Сауран ауданы тұрғындарына бронхтардың тарылуы тұншығу, жөтел және тыныс алудың қиындауына, ысқырықты сырылдарға, ентігуге, жөтелге әкелетінін ескертеміз. Бронх демікпесі көп жағдайда ерте жаста болады. Дұрыс, уақтылы емдеу кезінде балалардың шамамен 50% — ы есейген сайын демікпеден арылады.
Демікпе организмнің тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдығынан туындайды, мысалы, тамақ аллергендері, теңіз өнімдері, жаңғақ, бал, цитрус жемістері, әртүрлі шаң, үй жануарларының жүні, ағаштар мен өсімдіктердің тозаңдары. Сондай-ақ, аурудың пайда болуы тұқым қуалайтын бейімділікке және қоршаған орта факторларына байланысты болуы мүмкін. Тыныс алу жолдарының тұрақты инфекциясы немесе аллергиялық (өндірістік) факторлар маңызды. Сонымен, желімдер, металдар, ағаш шаңы, ұн (астық) шаңы, аллергендер, латекс, формальдегидтер және т.б. сияқты заттармен жұмыс кәсіби демікпенің дамуына әкелуі мүмкін, мұнда кәсіби бронх демікпесінің пайда болуы өндірістік агенттердің тыныс алу органдарына үнемі әсер етуімен байланысты. Құрылыс мамандықтарының (оның ішінде суретшілер), ағаш өңдеу өндірістерінің, тамақ және химия саласының өкілдері, наубайшылар мен кондитерлер, дәнекерлеушілер, медицина қызметкерлері, шаштараздар, мал фермалары мен құс фабрикаларының қызметкерлері және т.б. кәсіби бронх демікпесін дамыту бойынша қауіп тобына жатады. Артық салмақ пен семіздік бронх демікпесінің пайда болуының қосымша қоздырғыш факторы болуы мүмкін. Барлық науқастардың арасында темекі шегетін адамдар басым екендігі байқалды.
Демікпе белгілері әр түрлі болуы мүмкін: тыныс алудың аздап қиындауынан, ысқырықтан, жөтелден, ентігуге, кеуде қуысының қысылуына және тұншығуға дейін. Тұншығу шабуылдары қоздырғыш факторлар болған кезде, аллергенмен байланыста болған кезде күшейеді. Астматикалық ұстамалар аурудың даму дәрежесіне байланысты жеңіл, орташа немесе ауыр болады. Жөтел, ысқырықты тыныс немесе тыныс алу қиын болса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз!
Демікпенің асқынуына жедел тыныс жетіспеушілігі жатады, егер науқас дем ала алмаса және бұл бүкіл ағзаның (ең алдымен мидың) оттегі ашығуына әкелуі мүмкін.
Алдын алудың негізгі шараларының бірі-дәрігердің ұсыныстарын нақты орындау! Дұрыс тамақтану, аллергендік белсенділігі бар тағамдарды аз тұтыну, ұйқы мен демалу режимін сақтау, иммунитетті нығайту, темекі шегуден бас тарту қажет. ЖРВИ мен тұмаудың өсу кезеңінде алдын алу шараларын сақтау. Гүлді өсімдіктердің тозаңына (гүлдер, ағаштар, шөптер) маусымдық аллергияда аллергендермен байланысын азайту керек. Үйде, үй жануарларында химиялық заттармен минималды байланыс. Бронх демікпесінің алдын алу тау немесе теңіз ауасы басым болатын санаторий-курорттық демалысты да қамтиды. Қарағайлы орманда ұзақ уақыт болу өте пайдалы.
Кәсіби сипаттағы бронх демікпе-сінің дамуын болдырмау мақсатында өндірістегі еңбекті қорғаудың тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайлары мен талаптарын қамтамасыз ету, профилактикалық тексерулерді тұрақты жүргізу қажет.
Ерте кезден емдей бастаған жөн, сол кезде емдеу тиімді болады. Жағдайыңыз жақсарған сияқты болып көрінсе де, дәрігердің келісімінсіз бронх демікпесін емдеуді тоқтатуға болмайды. Емдеуді тоқтатқан кезде немесе дәрігердің келісімінсіз өздігінше басқа дәрілерді қолдана бастаған жағдайда ауру ұшығып кету мүмкін. Емдеудің тиімділігі, әсірісе, ингаляторларды дұрыс қолдануға байланысты болады, оларды қолдануды дәрігердің көзінше үйренген жөн. Жаңа ингаляторды қолдану қажет болған кезде оны қалай пайдалану керек екендігін біліп алу тиіс. Егер басқа ауруларды емдеу үшін басқа дәрілерді пайдалану қажет болса, бұл туралы дәрігермен келісу керек, өйткені, кейбір дәрі-дәрмектер, мысалы, бета-блокаторлар, аспирин және басқа стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер бронх демікпесінің барысын нашарлатуы мүмкін. Үй жағдайында бронх демікпесінің барысын бақылау үшін пикфлуометрді пайдалануға болады, оны қолдануды дәрігер үйретеді. Барлық жағдайда өзімен бірге дәрілерді алып жүру тиіс, әсірісе ентігу ұстамаларын басатын дәрілік құралдарды жанында ұстаған жөн. Бронх демікпесімен ауыратын көптеген науқастарды ұзақ уақыт ингаляциялық гормоналдық дәрілік заттармен емдейді.
