Еліміз заманауи сын-тегеуріндерге мен қауіп қатерлердің алдын-алу үшін мемлекеттің қорғаныс қабілетін күшейтуге көңіл аударуда. Осы саладағы негізгі ережелер мен тәсілдер ҚР-ның 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында, Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды 2030 жылға дейін құру және дамыту тұжырымдамасында белгіленген. Сонымен қатар Президент әскери доктринаға өзгертулер мен толықтырулар туралы жарлыққа қол қойды. Ел басшысының Қаруды Күштерді, өзге де әскери құрылымдарды қайта жаңарту, жарақтандыру һәм қорғаныс-өнеркәсіп кешенін 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын қайта қарау турасындағы тапсырмалары іске асырылып жатыр.
Қазақстан Қарулы Күштері 1992 жылы 7 мамырда құрылды. Биыл оған 30 жыл толды. Еліміздің Қарулы Күштері үш тармаққа бөлінеді: Әскери-теңіз күштері, Әуе қорғанысы және Құрлық әскері. Қорғаныс саласындағы халықаралық тәжірибеге сай Қарулы Күштердің, арнайы армия қатарына кіретін әскерлердің орналасу орындары айқындалған. The Military Balance институтының деректеріне сәйкес, әлем елдерінің қарулы күштерінің 2021 жылғы рейтингінде Қазақстан 166 мемлекеттің ішінен 70-орында тұр. Деректер бойынша еліміздің тұрақты әскер саны 39 мың адамнан тұрады. Ал Қарулы Күштерге кірмейтін әскерилендірілген құрылымдарда 31 мыңнан астам адам қызмет етеді. Нәтижеде, Қазақстанда 70,5 мың әскери қызметкер бар. Елдің 10 мың тұрғынына шаққанда 38 адамнан келеді екен. Әлемде Қарулы Күштердің алғашқы үштігін Қытай, Үндістан, АҚШ алады. ТМД елдері ішінде Ресей – 5 орынға, Украина – 21 орынға, Әзербайжан – 41 орынға, Өзбекстан – 63 орынға, Белорусь – 64 орынға, Армения – 66 орынға жайғасқан.
ТМД елдері бойынша бойынша, Ресейде тұрақты әскер саны – 1 014 000 адам, Украина – 209 000 адам, Әзербайжан – 126 950 адам, Өзбекстан – 48 мың адам, Белоруссия – 45 350 адам, Армения – 44 800 адам, Түркіменстан – 36 500 адам, Қырғызстан – 10 900 адам, Молдова – 5 150 адамды құрайды екен.
Былтырғы жылдың үшінші тоқсанында мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласында 483,2 мың адам қызмет атқарған. Бұл 2020 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 1,9 пайызға аз болып шықты. Мемлекетті басқару және қорғаныс саласында қызмет істейтін адамдардың ең көбі Алматы облысында орналасқан. Яғни аталған сала бойынша 72,9 мың адам Алматы облысында жұмыс істейді. Кейінгі орында – 52,6 мың адаммен Шығыс Қазақстан облысы тұр. Одан кейін Астанада – 41,9 мың адам, Жамбыл облысында да – 41,9 адам мемлекетті басқару және қорғаныс саласында қызмет атқарады. Қарағанды облысында – 34,6 мың, Түркістан облысында –25,9 мың адам, Алматы қаласында – 25,8 мың адам, Ақмола облысында – 23,9 мың адам, Қостанай облысында – 22,1 мың адам, Павлодар облысында – 20,5 мың, Ақтөбе облысында – 19,4 мың адам, Қызылорда облысында – 19,2 мың адам, Батыс Қазақстан облысында – 19 мың адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 18,6 мың адам, Шымкент қаласында – 17,6 мың адам, Атырау облысында – 14 мың, Маңғыстау облысында – 13,4 мың адам мемлекетті басқару және қорғаныс саласында жұмыс істейді. 2021 жылдың толық есебі бойынша елімізде мемлекеттік қазынадан қорғаныс саласына бөлінген қаржы 744,7 миллиард теңгені құраған. Бұл бір жыл ішінде 10,9 пайызға өскенін көрсетті. Ао оның бюджеттік шығысындағы үлесі жыл ішінде айтарлықтай өзгермеген. Мысалы, 2020 жылы 4 пайыз болған болса, 2021 жылы 4,1 пайызға жеткен. Ал биылғы жылы қорғанысқа 2,2 трлн теңге қаржы бөлі қарастырылған. Мұны биылғы мамыр айында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтқан болатын Оның айтуынша, күштік құрылымдарға қосымша 446 млрд теңге бөлініп, жалпы алғанда қорғаныс саласына берілген сома 2,2 трлн теңгеге жетті. Күштік құрылымдарға бөлінетін қаражат жыл өткен сайын өсіп келеді. Атап айтсақ, 2016 жылы – 438,5 млрд теңге, 2017 жылы – 452,4 млрд теңге, 2018 жылы – 542ғ1 млрд теңге, 2019 жылы – 738,7 млрд теңге, 2020 жылы – 671,8 млрд теңге, 2021 – 744,7 млрд теңге қаржы бөлінген.
Қаржы министрі қорғанысқа бөлінген қаржы туралы : «Барлық көзделген шығыстың 30%-ға жуығы нысаналы трансферттермен өңірлерге беріледі. Олардың жалпы қаражат сомасы 818 млрд теңге болса, оның ішінде дамуға арналған трансферттер – 475 млрд теңге. Аймақтарға республикалық бюджеттен жалпы шығыстардың 5,5 трлн теңгеден астамы немесе 29,3%-ы бағытталатын болады»,-деген еді Ерұлан Жамаубаев.