ТҮРКІСТАНДА «АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ


Армысың, Әз Наурыз! Бүгін көктемнің жарқын мейрамы Әз Наурыз келді елімізге! Түлеп-түрленген жер-анамен, жасарған табиғатпен бірге адамдар көңілі де көтеріңкі. Бүгінгі «Керуен сарай» кешеніндегі іс-шара көктемнің өзі сияқты әдемі биімен, әуезді «Түркістан» әнімен басталды.

Бүкіл түркі әлемі тәу еткен киелі Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы түркістандықтарға құттықтау тілегін арнап, наурыз мерекесінің тоқшылық пен бірлік бастауы екенін, ұлттық мейрамымыз сонысымен де құнды екенін айта келіп, ұлттық мейрамның да, облысымыздың да мәртебесі жылдан- жылға биіктеп келе жатқанын, киелі шаһардың мәртебесі әлемдік деңгейге жететіндігін тілге тиек етті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған қадірлі меймандар ұлттық тағамдар дастарханын аралап көріп, наурыз көжеден ауыз тиді.

Сондай-ақ, мерекелік іс- шара кезінде ата- бабаларымыздан мұра болып келе жатқан салт- дәстүрлерімізге ерекше мән берілді. Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы жас сәбидің тұсауын кесіп, болашаққа қадам басқан балапанға ақ жол тіледі.
Өткен жылы Түркістан қаласында өткен ән фестивалінің жеңімпазы, наурыз мерекесіне арнайы келген әзірбайжандық дарынды әнші Лайлия Алиева ұлттық әнімізді орындап, жырдан шашу шашты.
Айта кетейік, биылғы жылдың өзінде Ұлыстың Ұлы күні – наурыз мейрамы қарсаңында қаламызға 20 мыңнан астам туристер келеді деп күтілуінің өзі дүние жүзінің көне шаһарға қызығушылығы арта түскенінен хабардар етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы