Түркістан облысындағы су нысандары ескіргендіктен шаруалар бөлінген суды толық пайдалана алмай отыр. Бұл туралы Сенат депутаты Әли Бектаев «Оңтүстік аймақтағы агроөнеркәсіптің жай-күйі: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбында өткен көшпелі отырыста мәлімдеді.
Сенаторлар еліміздің оңтүстік өңірлерінің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерін талқылады.
Мәжілісте аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев аграрлық саладағы өзекті мәселелеге арнайы тоқталып, шешу жолдарын ұсынды. Осыған орай Сауран ауданының тұрғындарының назарына су нысандарын жаңарту жұмыстары мен су тапшылығының алдын алу шаралары жайлы аз-кем мағлұмат беріп отырмыз.
«Аграрлы салада мәселе өте көп. Ең бірінші – қайта өңдеуге қатысты қаржы жетіспеуде. Соның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялау мәселесіде бар. Ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялау мәселесін болашақта жергілікті жердегі өкілетті органға, мәслихаттарға беру керек. Себебі, әр өңір аграрлы сектордың қай саласын дамыту қажеттегін жақсы біледі. Егер республикадан қаржы бөліп, трансферт ретінде облыстың бюджетіне түсірсе, содан мәслихатқа тәртібін бекітіп, саланы дамыту қажеттігі туралы талап қойылса, облыс өзіне қажетті өндірісті дамытуға мүмкіндік алады деп ойлаймыз. Бұл субсидияға қатысты», – деді Әли Бектаев.
Сондай-ақ, сенатор субсидияны беру тәртібінің өзінде бюрократтық мәселелер өте көп екендігін айтты.
«Шаруа бір қағазды рәсімдеу үшін бірнеше құжат толтырып, бірнеше жерден рұқсат алуы керек және бірнеше жерден жоба жасап, қаржы шығару керек. Бұл жүйемен шаруа субсидия алмайды. Ал, алмағаннан кейін аграрлы сектор дамымайды» – деді ол.
Сондай-ақ, комитет төрағасы су саласына қатысты мәселелерге де арнайы тоқталып өтті.
Оңтүстікте тозығы жеткен су нысандарының көп екендігін жеткізіп, аталған жағдайларды шешу үшін су үнемдеуге көшу қажеттігін айтты.
«Өңірдегі су нысандарының 70 пайызы ескірген. Көпшілігі 60-70 жылдары салынған. Ескі болған соң шаруалар бөлінген суды толық ала алмай келеді. Себебі, су жерге сіңіп, ауаға ұшып кетеді. Жалпы судың тапшылығы жылдан жылға ұлғаюда. Біз трансшекаралық аймақта орналасқан соң, басқа өңірлерден келетін суға тәуелдіміз. Олда жылдан жылға азайып келеді. Сол үшін суды үнемдеу мәселесімен көп айналысуымыз керек. Оның бірі су жүйелерін дұрыстап жұмыс жасату болса, екіншісі суды үнемдеу технологияларын дұрыс пайдалану. Себебі, бұл аграрлық салаған үлкен пайда береді. Суармалы жер көп болса, су үнемдеу технологиялары көбірек іске қосылса, өнімділікте артады. Біз сол өнімділікті көтеру арқылы өнімнің бағасын төмендете аламыз», – дейді сенатор.
Ал, үшінші ұсыныста майда шаруашылықтарды біріктіріп, коперация құрудың артықшылықтары айтылды.
Әли Әбдікәрімұлы бұл жүйе өнімділікті арттырып, бағаны реттейтінін жеткізді.
«Ұсақ шаруашылықтан алынған өнімнің көлемі төмен, өнімділігі де аз. Сол себепті оның бағасы жоғары болады. Сондықтан біз су үнемдеу технологиясын, дұрыс суару системасын реттеуіміз керек. Сапалы ұрық егу, техникамен қамтамасыз ету қажет. Майда шаруашылықтардың басын біріктіріп ауыл шаруашылық коперацияларын көбейтсек, олардың жері ұлғаяды. Содан тың жерлер пайдаланылса, өнім көбейіп, өнімділік артады. Баға төмендейді. Біз осы жағына көңіл бөлуіміз керек. Ауыл шаруашылығына бөлінген қаражат сондай қажетті жерлерге жұмсалуы қажет», – деді ол.
Соынмен қатар енді Қазақстан суды үнемдеу, ірі өзен-көлдерді цифрлық жүйемен басқару бойынша Қытаймен ауқымды жобаны жүзеге асырады.
Сондай-ақ көрші мемлекеттің агросектордағы озық технологиясын енгізу үшін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде бірлескен технопарк құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Гочжунның Алматыға сапарында белгілі болды.
Қазақстан – көрші елдің «Бір белдеу – бір жол» бастамасын қолдайтын Орталық Азиядағы маңызды серіктесі. Кездесуде Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Қытай Аграрлық университетінің филиалын ашу мәселесі де сөз болды. Сонымен бірге «Суды үнемдеу Цифрлық ғылыми зертханасын» құру жайы қаралды.
– Су ресурстарын басқаруымыз керек. Қытайда тәжірибе өте жақсы. Сондықтан екі академияның арасында – Қытайдың Ұлттық академиясы және біздің Ұлттық академия арасында үлкен мегагрантты іске асыратын боламыз. Суды басқару, ресурстарын басқару мегагранты. Осының барлығы қазір біздің жоспарымызда, – деді ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев.
Осы ретте, таяуда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстан мен Қытай арасындағы транзит және көлік қатынасы саласындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті тұстарына тоқталған болатын.
Оның айтуынша, күрделі гео-экономикалық ахуалда транзиттік және көліктік ынтымақтастықты дамытудың өзектілігі өсуде.
– Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен стратегиялық маңызға ие болған Транскаспий халықаралық көлік маршруты бір-бірін толықтырып, ортақ мақсаттарды көздейді. Осы тұста, екі елдің теміржол мен автокөлік бекеттерінің өткізу қабілеттерін арттыру және 3-ші теміржол өткелін салу мәселелерін дәйекті түрде талқыладық. Екіжақты сауда-экономикалық және инвестиция саласындағы барлық қадам халықтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, – деген еді М. Нұртілеу.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Биыл қосымша 5 млн га ауыл шаруашылығы жерін қайтару жоспарланып отыр. Бұл ретте аталған жерлер бірінші кезекте ауыл халқының мал жаю мұқтаждығын қанағаттандыруға бөлінбек», —деді.
Сонымен қатар, оның мәлімдеуінше, «Аманат» партиясының жанынан «Ауыл аманаты» арнайы жобалық кеңсесі құрылғанын атап өткім келді, ол Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасының сапалы іске асырылуын бақылап, қадағалайтын болады. Ал Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешені саласында атқарып жатқан жұмыстары және дамыту бағытындағы атқарып жатқан іс-шаралары аз емес. Бүгінгі таңда егіншілік саласында ұзақ жылдар бойы топыраққа агрохимиялық сараптама жүргізілмегендіктен, химиялық тыңайтқыштарды жүйесіз қолдану арқылы егістік жерлерде топырақтың құнарлығы төмендеп нәтижесінде топырақтың сорлануы, ластануы, тұздануы сияқты келеңсіз факторлар орын алған. Салдарынан дақылдардың өнімділігі мен сапасының төмендеуі өзекті мәселеге айналуда.
Аталған саладағы кемшіліктерге маңыз бере отырып Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Агро-кеңес беру орталығы» құрылды. Ондағы мақсат — әр дақылдың өсіру технологиялық ерекшеліктерін ескеріп, демонстрациялық алаңдар ашып тәжірибе ретінде шаруаларға ұсыну. Бұл пилоттық жобаның өндірістік бағыты иновациялық технология қолдану арқылы дақылдарды (жүгері, бақша, көкөніс, жеміс-жидек, жылыжай т.б) органикалық негізде өсіріп алынатын өнімді арттыру, химиялық тыңайтқыштардан бас тартып толық органикалық тәсілге көшу.
Ұсынылып отырған пилоттық жобалардың мақсаты — ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз кәсібін жетілдіріп, туындаған кедергілермен күресу, озық заманауи агротехнологияларды меңгеруіне және технологиялық карта негізінде берілген ұсыныстарды ауыл шаруашылығында тәжірибе ретінде пайдалану және алдын алу бойынша тиімді шешім қабылдауына толық көмек көрсету. Жобаға сәйкес, Ордабасы ауданы, Төрткүл елді мекеніндегі «Рамазан агро» ЖШС шаруашылық базасында мақта өсіру бойынша демонстрациялық алаң құрылып, 60 га алқапқа түркиялық «Эдесса», «Лима» элиталық мақта тұқымдары егіліп, өнім жиналды. Отырар ауданы, Талапты елді мекеніндегі «Марғұлан» шаруа қожалығының базасында жүгері өсіру бойынша 20 га алқапқа «Пионер» сорты егіліп, толық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Өсімдіктің өсіп жетілу фазаларының оңтайлы мерзімдерінде органикалық тыңайтқыш сумен берілді. Сонымен қатар, Сауран ауданы, Майдамтал елді мекенінде «ИС Жангир» ЖШС базасында 20 га қант құмайы «Сорго» дақылын мал азықтық мақсатта жоңышқа дақылымен үстеме егу бойынша демонстрациялық алаң ашылды. Суға тапшы Майдамтал өңірінің жағдайында бір маусымда 4 өнім алуға болады. Жоба аясында тәжірибе ретінде дақыл кеш егілгеніне қарамастан жоңышқа дақылының жетілуін жеделдетіп, бірінші орақтың өзінде алынған өнім көлемі артты.