Бала – біздің өмірімізді тікелей жалғастырушы ұрпақ ғана емес, еліміздің болашағы. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – демекші, мемлекетіміз үшін әрбір отбасында өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің қауіпсіз ортада дені сау, рухани бай, еңбек пен білімге құштар болып өсуі ең жоғарғы, биік мақсаттардың бірі болып табылады. Оқыс оқиға айтып келмейді, әйтсе де ата-ана күнделікті өмірде балалардың бойына қауіпсіздіктен сақтану дағдыларын қалыптастыра отырып, тұрмыста, көшеде және жолда өзін-өзі дұрыс ұстауды үйренуіне үлгі көрсетулері қажет. Құрметті ата-аналар! Жазкелді–балалардың демалу уақыты, қызықты істер жаңа әсерлер. Сіздің балаңызда шытырман оқиғалар мен балалардың қиялдары үшін көбірек бос уақыт бар, ал сізде олардың қауіпсіздігі үшін алаңдаушылық пен мазасыздық бар.
«Бала – бауыр етің» деген сөзді жиі қолданамыз. Өйткені өзегіңді жарып шығып, ұйыған қаннан ұядағы балапанға айналған құлыншақтың құдіреті адамның ет жүрегін елжіретіп, жүзіңе қуаныш, жүрегіңе жұбаныш сыйлайтыны анық. Баяғыда бір анадан «Қай балаңды қатты жақсы көресің?» деп сұрағанда: «Ауырған баламды жазылғанша, шығып кеткен баламды оралғанша, кіші баламды өскенше жақсы көремін. Кеудемдегі жүрегім тоқтағанша, бәрін жақсы көріп өтемін» деген екен.
Иә, ата-ананың балаға деген мейірім- махаббаты өлшеуді талап етпейтін өмір¬шең сезім сияқты көрінгенімен, кейде құрсағын жарып шыққан құлыншағын қарау¬сыз, қадағалаусыз қалдырғанына қай¬ран қаласың. «Кәмелетке толмағандар арасындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу өте маңызды. Балалардың бос уақыттарын ұйымдастыра алмау, оларды ата-ана¬ларының қараусыз қалдыруы әртүрлі жазатайым жағдайларға, жарақат пен өлімге алып келеді. Кәмелетке тол¬мағандардың жарақаттануын болдырмау үшін кәмелетке толмағандардың үйде және көшеде, суда және өрт кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі бастығының орынбасары Дилбар Төлегенова.
Оның айтуынша, шомылу маусымы кезінде балалардың қауіпсіздігін қа쬬¬тамасыз ету үшін полиция су айдын¬дарына рейд жүргізіп, демалушы¬лармен профилактикалық әңгімелер ұйым¬дастырады. Қауіпті жерлерге 6 мың тыйым салу белгісі орнатылды. Қала жаға¬жай¬ларында балалар жүзетін 66 орын бар.
Терезеден құлау – балалардың жа¬рақат¬тануы мен өлімінің негізгі себеп¬терінің бірі, әсіресе қалаларда жиі кездеседі. Бұл ретте департамент балалардың жарақаттануын төмендету мақсатында мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау¬ды ұсынады: «Біріншіден, кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз, құ-лау жағдайларының көпшілігі балалар қараусыз қалған кезде болады. Жиһаз¬дың барлық түрін терезелерден алыс қойыңыз, бала осы арқылы терезе алдына оп-оңай шығып алады, москит тор¬ларына сенбеңіз. Олар құтқарып қалуға арналмаған! Ке¬рісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезініп, сүйе¬нуі мүмкін. Тіпті ең сапалы торлар баланың салмағын ұстап тұра алмайды, егер бала бөлмеде болса, терезе мен балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы тере¬зелерді немесе желдету режімін қол¬даныңыз, терезелердің толық ашылуына мүмкіндік бер¬мейтін арнайы фиксатор қойыңыз, бұл ба¬ланың терезені бірнеше сантиметр¬ден артық ашуына мүмкіндік бермейді, терезенің тұтқасына құлып орнатыңыз. Егер сіз балаңызға терезенің алдынан бірдеңе көрсетсеңіз, оны мықтап ұстап тұрыңыз, баланың жылдам қимылына да¬йын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болсын, балаңызды киімнен ұстамаңыз. Егер сізде бекіткіш және сақтандыру жабдығын орнату мүмкіндігі болмаса, бекіткіш тұтқаларды бұрауышпен оңай бұрап, қажет болған жағдайда бірден шығарып алып тастай аласыз. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйретіңіз, үлкендерді кішіге бас-көз бо¬луға үгіттеңіз».
Балалар қауіпсіздігіне қауіп төнді¬ретін тағы бір жайт, интернет әлеміндегі әртүрлі бейнелер. Смартфонға байлан¬ған сәбилер санасының улануына ғалам¬тордың да тигізер әсері әсте көп. Әлеу¬меттік желілерден көргенін істеуге құл¬шынып тұратын бүгінгі балдырғандарға торапқа кіруге тосқауыл қою пайдалы ма деген ойға келесің кейде.
Отбасылық психолог, магистр Инара Әлкенқызы баланы үйге қалдырғанда не нәрсені ескеру керектігін тілге тиек етті. «Баланы үйде жалғыз қалдырған уақытта біз, ата-аналар электр сымдарының, газ құ¬-бырының істен шығатынын, баланың терезе ашатынын күтпейміз. Бір жақтан қарасақ, ата-аналар көбінесе баланы үйде жалғыз қалдыруға мәжбүр. Бірақ сол кезде ата-аналар баланың өмі¬ріне қауіпті қатерлерді зерделей отыруы қажет. Кей¬бір аналар «Бізді кіш¬кентайымыздан үйде жалғыз қалдырған, өл-ген жоқпыз ғой», деп өз әрекеттерін ақ¬тайды. Әрине, былай деп тек ғана тірі қалған балалар айтады. Ал үйде жалғыз қалып қаза тапқан балалар өздерінің тәжі¬рибесі туралы айта алмай кетті», деді маман.
Сонымен қатар И.Әлкенқызы ата-аналар қауымына өзінің ақыл-кеңесін айтты. «Мен баласы бар жандарға мынадай кеңес берер едім. Бірінші, мектепке бармайтын балдырғандарды үйде жалғыз қалдырмау керек, 4 жасқа дейінгі баланы бастауыш сыныптағы баламен қалдырмау керек. Бұл жағдай екеуін де күйзеліске әкеледі: өйткені сәбиді бағу – үлкен баланың міндеті емес. Ал сәби тек анасының жанында тыныштық табады. Мектеп жасындағы баланы күні бойы үйде жалғыз қалдырмаңыз, іші пыс-қаннан сізге ұнамайтын ойын тауып алуы мүмкін. Баланы бірден ұзақ уақытқа жалғыз қалдырмаңыз, уақытты біртіндеп көбейткен жөн. Баланы жалғыз қалдырар алдында сіздің міндеттеріңіз: балаға өзін-өзі күтуді үйрету, сіз жоқта не істеуге болатынын және болмайты¬нын түсіндіру, қорыққан жағдайда сіз жазып берген тізімдегі адамдармен хабарласуға болатынын айту, бала жал¬ғыз қалған жерді қауіпсіз ету».
Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана — сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар — ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата — ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.
Соңғы қоңырау да соғылып, балалар көптен күткен жазғы демалысқа шықты. Жыл бойы мұғалімдер ата-аналарға бала қауіпсіздігі туралы жадынамалармен таныстырып отырды. Жаз мезгілі – жайдары, балалар үшін ең тамашасы десек те, осы уақытта балалар үшін қауіп те көбейе түседі. Бастауыш сынып оқушысы үшін үйден мектепке дейінгі жол қиындықтарын білуі тиіс. Сол үшін ата — анасы баласына жол — жөнекей кездесетін қиындықтарға, жол белгілеріне көңіл бөліп, үйреткені дұрыс. Жол көлікпен қатынасатын оқушыға ата — анасы жол қиылыстарынан өтуді, көлік толық тоқтағанда түсіп, мінуіне болатынын, өз аялдамасын дұрыс білуін, бөтен көлікке отырмауын ескеріп отырғаны жөн.
Балаларды жалғыз шомылуға жібермеу керек. Сақтық шараларын ата-аналар үнемі балаларға ескертіп отырғаны жөн. Балалар сыныптастарымен немесе достарымен көкке демалуға ата-аналардың қадағалауымен бірге барғаны дұрыс. Сонымен бірге жаз мезгілінде кене, улы жәндіктердің шағуы жиі орын алады. Сондықтан, баланың әрбір ісінен ата-ана хабардар болса, қолайсыз жағдайлардың алдын алар еді.
Ата — ана баласына мектепке, көшеге, дүкенге барада үнемі мынаны ескеріп отыруы керек:
— Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе;
— Мас және қауіпті адамнан алыс жүр;
— Бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірме;
— Сені артыңнан қуса, көп адамдар арасына жүгір.
Жалпы ата — ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек. Көшеде ұзақ ойнап жүріп қалған бала міндетті түрде қиын жағдайға тап болуы мүмкін (балалармен ойнап жүріп ерегісіп, төбелесіп қалуы, бір — бірінің заттарын тартып алуы, бөтен бұзақы балалардың көзіне түсуі және олардың ақша талап етуі, дүкеннен жарылғыш заттарды сатып алып ойнауы, т. с. с.). Ата — ана балаға артық ақша бермеуі керек. Үшкір заттар мен газды балондар алып жүрмеуін қадағалауы қажет.
Көбінесе ата — ана жұмыста болып, бала үйде жалғыз қалатын кездер болады. Балаға техника қауіпсіздік ережелерін және мынаны ескертіп отыруы керек: үйде жалғыз қалғанда электр жүйесіне жақындамау, газ плитасына тиіспеу, терезені ашпау, бөтен кісіге есік ашпау. Ата — анасының әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық.
Бүгінде жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын оқыс оқиғалар жиілеп кетті. Жоғары қабаттағы терезеден құлаған сәби, түтінге уланған бала, суға батқан жасөспірім, отқа күйген нәресте, өгей шешенің қорлығы, қатал әкенің сұмдығы… Одан бөлек, ата-аналарының кәмелетке толмаған балаларын қараусыз қалдырып, оның соңы қайғылы оқиғамен аяқталып жатқан жағдайлар…
Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішіндегі жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны: жастай өмірмен қоштасып, орны толмас өкінішке әкелетіні немесе ауыр жарақат алып, кейбірі өмірлік мүгедек болып қалуы мүмкін. Оның себептері: көптеген оқушылар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Олар көбіне ереже талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады. Асыға жолға жүгіріп шыққан баланың қауіпке ұшырайтыны, өзіне ғана емес, өзгенің де өміріне қатер төндіретіні баршаңызға мәлім. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мектепте мұғалім, үйде ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті. Әдетте кез келген ата-ана балаларды мектепке шығарып саларда «жолдан жүгіріп өтуші болма, машина қағып кетеді» деген ескертуден аса алмайды. Бұл – әрине, жеткіліксіз.
Бастауыш сынып оқушысы үшін үйден мектепке дейінгі жол қиындықтарын білуі тиіс. Сол үшін ата-анасы баласына жол-жөнекей кездесетін қиындықтарға, жол белгілеріне көңіл бөліп, үйреткені дұрыс. Жол көлікпен қатынасатын оқушыға ата-анасы жол қиылыстарынан өтуді, көлік толық тоқтағанда түсіп, мінуіне болатынын, өз аялдамасын дұрыс білуін, бөтен көлікке отырмауын ескеріп отырғаны жөн.
Бастауыш сынып оқушыларының күнделігінің алғашқы беттері, яғни баланың аты-жөні, мектебі, сыныбы, мекен-жайы, үй телефоны, әке-шешесінің ұялы телефондары, мектеп телефоны толық жазылып, баланың фотосы жапсырылуы тиіс. «Менің мектепке барар жолым» кестесі анық сызылып, қандай көшелерден, қандай қиылыстан, қай үйлердің арасынан жүретіні қызыл бағытпен сызылып көрсетілуі тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының әсіресе 1-2 сынып оқушыларының мектепке әке-шешелері міндетті түрде өздері әкеліп-әкетуі керек.
Жалпы ата-ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек. Мектепке кешікпей баруын, үйге уақытысында келуін қадағалағаны абзал.
Баланың жарақат алуы көбінесе мектеп пен үй арасында болады. Көшеде ұзақ ойнап жүріп қалған бала міндетті түрде қиын жағдайға тап болуы мүмкін (балалармен ойнап жүріп ерегісіп, төбелесіп қалуы, бір-бірінің заттарын тартып алуы, бөтен бұзақы балалардың көзіне түсуі және олардың ақша талап етуі, дүкеннен жарылғыш заттарды сатып алып ойнауы, т.с.с.). Ата-ана балаға артық ақша бермеуі керек. Үшкір заттар мен газды балондар алып жүрмеуін қадағалауы қажет.
Көбінесе ата-ана жұмыста болып, бала үйде жалғыз қалатын кездер болады. Балаға техника қауіпсіздік ережелерін және мынаны ескертіп отыруы керек: үйде жалғыз қалғанда электр жүйесіне жақындамау, газ плитасына тиіспеу, терезені ашпау, бөтен кісіге есік ашпау, т.с.с. Ата-анасының әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескерсек, бүгінде қосымша ақша табу мақстанында жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мейрамханаларда жұмыс істеуі әрбір ата-ананы алаңдатуы абзал. Себебі түнгі уақыттағы бала өмірінің қауіпсіздігі үшін өзімізден басқа ешкімге кіна арта алмайтындығымыз анық.
Иә, бала – сіздің көзіңіздің нұры, көңіліңіздің қуанышы! Дүниенің бар алтынына айырбастамайтын қымбатыңыз! Біздің көңіліміз балада болғанымен, баланың көңілі далада екені рас. Бала болған соң ойнайды. Білуге құштар болып, әр нәрсені бір түртетіні де әу бастан белгілі. Алайда жаза деген аяқасты. Балаларды қайғылы оқиғалардан қорғау үшін қарапайым ережелерді жадыңызда ұстау артықтық етпейді.
Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы және жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды үйретіңіз.
1. Олардың кешкі және түнгі уақытта ересектерсіз еріп жүруінсіз жол бермеңіз; 2. Көшеде, жолдан өту кезінде абай болу керек; жол жүру ережелерін сақтау керек; 3. Орманда, өзенде серуендеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау. 4. От жағуға тыйым салынады. 5. Тек ата-аналармен осы мақсатта арнайы бөлінген жерлерде және жылы уақытта шомылыңыз. 6. Белгісіз саңырауқұлақтар мен жидектерді жеуге болмайды. 7. Өз денсаулығыңызға қамқор болыңыз; 8. Электр құрылғыларымен байланыста абай болыңыз, теледидарды, электр үтігін, шәйнекті, кез келген жабдықты қосу және өшіру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. 9. Газ аспаптарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау; 10. Үй жануарларды ұстау кезінде абай болыңыз;
Балаларыңызды қорғаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз.
Есіңізде болсын: Балалардың өмірі мен денсаулығы сіздің қолыңызда!
Ж.МЕЙРАМБАЙ,
Сауран аудандық емханасының ЖТД.