Өткір ентігу ұстамасы пайда болған кезде: аяқ астынан бірнеше секунд ішінде ентігу пайда болады, өкпеде алыстан естілетін сырыл және ысқыру туындайды, көкірек қуысы тартылып, құрғақ ұстамалық немесе жабысқақ шықпайтын қақырығы бар жөтел басталады.
Өткір ентігу ұстамасы пайда болған кезде мынандай әрекеттер жасау керек:
істеп жатқан ісіңізді қойып, отыру қажет;
мүмкіндігінше ұстаманы туындатқан фактордан алыстап, таза ауа кіргізу үшін терезені ашу тиіс;
ингаляциялық бронхтарды кеңейтетін қысқа әрекеті бар ингаляторды қолдану қажет.
Сізге берілген жеке емдеу жоспарында ұстама кезінде пайдаланылатын дәрілік заттар көрсетілуі тиіс.
Егер 10-15 минут ішінде жағдайыңыз жақсармаса, бронхтарды кеңейтетін бар ингаляторды тағы да 1 рет қолдану қажет.
Жағдайыңыз қалпына келмесе, «жедел жәрдем» шақыру керек.
Бронх демікпесінің дамуын соңғы жылдары бронх қабынуының ерекше түрімен байланыстырады, олардың сезімталдығы қоздыратын факторлар әсерінен бірден артады. Қоздыратын («асқындыратын») фактордың әсерінен бронхтардың бұлшық еттері тартылады (бронхтардың жиырылады), шырышты бронхтар ісінеді, қою сөл (қақырық) пайда болады, бұл үдерістер демікпе ұстамаларының (тұншығу ұстамаларының) дамуын анықтайды.
«Асқындыратын», қоздыратын факторлар: өсімдік тозаңы, үй шаңы, жануарлар жүні, басқа да аллергендер; ауа-райы факторлары (жел, барометрлік қысымның өзгеруі, ауа райының ылғалдылығы, ауа-райының құбылуы), жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының вирустық және бактериялық аурулары; кейбір тағам өнімдері, кейбір дәрілер, ағзаның гормондық бұзылуы және көптеген басқа факторлар. Әдетте осы аурудың тұқым қуалайтыны анықталған, ал бронх демікпесінің өзі жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялық (пневмония, жіті, созылмалы бронхит) ауруларынан кейін жиі пайда болады.
Бронх демікпесінің әдетте өзін тұншығу ұстамалары – кенет ауаның жетпеуі, жөтелу ұстамалары, тыныс алу кезінде ысқырықты қырылды ара-тұра жиі естілуімен кеуденің «тарылуы» арқылы білінеді. Тыныс алуын жеңілдету үшін науқас амалсыз ыңғайлы қалыпты ұстайды: қолмен тіреп отырады. Ұстама тиісті «асқындыру» факторларының әсерімен байланысты. Ұстамалар созылмалы өкпе бронхы, жіті респираторлық ауруларының асқынуынан, ұсынылған емді қадағаламалау кезінде өршиді. Ұстамадан тыс науқастар тыныс алудың ауырлығын немесе басқа да жағымсыз жағдайларды басынан өткізуі мүмкін. Бұл ұстама ауру түріндегі бронх демікпесі үшін тән белгімен байланысты.
Бронх демікпесін емдеу келесі бағыттардан тұрады:
Ұстама туғызатын факторлармен байланыстылардың барлығынан мүмкіндігінше алшақ болу, ол үшін бронх демікпесімен ауыратын әр науқас өзінің дәрігерімен бірге осы факторлардың тізімін құруы қажет;
Сыртқы және ішкі тыныс алу жолдарының, ас қорыту мүшелерінің (соның ішінде өт шығару жолдарының) ауруларын уақытылы емдеу;
Дәрігер белгілеген дәрілерді жоспар бойынша айқын қолдану.
Бронх демікпесімен ауыратын науқаста әрқашан өзімен бірге тез әрекет ететін препарат болуы тиіс. Әр пациент тез әрекет ететін ингаляторды жиі (тәулігіне 4-реттен көп) қолдануына болмайды, себебі тұншығудың ауыр ұстамасы – демікпе мәртебесіне әкеп соғуы мүмкін. Әдетте қолданылатын препараттардың әсері азайған кезде шұғыл түрде дәрігерге баруыңыз қажет.
Бронх демікпесінің алдын алу бала кезінде, әсіресе аллергия ауруларына бейім отбасыларда өткізілу керек. Жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларын уақытылы емдеу, шылым шегуден бас тарту, шынықтыратын емшараларды, мәдени тамақтануды сақтау қажет.
Қ.АЛТЫНБЕКОВА,
Сауран аудандық емханасының дәрігер пульмонологы.