ТҮРКІСТАН: ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН АУЫЛДАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ


Өңірдегі Сауран ауданына қарасты Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата елді мекеніне табиғи газ берілді. Аталған ауылда бүгінде 7 871 тұрғын бар. Газбен қамту жұмыстарын «QazaqGaz» ұлттық компаниясына тиесілі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жүзеге асырды. Көгілдір сұйық отынды елді мекенге жеткізу үшін 100 шақырымға жуық газ құбыры жүргізілген.
Айтулы шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындардың қуанышымен бөлісіп, аудан инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғаса беретінін атап өтті. Жергілікті тұрғын Жанар Алшымбаева ауылға көгілдір отын келгеніне дән риза.
– Бүгін біздің ауылда үлкен қуаныш болып отыр. Газ келіп, бәріміз қуанып жатырмыз. Бұрын үйді жылыту үшін көмір тасып не отын жарып, күл шығарып әуреге түсетінбіз. Отын тасу да оңай шаруа емес. Қазір көмір мен отын да қымбат. Енді міне бұл бейнеттен құтылдық. Игі іске атсалысқан барша азаматтарға алғысымыз шексіз, – деді ауыл тұрғыны.
Сонымен қатар, Сауран ауданындағы 35 елді мекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. 1 елді мекен күн сәулесі батареяларынан қуат алуда. Аудан халқының өсуіне байланысты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, ағымдағы жылы 37 дана орнатылады. Сонымен қатар, елді мекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде (Еңбекші Дихан, Шорнақ, Қосмезгіл, Ескі Иқан, Оранғай, Бабайқорған, Жүйнек). «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында 2023-2024 жылдары: Шорнақ және Ескі Иқан ауылдық округтерінде 10 кВт – 6,4 шақырым электр желісі, Үшқайық, Шаға және Бабайқорған ауылдық округтеріне 0,4 кВт – 10,6 шақырым электр желісі ауыстырылады. Шорнақ, Үшқайық, Ескі Иқан ауылдық округтеріне 3 дана трансформатор орнатылады.
Айта кетейік ауданда 11 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге нақты 6 елді мекен табиғи газды пайдаланып отыр. Осы жылы 5 елді мекенге табиғи газ қосылады. Табиғи газбен қамту бойынша, Шорнақ, Қосмезгіл, Оранғай елді мекендерінде (4,5 млрд. теңге) және Жүйнек және Қарашық ауыл округтерінде (4,9 млрд. теңге) ішкі газ құбырларының құрылысына жобалық сметалық құжаттары толық әзірленді. Сонымен қатар, Бостандық, Қосқорған және Еңбекші Дихан елді мекендерінде ішкі табиғи газ құбыры құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Ал, Жүйнек, Қарашық, Оранғай, Шорнақ ауыл оуругтеріне магистральді табиғи газ құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын шілде айында алу жоспарлануда.
Осыған орай Сауран ауданында газбен қамту бойынша ауданда газбен қамтамасыз ету деңгейі 31,4 пайызды құрады. Он елді мекенге табиғи газ құбыры жүргізіліп, табиғи газға қосылды. Атап өтер болсақ, Нұртас, С.Қожанов, Жалаңтөс, А.Үсенов, Шаға, Қазақстан 30 жылдығы, Ескі Иқан, Ибата, Бершінтөбе, Ойық ауылдары көгілдір отынға қол жеткізді. Сонымен қатар, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Шорнақ ауылдық округтеріне магистральды және ішкі құбырларына жобалар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба құны – 22,6 млрд. теңге тұрады. Аталған жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджетке өтінім жолданып тиісті жұмыстар атқарылуда. 2024 жылы Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы ауылдық округтеріне магистральды газ құбырына жоба әзірлеуде. Сондай-ақ, Қосқорған, Бостандық, Еңбекші Дихан елді мекендерінің табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, жобалар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысын алуға жолданған.
Айта кетейік, Түркістан облысында 832 елді мекеннің 739-ы ауыз сумен қамтылған. Ауыз су желілерінің ұзындығы 15 мың шақырымға жуықтаған. Өңірде 12 мың шақырымға жуық табиғи газ жүйесі болса, электр желілерінің ұзындығы 20700 шақырымнан асады. Облыста жаңадан су, газ, электр желілерін тарту және тозған желілерді жөндеу жұмыстары жалғасады. Ауыз су бойынша 3 жылда 202 жоба жүзеге асырылып, тұрғындардың ауыз су саласына қатысты мәселесі шешімін табады немесе жағдайы жақсарады. Табиғи газ саласында – 237, электр саласында 130 жоба жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Жалпы 569 жоба іске асырылады деп межеленген.
Өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 2024 жылға 14,2 млрд теңге қарастыру жоспарланса, Қаржы министрлігі тарапынан тек қана өтпелі 6 нысанның құрылысына 3,1 млрд теңге мақұлданып отыр. Бұл өз кезегінде елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспардың түпкілікті нәтижеге жетуіне кедергі тудырады. Сондықтан 2024 жылға республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін жаңа 69 нысанның құрылысына 18,1 млрд теңге қаржы қажет. Бірінші кезектегі елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жобаларын қаржыландыру мәселесі бойынша түбегейлі шешім шығарылмаса, бюджет қаражаты есебінен салынған газ нысандары қараусыз қалуы, тозуы және де талан-таражға түсіп, газ құрылғылары мен желілерінің жарамсыз жағдайға жеткізілуі әбден мүмкін.
Бұдан бөлек Сауран ауданы бойынша 36 елді мекеннің 32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген.Ағымдағы жылы Аша елді мекенінде ауыз су жүйесі құрылысының 2-ші кезеңі аяқталып, іске қосылды.Ойық елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысына 2023 жылға 229,9 млн. теңге қаржы бөлінді.3 шалғай орналасқан елді мекендерде кешенді блок модуль орнату қарастырылуда. 12 елді мекенде «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» тарапынан жер асты су қоры зерттелуде. Сонымен қатар, Майдантал ауыл округі, Ынталы елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне (құны – 23,0 млн. теңге) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша 69 үй таза ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ, орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендерде нысандардың құрылысына (2-ші кезеңіне) жобалық сметалық құжаттары әзірленуде, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, қаржыландыруға ұсынылатын болады. Атап айтқанда: Еңбекші Дихан, Ескі Иқан, Ибата, Шорнақ, Жүйнек және Қарашық елді мекендері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы