қажет болған жағдайда тиiстi диагностикалық зерттеуге жiберу, иммундық профилактика жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу, тiркелген халықтың денсаулығының жай-күйiн динамикалық қадағалау, отбасында баланы тамақтандыру, тәрбиелеу, оларды мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне, мектепке даярлау мәселелерi бойынша, консультативтiк көмек көрсету және бағдарлау жұмыстарын жүргiзу, үй стационарында және күндiзгi стационарда медициналық қызмет қөрсету т.б. Маман медицина жолына келуді бала кезінен бері армандаған. Алайда дәрігер болуды армандаған екен. Қазіргі таңда дәрігер болмаса да мамандығы бойынша тәжірбиелі маман екенін айтты.
Мамандық өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат.
Дәрігер — арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген айтқан Гиппократтың ұлы да, ұлағатты сөздері бар. Медицинаның атасы Гиппократтың тағы бір сөзін негізге алсақ: «дәрігердің жүзі жылы, ұқыпты, киімі таза, қолдары жұмсақ, жағымды» болу керек деген екен. Дәрігерлік тек оқумен ғана шектелмейді, дәрігер болу ол да бір өнер! Осы ұғымдарды тереңінен қарастырар болсақ, ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппен, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді деген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді. Иә, айта кету керек, қазіргі кезде дәрігерлер жайлы жағымсыз әңгімелер, оқиғалар жетіп артылады. Дәрігерерді қатыгез, мейірімсіз ретіндеде сиппаттап беретіндер баршылық. Сол үшін дәрігер ісіне адал, науқасты ести алатын, шымдамды, сабырлы тұлға болу қажет. Әр жағдаяттарда өз шешімін таба алуы үшін медициналық әдебиеттерді, ақпараттарды оқып, өзін-өзі дамытып, жетілдіріп отыруы тиіс.
Ойымды қорытындылайтын болсам, «медицина» ғылым саласын таңдамастан бұрын медицинаның барлық қырларын ой елегінен өткізіп, осы мамандықтың оң, теріс жақтарын қарастырулары абзал! Дәрігерлерге қойылатын жауапкершілік өте көп! Мен айтар едім, жақсы дәрігер болу үшін ең алдымен жауапкершілік болуы керек. — деді апамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы