Көне тарихтан сыр шертетін Сауран қаласында сенбілік жұмыстары өтті. Түркістан облыстық мәслихат депутаттары мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері және Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастырумен тарихи ескерткіш аумағы тазартылды.
Аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы мен облыстық мәслихат депутаттары Баймахан Тоймаханұлы және Жанар Амангелдіқызы арнайы қатысып, оқытушылар қауымы мен студенттерге алғы сөз сөйледі. Онда қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысып, әрбір азамат облысымыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосу керектігін атап өтті.
Тазалық жұмысына қатысушылар Сауран қалашығы аумағын тазартып шықты. Тарихи нысанның жан-жағын абаттандырылып, қоқыс қалдықтары алынды. Онда Археология ғылыми-зерттеу институтының директоры Көпжасар Жетібаев келушілерге сенбілік жұмысымен қатар экскурсия жасатып, тарихи мәліметтермен бөлісті. Сауран қаласының іргетасы XII ғасырда ірі сауда орталығы ретінде қаланып, «Жібек жолы» тікелей осы жерден өтетін болған. Тағы бір деректе XIII ғасырдың орта тұсында Сауран Ақ Орданың астанасы болғаны жазылады. XIV ғасырдың аяғында Сауранды Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Сондай-ақ ислам дінінің Қазақстанға таралуына ықпал еткен.
Ортағасырға тән жақсы сақталған тарихи нысанға келушілердің саныда жыл сайын артып келеді. Аудан көлемінде тарихи-мәдени нысандарына өткен жылы 85 579 турист келген. Осы мақсатта туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Сауран қалашығынан «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізуде. Қазіргі таңда ғимарат қабырғалары тұрғызылған. Биыл құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып пайдалануға беріледі. Айта кетсек, Сауран қалашығының іргетасы XII ғасырда ірі сауда орталығы ретінде қаланған. Сауран қалашығы арқылы «Жібек жолы» өтетін болған. Тағы бір деректе XIII ғасырдың орта тұсында Сауран қалашығы Ақ Орданың астанасы болғаны жазылады. XIV ғасырдың аяғында Сауранды Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Сондай-ақ, Сауран қалашығы ислам дінінің Қазақстанға таралуына ықпал еткен. Жалпы «Киелі мекен» аптасында Түркістан облысында 170 іс-шара өткізу жоспарланған. Соның ішінде зиярат етушілер мен туристер көп болатын Сауран қалашығы, «Укаша ата» киелі орындарының аумағы тазаланды. Экологиялық туризм қоршаған табиғи ортаны қорғау және қалпына келтіру қоғам дамуының барған сайын елеулі өлшемдері болып табылатын кез келген елдің экономикасын дамытуға үлес қоса алатынын есте ұстаған жөн. Көне ғасырлардан сыр шертетін Сауран ауданының аумағында 52 тарихи-мәдени нысандар бар. Оның барлығы Мәдениет және туризм басқармасының теңгерімінде тіркелген. Бұл нысандардың ішінде туристер қызығушылық танытып, көптеп келетін Имам Мархозы, Меңдуана кесенесі, Ерқоян батыр кесенесі, Құрышхан ата, Шаш ана кесенелерібар.
Сонымен қатар, ауданда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы теңгеріміндегі Ескі Сауран қалашығы, Үкаша ата кесенесі, Жүсіп ата тарихи-мәдени туристік нысандары орналасқан. Тарихи нысандарға келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы тарапынан Ескі Сауран қалашығының аумағынан жоба құны 320,0 млн.теңгені құрайтын «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның құрамына қонақ үй, тамақтану орны, көрме орталығы, гид қызметі, автотұрақ кіреді.
Мақаламыздың соңында Сауран қалашығының тарихын Сауран ауданының тұрғындары мен аудан қонақтарына, ауданға келген туристер назарына ұсынып отырмыз.
Әйгілі ортағасырлық қалалардың бірі, Ақ орданың астанасы болған, «елім-айдай» зарлы әннің, халқымыздың басынан кешкен қилы тағдырының куәсіндей ежелгі Сауран қалашығының тарихына бірге шолу жасайық.
Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі.
Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт-шығыстан оңт-батысқа қарай 800 м. солт.-батыстын оңт-шығысқа қарай 500 м мәдени қабатының биіктігі 2 м. Сауран туралы алғашқы деректер 10-ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп жазған. Шыңғыс хан шапқыншылығына байланысты оқиғаларда Сауран туралы деректер кездеспейді. 13-ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. 14-ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. 16-ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі-ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді – жердің астынан салынған каналды ерекше атаған. Сауран 17-ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың басында әлсіреп, 19-ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың 7 – 18 ғасырларға жататынын дәлелдейді.
Сыры терең Сауран ауданы жайлы біліміңізді арттыруға таптырмас мүмкіндік туып тұр. Осы орайда көне жәдігер қаланың тарихын оқырман назарына ұсынып отырмыз. Түркістаннан шығып, Қызылордаға қарай бет алған жолда ерекше көрініс көзге түседі: тас жол бойында үлкен төбе көрінеді. Жақындап қараған адам өткен өмір қалдықтарын — ежелгі қаланың қабырғалары мен іздерін көре алады. Осыдан бірнеше ғасыр бұрын бұл жерде қайнаған өмір, Ұлы Жібек жолының басты бағыттарының бірі осы қала арқылы өтіп, үстіне жібек мата, қымбат металдар мен дәмдеуіштер салынған жүздеген керуендер ағылып жатқан еді. Бүгінде соның тек орны ғана. Түйелер ғана әдеттегідей кең байтақ шөл далада жөңкіліп жүр. Қала екі облыстың (Түркістан мен Қызылорданың) шекарасында орналасқан. Оның көлемі таңғалдырарлық, қалайша бос және шөл даланың ортасында ғажайып қала тұрғызып, биік қабырғалармен, кәріздермен жабдықтаған, шөл жерлерді сумен қамтамасыз еткен деп қайран қаласыз. Сол кездегі Сауран ортаазиялық отырықшы мәдениеттің ең жақсы үлгісін паш етіп, қазіргі ғалымдарға көптеген шешуі табылмаған сұрақтар қалдырды.
XIII ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. XIV ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Мұндағы үлкен мешіт Қазақстанға ислам дінінің тарауына ықпал еткен. Сауран XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында әлсіреп, XIX ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550-800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың VII-XVIII ғасырларға жататынын дәлелдейді. Шаһар ұзақ уақыт бойы Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда мен қолөнерінің ірі орталығы болып, мәдени дамудың бесігіне айналды. 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың билеушісі Сасы Бұқа осы қалада жерленді. Оның ұлы Ерзен Сауран, Отырар, Жент және Баршынкент қалаларында медресе, мешіт, ханака секілді қайырымдылық мекемелерін салдырды. Шаһар саяси және экономикалық орталық ретінде өзінің маңызын кейінгі жүзжылдықта да жоғалтқан жоқ. Сауран үшін өзбектер мен қазақ хандары арасында қаншама қанды шайқастар өткен. Қазақ хандығының құрамына шаһар толығымен ХVІ ғасырдың соңында өтіп, оның басты қалаларының біріне айналды. Дегенмен Сауран бұған дейін де белгілі бір уақыт аралығында қазақтардың билеуіне өтіп тұрды. Мысалы, қазақтың алғашқы хандарының бірі, Жәнібектің ұлы Жиренше хан ХV ғасырдың 80-жылдарында шаһарда бірнеше жыл билік құрған. Деректерде Сығанақ пен Сауранның маңында тонаушылықпен айналысып жүрген Мұхаммед Шайбанидің әскери тобын Сауранның билеушісі Жиренше ханның жасақтары талқандағаны жайлы айтылады. Ортағасырлық Сауран қаласының Дала мәдениеті мен Орталық Азия қалаларының мәдениеті түйіскен жерде орналасқан «сауда-саттық айлағы» әрі Жібек Жолы бойындағы маңызды торап ретінде Қазақстан тарихында алар орны ерекше. Сауран қаласы жайлы ортағасырлық деректерде көптеген мәліметтер кездеседі. Қаланың тарихы екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі моңғол шапқыншылығына дейінгі VІ-ХІІІ ғасырларды қамтыса, екінші кезеңі ХІV-ХVІІІ ғасырларды алып жатыр. «Жұттан, жаудан жаяу басын алып қашқан ел шұбырған шұбырындысы аппақ сүрлеу болып қалады екен» – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде жоңғарлардан үштен екісі қынадай қырылып, үдере қашқан қазақ халқы Сауран айналып, Бұхараға ауған. Ел аузында «Сайран айналған» деген тіркес содан қалып, жау қолында қалып бара жатқан туған жерін, ұлы отанын аңсаған зар мен мұңға толы этностық «Елім-ай» әні туған.