САУРАН: ТАМАҚТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ


Тамақтан уланулар пайда болу себебіне сәйкес 3 топқа бөлінеді:
1. Микробты тамақтан улану;
2. Микробсыз тамақтан улану;
3. Белгісіз уланулар.
Микробты тамақтан уланулар патогенді қоздырғыштармен немесе олардың токсиндерімен ластанған тамақтардың әсерінен пайда болады.
Микробты тамақтан улану 2 топқа бөлінеді:
1.Тағамдық токсикоинфекциялар.
2. Бактериалдық интоксикация.
Ботулизм (аллантиазис, ихтиизм) – ботулотоксиннің әсерінен дамитын, сопақша ми және жұлынның зақымдануымен сипаталатын жедел токсико-инфекциялық ауру. Ботулизм ауруының қоздырғышы, уы ауасыз сақталатын өнімдерінде, консервілерде, тұздалған балықта, колбаса өнімдерінде көп ұшырайды.
Жөнді жабылмайтын ыдыстардағы консервілерде бөлме температурасы жағдайында ботулизм микробы улы заттар шығарады. Ботулизмнің уы өте қатерлі. Егер консервілеу үшін әртүрлі ашытқылыр мен көгерген саңырауқұлақтар көкөністер мен жемістер таза жуылып, технологияға сәйкес жабылмаса, заттарда қалған ботулизм микробы уының салдарынан банкілердегі консервілердің сұйықтарының түсі өзгереді, бөлінген газдардан банкілердің қақапақтары көтеріліп ұшып та кетеді. Кейбір жағдайларда консервіленген өнімдерінің дәмі, түсі өзгермейді.
Ботулизмнің алғашқы белгілері: бастың айналуы, ауыздың құрғауы. Мұнда температура бірқалыпты күйінде қалуы мүмкін. Кейде лоқсу, құсу кездеседі, үткен дәретке жиі шығуға немесе іштің қатуына әкеп тіркейді. Бірнеше сағаттан соң, кейде 1-2 күннен кейін ботулизм көзге әсер етеді, заттар қосарланып көрінеді, оқуға мүмкіндік болмай қалады. Көзінің қарашығы үлкейіп кетеді, қозғалуы қиындайды, жүргенде теңселіс пайда болады. Тыныс алу бұзылып, кейде тұншығып өлуі де ұшырайды. Сондықтан ботулизмнің алғашқы белгілері белгіленгеннен бастап тез арада ауруханаға жеткізу қажет. Ауру арнайы емді дер кезінде қабылдамаса өлімге әкеп соғуы әбден мүмкін.
Қазір жеміс -жидектердің кемейген уақыты, жұрттың көбісі қысқа дайындап көкөністерден жапқан консервілерін ашып жеп жатқан кезең.
Сондықтан адамдардың уланудың алдын – алу үшін мына жағдайларды ескеру қажет.
-Жеке бас гигиенасын сақтау, тамақтанар алдында қолды сабынмен жуу міндетті.
-Тамақ өнімдерін консервілеуде технологиялық процесті қатаң сақтау, консервіленген өнімдерді сақталуын қадағалау, жылы, ыстық орындарда сақтамау.
-Үйде әзірлеген консервілерді пайдалану алдында қуыру немесе 10-15 минуттай қайнату.
-Қақпағы көтерілген, түсі бұзылып иіс шыққан банкілерді жедел түрде жою қажет, тіпті дәмін де татуға болмайды.
-Үй жағдайында дайындалған тағам өнімдерін белгісіз адамдардан, базарлардан сатып алмау.

А.ТУЛЕШОВА,
Сауран аудандық СЭББ бөлім басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы