Ана мен бала денсаулығы медицина саласының ең өзекті әрі көкейкесті мәселесі екені анық. Керек десеңіз, бұл ұлт байлығы.Халқымыздың баянды болашағы, мемлекетіміздің ертең жарқын күні бұл ана мен бала денсаулығының қандай болмағына тікелей байланысты.Еліміздің даму көгіндегі темірқазығы – «Қазақстан 2030» бағдарламасының қабылданғанына да 20 жылдан асты. Бағдарлама қабылданған уақыттан бері оның жоспарланған мерзімі, 33 жылдың да тең жартысына таяуы артта қалды. Осы аз ғана жылдың ішінде Қазақстан 20 емес, 200 жылда қол жете бермейтін ұзақ жолды жүріп өтті. Бағдарламада көрсетілген талай межелерді мерзімінен бұрын бағындырды. Айтулы құжатта Қазақстанның дамуына қажетті сан тармақты салалардың әрқайсысы жіліктеліп, әрқайсысының барар бағыты мен алар асуы нақты көрсетілген. Солардың бірі — азаматтардың денсаулығын, білімін және ырысын жақсарту. Бұл тармақтың мақсаты — тұрғындарды салауатты өмір салтына ынталандыру, зиянды әрекеттердің алдын-алу, түрлі аурулардың алдын-алу, ана мен бала денсаулығын қорғау. Бүгінгі таңда біздің бүкіл жұмысымыз денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жыл¬дарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда» . Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарына негіз салды.
Денсаулықтың жоғары деңгейiне жетудiң ең маңызды мақсаты салауатты өмiр салтын және азаматтың өз денсаулығына деген жаңа көзқарасын қалыптастыру болып табылады, бұл әр адамның табиғи және iшкi қажеттiлiгiне айналуға тиiс.Бір ғана мысал айта кететін болсақ: елімізде күн өткен сайын шылымқорлар саны артып барады. Соның ішінде қыз-келіншектердің темекіге үйірлігі алаңдаушылық тудырып отыр. Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының қандай болуы бүгінгі күні қыз-келіншектердің денсаулықтарына қалай қарайтынымен өлшенеді. Салауатты өмір салтын ұстану зиянды әдеттерден аулақ болып, спортпен айналысумен қоса – дұрыс тамақтана білу. Өкінішке қарай, халқымыз көбінесе дұрыс тамақтануға жеткілікті көңіл бөле бермейді. Адам майлы тамақтармен қатар, тұзды, қуырылған тамақтардан өзін шектеп отыруы керек. Сондай-ақ құстың, балықтың, жылқының етін араластырып жеуді үйрену керек. Яғни дұрыс тамақтану – салауатты өмір салтын сақтаудың кепілі. Денсаулық сақтау ұйымының бүгінгі күні жасалып отырған бағдарламасы бойынша адам еттен гөрі жеміс-жидектерді, көкөністерді көбірек пайдаланғаны жөн. Егер біз салауатты тамақтана білсек, бүйрек, қан-тамырлары ауруы мен ісік ауруларының азаюына мүмкіндік туар еді. «Ауру – астан» дейді. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстануды дұрыс тамақтанудан бастау қажет.
«Біздің негізгі мақсатымыз — тұрғындардың денсаулығын жақсарту және азаматтардың өз денсаулығына деген ынтымақты жауапкершілігін қалыптастыру, жастардың арасында дене шынықтыруды және спортты насихаттау, сонымен қатар, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Жылдың бас құжатында «Адам науқастану оның өзіне тиімсіз екенін түсінуі керек. Бізде денсаулық сақтау тегін, бірақ, бүгінде зейнетақы қорларында жасалып жатқандай, болашақ – медицинадағы сақтандыруда. Адамның өзі, оған жұмыс беруші және мемлекет жауапкершілікте болады. «Адамның денсаулығы неғұрлым нашар болса, ол соғұрлым аз сақтандырылады, неғұрлым жақсы болса, сақтандыру сомасы да соғұрлым көп болмақ» делінген Жолдау мәтінінде.
Бұл айтылғандар «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» қағидасымен үндесіп жатқанын денсаулықтың басты байлық екенінен хабары бар әрқайсысымыз-ақ жақсы ұғынамыз. «Сақтансаң – сақтармын» делінетін қағида да біз үшін жат емес. Сондықтан, біздің мақсатымыз – тұрғындарға «кез келген аурумен күресу — тек медицина қызметкерлерінің ғана міндеті емес, ол ең алдымен сіз бен біздің міндетіміз, оны жеңу үшін әрбір азамат , әрбір жасөспірім өз бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруы керек екендігін түсіндіру.Себебі өз денсаулығымызға біз өзіміз ғана жауаптымыз. «Ұзақ және бақытты өмір сүру — тек біздің өз қолымызда» деген қағиданы ұғындырып, өз денсаулықтарын сақтауға және нығайтуға үйрету. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шараларда, салауатты өмір салтының басты аспектін түсіндіре отырып жұмыс жасау»
Ана мен бала денсаулығын қорғау сұрақтары әрбір адамға қатысты. Ана денсаулығы деп жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезіндегі әйелдер денсаулығын айтамыз. «Жаңа туылған нәрестелер денсаулығы-олардың өмір сүруіндегі алғашқы айдағы денсаулығы. Әлемнің кейбір аудандарындағы медико-санитарлық көмек алудағы әділетсіздік — жоғары ана өлімін және бай мен кедей арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Жалпы ана өлімі оқиғалары (99%) дамушы елдерде болып жатады. Осы оқиғалардың үштен бірі – Оңтүстік Азияда және басым көпшілігі — Африкадағы Сахара шөлінің оңтүстігінде кең таралған.Әйелдер неге өледі? Жүктілік және жүктіліктен кейінгі және туу кезіндегі асқынулардың өршуі нәтижесінде әйелдер өледі. Осы асқынулардың көбісі жүктілік кезінде өршиді және оларды болдырмауға болады. Жүктілікке дейін болған асқынулар жүктілік кезінде күшеюі мүмкін, әсіресе қадағалауда болмаса.Аналар денсаулығын қалай қорғауға болады? Ана денсаулығы мен жаңа туылған нәресте денсаулығы тығыз байланыста. Шамамен 2,7 миллион жаңа туылған нәрестелер жыл сайын өледі және тағы 2,6 миллионы өлі болып туылады. Барлық босандыруларда білікті мамандардың болуын қамтамасыз ету өте маңызды, себебі уақтылы көмек көрсету және емдеу, ана мен бала өміріне байланысты»