101 жастағы майдангерді генерал мен жас сақшылар құттықтады

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – тарихпен тілдесіп, жүректі рухтандыратын үлкен белес. Осы айтулы мереке қарсаңында Түркістан облысы Ордабасы ауданында тағылымды кездесу өтті. Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов пен Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев және 8 сыныпта оқитын жас сақшылар ғасыр куәсі болған Ұлы отан соғысының ардагері Қалмен Мұратұлы атамыздың шаңырағында болып қайтты.

Сұрапыл соғыс даласына 8-сыныптан аттанған Қалмен Мұратұлы 1924 жылы өмірге келген. Майданда неміс басқыншыларымен ұрысқа түскен ол, 1944 жылдың ақпан айында Витебск қаласының маңында болған қырғын соғыста сол қолынан жараланып, госпитальға жіберіледі. Осылайша елге ІІ-ші топтағы мүгедек болып оралды.
Кездесуге келген жас сақшыларға ардагер өзінің оқиғасын айтып, батасын берді.

Жас ұрпаққа өнеге, келер ұрпаққа ұмытылмас тарих, сұрапыл соғыстағы ерлігі тарихта алтын әріппен жазылған ақсақал бүгінде 101 жаста. Өмірлік жұбайы екеуі 6 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Олардан 32 немере, 85 шөбере сүйіп отыр.

Генерал Мұрат Талапұлы ғасыр жасаған майдангердің деніне саулық, отбасына амандық, құт береке тілеп, сый-сияпатын табыстады. Өзінің өнегелі әңгімелерін жас сақшыларға арнаған қария, генерал бастаған ұжымға алғысын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы