Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірленген болатын. Осыған орай өңір тұрғындарына насихаттау мақсатында экологияны тұрақтандыру, ауа ластануының алдын алу, орман өртінің алдын алу жайлы мағлұматтарды тұрғындар назарына ұсынып отырмыз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 29 наурызда жаңа шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аудару керектігін айтты.
“Тағы бір мәселе – су қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл – стратегиялық маңызы бар міндет. Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін. Сол себепті, бізге оның алдын алу қажет. Қазір Үкімет Су кодексінің жаңа жобасын әзірлеп жатыр. Су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аудару керек. Осы жұмыста ғылыми ұстанымды, инновацияны, халықаралық озық тәжірибені басшылыққа алған абзал. Біздің елде судың 65 пайызы ауыл шаруашылығы саласына жұмсалады. Соның 60 пайызға жуығы құмға сіңіп кетеді. Мұндай ысырапшылдыққа жол беруге болмайды.Жаңа тариф саясатына көшу қажет. Оны дереу қолға алмасақ, ахуал одан әрі күрделене түсетіні анық, – деді Президент.
Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың немесе дұшпаның».
Елімізде кішкентай балалар ғана емес, сонымен қоса ересек үлкен ағаларымызда суға кетіп өмірден қош айтысып жатыр. «Су мен от тілсіз жау». Балалардың суға кету себебі үлкендердің қарауынсыз қалу себебінен, ересектердің суға кету басым көпшілігі мас күйінде суға шомылуы. Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:
I. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
— Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз;
— Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз;
— Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар;
— Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз;
— Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз;
— Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз;
— Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар;
— Айналаңызда адамдар немесе құтқарушылар болмаса суға түспеген абзалырақ болады;
II. Аяқ-қол тырысуы (судорог) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз
Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.
— Егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз;
— Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз;
— Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз;
— Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.
III. Су иірімінен шығудың тәсілдері
— Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз;
— Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз;
— Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз;
IV. Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет
Суда ұзақ шомылу шаршап — шалдығуға әкеліп соғады.
— Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.
— Әлсін — әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз;
— Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.
VI. Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек
Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар.
— Қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын және асқазанын судан босатуға кірісу;
— Қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің әр жағынан саусақпен қармай, немесе қол орамалмен, шай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір затпен ашу керек;
— Ауыз ішін шырыш пен балдырдан тазалау керек;
— Қатерге ұшыраған адамның жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан арылту үшін оның кеудесін көмек көрсетушінің тізесінің бүгілген аяғының үстіне басын төмендетіп салып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып баса беру. Ең жеңіл және тиімді тәсіл — «ауыздан — ауызға» немесе «ауыздан — мұрынға» ауа үрлеу. Қатерге ұшыраған адамды бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды оның мойнының астына жіберіп, екінші қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайту. Бас бармақпен және сұқ саусақпен қатерге ұшыраушының мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 дем салу керек. Қатерге ұшыраушының жүрек соғуын ұдайы қадағалап отыру керек. Егер жүрек соғуы тоқтап қалса қолдан дем алдыру мен қатар, жүрекке тікелей емес массаж әдісін қолдану керек, ол үшін: қатерге ұшыраушының жүрек тұсына бір алақанды қойып екіншісін айқастыра салу керек, екі колдың да саусақтары көтеріңкі болу қажет, дене салмағын пайдалана, төс сүйекті омыртқа жотасына қарай 4-5 см қысады, жиілігі минутына 70-72 рет.
Құрметті Түркістан өңірінің тұрғындары бәрімізге белгілі, дала орман өрттері табиғи немесе жасанды болуы мүмкін. Табиғи дала орман өрттері найзағайдың әсерінен, күннің қатты яғни 40-45 С° ыстығының әсерінен құрғақ шөптердің өздігінен жануы мүмкін себебі олардың тұтану температурасы жоғары болады;
Жасанды дала орман өрттері адамдардың күнділікті өрт қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан пайда болатын өрттер. Адамдардың шылым шегіп толықтай сөндірмей тастап кеткенінің әсерінен, кішкентай балалардың сіріңкемен ойнау нәтижесінде және шаруашылық иелерінің ауыл шаруашылық техникаларында өрт қауіпсіздігін сақтамау, себебі от басқышсыз жүруінен пайда болуы мүмкін.
Шаруа қожалық иелері өздерінің егістік алқаптарының айналасына минералды жолақтар жүргізуі қажет;
-Барлық ауыл шаруашылық техникалары ұшқын ұстағыштармен, екі дана өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс;
-Мал азығын даярлау, егін ору кезінде шаруа қожалық иелері бірігіп ортадан бір өрт сөндіру арналған соқалы тракторды кезекшілікке қою шараларын ұйымдастыру қажет;
-Дала, орман өрттерінің алдын алу шараларында, орманның аса өрт қауіпті аймақтарына адамдар мен техникалардың кіріп шығуына шектеу қоюға;
-Дала, орман өрттеріне қарсы өзара бірлескен іс-қимыл жоспарын жасап, орман қоры жерімен шекаралас аймақтарда өрт қауіпі маусымы кезінде ауыл округі бойынша ерікті өрт сөндіру жасақтарын ұйымдастырып, құрамы бекітіліп дайын болуы қажет;
-Ауыл әкімдіктеріне шекаралас орналасқан орман қоры жерлеріне өрт сөндіруге бейімделген және жанар-жағар маймен қамтамасыз ітілген техникалар жасақталып дайындықта тұруы керек;
-Бидай немесе шөп ору науқанында желді күні ору жұмыстарын тоқтатуын қамтамасыз ету қажет;