Құтыру ауруы — жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуымен сипатталатын және көбінесе өліммен аяқталатын вирустық инфекциялық ауру. Бұл вирус сау адамға осы вирусты жұқтырған жануарлардың тістеп алу, тырналу немесе сілекейлену нәтижесінде жұғады. Вирус ағзаға енгеннен кейін жүйке жолдары арқылы таралып барлық жүйке жүйесін зақымдайды.
Вирусты тасымалдаушыларға дала жыртқыштары, үй жануарлары жатады. Дала жыртқыштарына мыналар: қасқыр, түлкі, жарқанат, борсық, кеміргіштер және т.б. жатса, үй жанурларына — ит, мысық, жылқы, доңыз және ұсақ немесе ірі қара малдар жатады. Қаңғыбас иттер мен түлкілер адам үшін ең қауіптісі болып табылады. Инкубациялық кезең 12 күннен -1 жылға дейін. Тістелген жер бас аймағына жақын болса инкубациялық кезең қысқарады ал бастан неғұрлым алыс орналасса инкубациялық кезең соғұрлым ұзақ болады. Тістелген жер қызарып, ұйып, нерв жолдары барысында қатты сыздап ауырады, қорқыныш, үрей сезінеді, судың дыбысынан қорқу, жарықтан, қатты дыбыстан қорқу қалтырау, сандырақтау, тыныс алу жүйесі мен жүректің бұлшық еттерінің салдануы белгілері болады. Егер сіз белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз, жануарды мал дәрігеріне көрсетіңіз мал дәрігері жануарды 10 күндік ветеринариялық бақылауда ұстап, сау болған жағдайда – жануардың денінің саулығын растайтын анықтама береді.
Жарақаттанған адамға осы аралықта шартты егу тағайындалады. Ал егерде жарақаттаған жануар қашып кетіп, табылмаса, белгісіз болса құтыру ауруына қарсы антирабиялық шартсыз егу курсы тағайындалады. Егер сізді қандай да бір жануар тістеп алса ең алдымен тістеп алған орынды тез арада сабынмен жақсылап 10 минут көлемінде жуу керек, содан кейін жақын маңдағы медициналық мекемеге тез арада қаралу керек, себебі вакцинаны тез қабылдаған ауруды тез жеңуге көмектеседі.
Сондықтан мінезінде өзгерістер байқалған жануарларды қамап ұстау қажет, балаларды және өзгелерді күдікті жануарлардан аулақ ұстап, дер кезінде мал дәрігерін шақырту қажет. Ит, мысық асырайтын болсаңыз, жергілікті мал дәрігерлеріне көрсетіп, тиісті кеңес алып, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіріп тұруларыңыз қажет. Құты-руға қарсы екпе тегін жасалады.
Б.ӘБДІКЕРІМ,
Сауран аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.