ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ САЛЫНАДЫ


Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасының «China Gezhouba Group Overseas Investment Co., Ltd.» компаниясы бас директорының орынбасары Ма Йингинмен кездесті. Кездесуде Түркістан облысында 2 күн және 2 жел электр станцияларын салу мәселесі талқыланды.
– Біз сіздердің біздің өңірде жалпы қуаты 1 ГВт-тан астам күн және жел электр станцияларын салу бойынша ниеттеріңізді білдірген болатынсыздар. Ол ұсынысты жан-жақты қарап, зерделеп шықтық. Бұл ауқымды жоба болғандықтан, Үкіметке, энергетика саласына жауапты министрлікке тиісті хаттар жолданды. Жұмыс жүріп жатыр. Жобаның жүзеге асуына мүдделіміз. Бүгін осы жобаны іске асырудың алғашқы қадамы ретінде арнайы меморандум жасалады. Бұл әріптестік алдағы уақытта басқа да бірлескен жобаларды іске асырудың бастамасы болады деп үміттенеміз, – деді Дархан Сатыбалды.
«China Gezhouba Group Overseas Investment Co., Ltd.» компаниясы бас директорының орынбасары Ма Йингин әріптестік орнатып, қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғысын жеткізді. Бұл электр станциялары Түркістан өңірінің ғана емес, Қазақстанның энергетикалық әлеуетін көтеруге серпін беретініне сенімді екенін жеткізді. Сонымен бірге экологиялық жағдайды жақсартуға да үлес қосатынын атап өтті.
Аталған компания Түркістан облысының аумағында жалпы қуаты 1,3 ГВт күн және жел энергетикасы нысандары бойынша 4 жобаны жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр. Атап айтсақ, Сауран ауданы, Ибаата ауылында қуаты 240 МВт Күн электр станциясын салу жобасы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында қуаты 300 МВт Күн электр станциясын салу жобасы, Бәйдібек ауданы, Жүзімдік ауылында қуаты 300 МВт Жел электр станциясын салу, Түлкібас ауданы, Шақпақ баба ауылында қуаты 500 МВт жел электр станциясын салу жобасы жүзеге асырылады. Жобаларды жүзеге асыру және пайдалану кезеңінде жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады.
Электр энергиясын өндіретін 4 нысанды пайдалануға беру арқылы жылына 4 млн. тонна көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға және 900 млн. текше метр газды үнемдеуге мүмкіндік береді. Жалпы инвестор 1,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады деп жоспарланған.
Кездесуде Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен «China Gezhouba Group Overseas Investment CO., LTD» бас директорының орынбасары Ма Йингин арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Келіссөздер сәтті жүзеге асып, жұмыс басталса, электр станцияларының біріншісі 2025 жылы, ал соңғысы 2028 жылы пайдалануға берілмек.
Сондай-ақ, Сауран ауданы бойынша 36 елді мекеннің 32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген.Ағымдағы жылы Аша елді мекенінде ауыз су жүйесі құрылысының 2-ші кезеңі аяқталып, іске қосылды.Ойық елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысына 2023 жылға 229,9 млн. теңге қаржы бөлінді.3 шалғай орналасқан елді мекендерде кешенді блок модуль орнату қарастырылуда. 12 елді мекенде «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» тарапынан жер асты су қоры зерттелуде. Сонымен қатар, Майдантал ауыл округі, Ынталы елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне (құны – 23,0 млн. теңге) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша 69 үй таза ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ, орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендерде нысандардың құрылысына (2-ші кезеңіне) жобалық сметалық құжаттары әзірленуде, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, қаржыландыруға ұсынылатын болады. Атап айтқанда: Еңбекші Дихан, Ескі Иқан, Ибата, Шорнақ, Жүйнек және Қарашық елді мекендері.
Ауданда 11 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге нақты 6 елді мекен табиғи газды пайдаланып отыр. Осы жылы 5 елді мекенге табиғи газ қосылады. Табиғи газбен қамту бойынша, Шорнақ, Қосмезгіл, Оранғай елді мекендерінде (4,5 млрд. теңге) және Жүйнек және Қарашық ауыл округтерінде (4,9 млрд. теңге) ішкі газ құбырларының құрылысына жобалық сметалық құжаттары толық әзірленді. Сонымен қатар, Бостандық, Қосқорған және Еңбекші Дихан елді мекендерінде ішкі табиғи газ құбыры құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Ал, Жүйнек, Қарашық, Оранғай, Шорнақ ауыл оуругтеріне магистральді табиғи газ құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын шілде айында алу жоспарлануда.
Сауран ауданы бойынша 36 елдімекен ішінде, тұрғындарының саны 5 мың адамнан асатын 6 елді мекен және 5 мың адамға дейінгі 26 елдімекен бас жоспармен және оңтайландырылған жобалармен қамтылған.Аудан орталығы Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында 5 ғимараттың және инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы жүруде.Бабайқорған елді мекенінде «Спорт зал» құрылысы жүргізілуде. 2023 жылы нысанды тапсыру жоспарланған. Сонымен қатар, Бабайқорған елді мекенінде «Клуб және кітапхана» құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Аудандық бюджет есебінен Шорнақ, Иассы, Үшқайық, Шаға ауыл округтерінде ветеринарлық бекеттің құрылысына, Үшқайық және Жаңа Иқан ауыл округтерінен «Спорт зал» құрылысына, Жібек жолы ауыл округі әкімшілігі ғимаратының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Бүгінгі күні Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндет көп. Соның бірі ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту, елдің азық–түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы- халық шаруашылығының маңызды салаларының бірі, өйткені ол азық-түліктің негізгі өндірушісі болып табылады. Ауыл шаруашылығы АӨК құрылымында ерекше орын алады. Бұл,біріншіден, азық-түлік өндірісі функционалдық рөлді атқарады.Екіншіден,ауыл шаруашылығы кәсіпорындары оның өнімдерін тұтынатын немесе ауыл шаруашылығы тұтынатын өнімді шығаратын ондаған саламен байланысты.
Жуырда ғана Парламент палаталарының бірлескен отырысында ауылды дамытудың тетіктері туралы тапсырма берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы «Ауыл аманаты» жобасына айрықша тоқталып, шаруаларға қажет болса, техника сатып алу үшін субсидия берілетінін айтқан еді. Сондай- ақ, Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы” жарлыққа қол қойған болатын.
Бүгінде оңтүстік өңірлерінде де, соның ішінде Сыры терең Сауран ауданы да – Түркістанмен қатар дамыған көне шаһар. 2021 жылы наурызда Мемлекет басшысының жарлығымен Сауран ауданы құрылып, тарихи мекеннің даңқы қайта жаңғырып, қайтадан Түркістанмен қатар дами бастады. Бұл – ауданның, облыстың туризм саласы үшін аса маңызды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының бойында орналасқан Сауран ауданының әлеуеті өте жоғары. Ауданның ұйымшыл, еңбекқор халқы негізінен кәсіпкерлікке, ауыл шаруашылығына ден қойған. Бүгінде жаңарған ауданда жаңа әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеріп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы