Облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Жиында облыстың орман қоры жерлеріне 2021-2025 жылдары 110,0 мың гектарға 170,0 млн көшеттерін егу бойынша кешенді жоспары, елдімекендерге 1,1 млн. көшеттерді егуге арналған аймақтық жоспары атап өтілді. Кешенді жоспарға сәйкес, 2021-2023 жылдарда 51,6 мың гектар жерге, 78,0 млн. дана көшеттер егіліп, жоспар орындалған. Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыстың елді-мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облысымыздағы 852 елдімекенді 90% көгалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет отырғызу жоспарланып, жұмыстар атқарылуда.
Сондай-ақ, өңірде 2024 жылдың көктем айларында елді мекендерді көгалдандыруға 522 935 түп көшет егу жоспарланып, оның 483 935 көшеті егілген. Ал, күзгі науқанға 515 935 дана көшет егу жоспарлануда. Басқарма басшысының айтуынша, жоспарға сәйкес елдімекендерді көгалдандыру бойынша жұмыстар Түркістан, Арыс қалалары мен Созақ, Қазығұрт, Келес аудандарында оң өзгеріс беруде. Мұнымен қоса спикер облыстағы тауарлы балық өсіру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Түркістан облысы бойынша 2030 жылға тауарлы балық өсіру көлемін — 20 мың тоннаға, балық өнімдері экспортының өсімін — 7 мың тоннаға жеткізу көзделген. Статистикалық есептер бойынша облыстағы балық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарымен 4 900 тонна балық өнімдері өңделген. Ал, 2024 жылдың 6 айында «Ауыл аманаты» бағдарламасымен балық шаруашылығын дамыту мақсатында 24 кәсіпкерге 168,9 млн теңге жеңілдетілген несие берілген.
Брифингте қозғалған тағы бір тақырып — тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу болды. Осы жылдың 6 айының қортындысымен 46 128,0 тонна қоқыс жинақталып, оның 10 905,0 тоннасы қайта өңдеуге бағытталған. Сонымен қатар, 2023 жылы арнайы ғарыштық түсірілім кезінде облыс аумағынан 414 бей-берекетсіз қоқыс орындары анықталып, жойылса, биылғы жартыжылдықта 41 нүкте анықталып, 30 нүктесі жойылған. Облыстағы су нысандарында санитарлық-экологиялық талаптарды сақтау үшін 149 өзенге, 31 су қоймаға, 2 табиғи көлге су қорғау аймақтары мен белдеулері орнатылған.
Жиын соңында журналстер тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға жауап беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Дәурен ТІЛЕУХАН.