ТҮРКІСТАН: АУДАН ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН


Ұлттық құрылтай отырысында Мем¬ле¬кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алды¬на ауқымды міндеттер қойды. Энергетикалық қауіпсіздік мәселесі, сарапшылардың пікірінше, қазірдің өзінде күн тәртібінде тұр. Көрші елдерге тәуелді болмас үшін өзіміздің энергетикалық ресурстарымызды пайдалану қажет. Осыған байланысты алдағы бес жылда көлемі кемінде 14 гигаватт болатын жаңа энергетикалық қуаттар енгізілетін болады. Осы жұмыс шеңберінде жаңартылған энергия көздерінің дамуына байланысты энергетика саласын басқару бойынша тәсілдерді жетілдіру жоспарлануда. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, жаһандық күрделі салымдардың шамамен үштен бірі қазірдің өзінде жаңартылатын энергетика жобаларына тиесілі. Бұл мәселеде табиғатты қосымша электр энергиясын өндіру үшін пайдалануға мүмкіндік беретін гидроэлектростанцияларды салу мен жаңғыртуға ерекше рөл берілген.
Экономикалық ынтымақтастық даму ұйымы стандарттарын ескере отырып, экономиканың барлық секторларының қолданыстағы энергия тиімділігі саясатын, оның ішінде ресурс үнемдеу жөніндегі нормативтік талаптарды енгізу жолымен қайта қарау жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты нормативтен тыс тұтыну кезінде жоғары тариф белгілей отырып, жаңа тарифтік саясатты әзірлеу басталды. Мәселен, 2029 жылға қарай өнеркәсіпте энергия сыйымдылығын 15%-ға, энергетика секторында 10%-ға төмендету, бір аудан бірлігіне энергия тұтынуды 15%-ға, жан басына шаққандағы энергияны тұтынуды 10%-ға қысқарту жоспарлануда.
Осы орайда Сауран ауданындағы 35 елді мекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. 1 елді мекен күн сәулесі батареяларынан қуат алуда. Аудан халқының өсуіне байланысты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, ағымдағы жылы 37 дана орнатылады. Сонымен қатар, елді мекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде (Еңбекші Дихан, Шорнақ, Қосмезгіл, Ескі Иқан, Оранғай, Бабайқорған, Жүйнек). «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында 2023-2024 жылдары: Шорнақ және Ескі Иқан ауылдық округтерінде 10 кВт – 6,4 шақырым электр желісі, Үшқайық, Шаға және Бабайқорған ауылдық округтеріне 0,4 кВт – 10,6 шақырым электр желісі ауыстырылады. Шорнақ, Үшқайық, Ескі Иқан ауылдық округтеріне 3 дана трансформатор орнатылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауы елімізде іске асырылып жатқан реформалардың заңды жалғасы іспетті.
Президент жаңа экономикалық жүйеге көшу кезеңінде алдымен еліміздің оған қандай мүмкіндіктері мен әлеуеті бар екенін, қандай тәжірибеге сүйеніп, экономиканың қай секторын дамыту арқылы қол жеткізуге болатынын нақты зерделеген. Тоғыз нақты бағыттар бойынша тапсырмалар берілді.
1. Өнеркәсіптік саясат.
2. Аграрлық сектор және азық-түлік базасы.
3. Инфрақұрылымды жаңғырту.
4. Көліктік-логистикалық әлеуетті іске асыру.
5. Цифрландыру, инновация және креативті индустрияны дамыту.
6. Орта кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту.
7. Макроэкономикалық саясатты қайта жүктеу.
8. Адами капиталды нығайту.
9. Тиімді мемлекеттік аппарат.
Қазақстан экономикасының жаңа парадигмасы өндірістің барлық негізгі факторлары – еңбек, капитал, ресурстар мен технологиялардың әлеуетін тиімді пайдалануға негізделмек.
“Бүгінде менің бастамаларымның басым көпшілігі жүзеге асты. Бірқатар жұмыс жалғасып жатыр. Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады.Өздеріңізге мәлім, былтырдан бері елімізде ауқымды саяси жаңғыру жұмыстары жүргізілді. Небәрі бір жарым жылдың ішінде көптеген өзгеріс жасалды. Оған баршаңыз куә болдыңыздар, реформаны жүзеге асыру үшін белсенді түрде жұмыс істедіңіздер.Қолға алған шаралар нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Басқару жүйесі ықпалды Парламенті бар Президенттік республика үлгісіне көшті. Елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнықты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыруымыз қажет. Бұл жерде Парламенттің рөлі ерекше.Адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалды. Әділдікті және заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі артты. Қоғамның саяси мәдениеті мүлде жаңа сипатқа ие болды.Алайда нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет”, деді Президент.
Айта кетейік, қазір елімізде 220 электр стансасы жұмыс істейді, оның ішінде жалпы қуаты 2,8 ГВт бола¬тын 144 жаңғырмалы энергия көзі (ЖЭК) нысаны бар. Былтыр қуаты 495,6 МВт болатын тағы 16 ЖЭК нысаны іске қосылды. Станса жабдықтарының орташа тозу деңгейі 56%-ға дейін төмендеген. Жыл басында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев тапшылықты жабу және экспорттық әлеуетті ұлғайту үшін энергетика саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленгенін айтқан еді. Соның негізінде шамамен қосымша 26 ГВт жаңа қуатты енгізу қарастырылады.
Электр энергетикасы саласын дамыту жоспары сәтті іске асырылса, 2035 жылға қарай отын түрлері бойынша белгіленген қуаттың құ¬ры¬лымы мынадай болады:
• Жаңартылатын энергия көздері – 24,4%;
• Гидроэлектр стансалары – 10,8%;
• Газ – 25,8%;
• Көмір – 34,3%.
Жаңартылатын, баламалы энер¬¬гияны және газ генерация¬сын іске қосу арқылы электр энергиясын тұтыну көлеміндегі көмір гене¬ра¬ция¬сының үлесі едәуір төмен¬дейтін болады. Осылайша, 2035 жылға қарай жылына 44 млн тонна СО2 деңгейінде көміртекті офсетке қол жеткізу жоспарланып отыр.
«Елімізде азаматтардың кейбір са¬наты үшін (аз қамтылғандар, мү쬬кіндігі шектеулі азаматтар, зе鬬¬неткерлер, т.б.) жаңа тариф¬тер ауыр көрінуі мүмкін. Бірақ бүкіл әлемде бұл жүктемені тө¬мен¬¬¬детудің басқа тетігі әзірге жоқ. Бюджет арқылы субсидиялау және энер¬-гия үнемдеу бойын¬ша не¬ғұрлым белсенді жұмыс жүр¬¬гізу және ғимараттар мен үй-жай-лардың энергия тиімділігін арт¬тыру сияқты шаралар қажет. Энер¬гетикалық қауіпсіздік – кез келген мемлекет үшін маңыз¬ды. Өйткені бұл сала елдің эконо¬ми¬ка¬лық тұрақтылығына, ұлттық қବуіп¬¬сіздігіне және жалпы әл-ауқବ¬ты¬на тікелей әсер етеді. Энерг嬬-тикалық қауіпсіздікке түрлі әдіс¬¬¬¬тер және ең алдымен энергия кө第¬¬де¬рін әртараптандыру шараларын қолдану арқылы қол жет¬кі¬зі¬леді және шешіледі. Эконо¬ми¬ка¬мыз¬дың 60%-ға жуығы көмірмен қамтамасыз етілетіні жасырын емес. Сондықтан энергетикалық құ¬-рылымды әртарап¬тан¬дыру ар¬қылы біз энергия көзіне тәуел¬ді¬лікті азайтамыз. 2023 жылғы жолдауында Мемлекет басшысы «жаңартылатын энергетика және ГЭС жобаларын іске асыруды жа묬¬ғастыру» қажет екенін айтты. Бұл ретте әрине, атом энергиясын қосар едік. Жаңартпалы энергия көздерін дамыта отырып, энергия¬ны жинақтау жүйесін де дамыту қажет. Бұл өте маңызды», дейді «Атамекен» ҰКП бас¬қарушы директоры Жақып Хайрушев.
Сарапшылардың айтуынша, төмен және әділетсіз тарифтерге байланысты салаға сыртқы инвес¬тиция ағыны қысқарып қалды. Бұл жайт біздің қазіргі апаттарға, табиғи апат¬тарға, кибершабуылдарға және басқа қауіптерге төзімділікті әлсі¬ре¬тіп жіберді. Энергетикалық жаᬬдықталуымыз төмен болған¬дық¬тан көршілерімізбен халықаралық ынтымақтастықты нығайта беруіміз өте маңызды. Бұл, ең алдымен Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елдері. Біз олармен қазіргі уа¬қытта параллель режімде жұмыс істеп жатырмыз. Атап айқан¬да, ын¬ты¬мақтастықты дамыту, тең се¬ріктес болу, трансшекаралық эне𬬬гия саудасына қатысу, бірлес¬кен инфрақұрылымдық жобалар құру және төтенше жағдайларда бір¬ле¬сіп әрекет ету маңызды дейді палата өкілдері.
«Энергетикалық қауіпсіздік проᬬлемаларын шешу көпқырлы тәсіл¬ді талап етеді. Онда біздің ме쬬лекетіміз үшін қазіргі уақытта энер¬гетикалық ресурстарымыздың, қолданыстағы инфрақұрылымның, сондай-ақ геосаяси факторлардың болуын ескеретін шаралар болуы керек. Тәуекелдердің тұрақты мо¬ни¬торингі және оларды ауырт¬па¬лық¬сыз жоюды білу маңызды», деп атап өтті Жақып Хайрушев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы