САУРАН: ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН МІНДЕТТІ ЕСЕПКЕ АЛУ

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v62), quality = 85

Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 21-бабы 2 тармағына сәйкес үй жануарларының иелеріне 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын есепке қою (чиптеу) бойынша арнайы дерекқор базасы жұмыс істейді. Әр азамат өзінің иелігіндегі ит-мысығын есепке қоюға міндетті. Аталған қызмет ветеринар мамандары тарапынан ақылы негізде жүргізілетін болады.
Чип салу бізге не үшін қажет? Чип салу жануарларға неғұрлым жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді және қаңғыбас иттер мен мысықтарға қатысты мәселені шешуі мүмкін. Иесі жануар үшін жауапты, ол жануар қоғамға қауіпті болмайтындай жағдай жасауға міндетті.
Чип салу – арнайы чиптерді қолдана отырып, жануарларды таңбалаудың қауіпсіз және заманауи әдістерінің бірі. Чипті жануарға енгізу ауыртпай жасалатын процедура.
Бірдейлендірудің заманауи әдістері мыналарды қамтамасыз етеді:
1. Жануарларды ауыстырып алу мүмкін емес.
2. Құтыруға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егілмеген жануарларды тасымалдау мүмкін емес.
3. Чип салу – жануарды иеленуге қатысты дау туындаған кезде маңызды дәлел бола алады.
Чип жануардың өмір бойы қауіпсіз және сенімді түрде сәйкестендірілуіне, алдағы жүз жыл ішінде нөмірдің қайталанбауына кепілдік береді, ал биоүйлесімді шыны микрочиптің жылжып кетуіне жол бермейді. Бүгінгі күні жануарларға чип салумен аудан, қалалардағы ветеринариялық малдәрігерлер айналысады.
Құрметті үй жануарларының иелері, осы мәселеге жауапкершілікпен қарап, үй жануарларыңызға қамқорлық жасауды сұраймыз.
Ескерту: Есепке алу қағидаларын бұзған жағдайда 10 АЕК айыппұл көзделген.
Мирзахожа ВАПАЕВ,
ТО ВБ «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК-ның
Сауран ауданы филиалының рабиолог маманы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы