САУРАН: АУДАНДА МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ


Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.Бұл ретте Президент тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы бекітіліп, жүзеге асырылуда. Осыған орай Сауран ауданының тұрғындарына әрбір азамат үшін сапалы қызмет көрсетіп жүрген медицина саласының мамандарын таныстыруды жөн көрдік.
Дәрігерлерді халқымыз әдетте «ақ халатты абзал жандар» деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш — жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін. Рас, Кеңес Одағы тараған соң денсаулық сақтау саласы да қалыпты үдерісінен жаңылып, біраз қиындықты бастан өткізді. Әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты көптеген білікті дәрігер күнкөрістің қамымен басқа салаға кетті. Өз тарихи Отанына қоныс аударған ақ халаттылар да кездесті. Салада маман тапшылығы сезіле бастады. Бұл жағдай халықтың, әсіресе ана мен бала денсаулығының біршама құлдырауына алып келді. Осындай қиындықтарды жеңу үшін 1991 жылы Жоғарғы Кеңестің VII сессиясында Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Халықтың денсаулығын сақтау туралы» заң қабылданды.
Бүгінгі кейіпкер Әмірова Алтынай Оралханқызы 1992 жылы Сарағаш ауданы Тегісжол ауылында дүниеге келген2010 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-не оқуға қабылданған, бұл жерде 7 жыл білім алған. 2017 жылы Шорнақ ауылдық (Қазір Сауран аудандық) емханасына жалпы тәжірибелі дәрігер ретінде жұмысқа орналасқан. Жалпы еңбек өтілі 6 жыл.
Бұл салаға өзі армандап, қалап түскен. Кішкентай кезінде ата-анасы көп ауыра беретін болған, соларды көріп, өскенде дәрігер болам, отбасымда біреу ауырып қалса, өзім емдеймін деп, армандаған. Егер бұл саланы таңдамағанда, қазір математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаратын еді, атасы математика пәнінің мұғалімі екен. Бірақ өзі бұл мамандықты таңдағанына өкінбейтінін айтты.
Бүгінгі таңда медицина саласы өте жоғары деңгейде даму үстінде. Әр халық өзінің дәстүрлі дәрігерлігіне де ерекше мән беріп, оны әлемдік медицина ғылымымен ұштасыруға барын салып отыр. Шыны керек қазір шығыс медицинансы деген атау науқасына шипа іздеген көптеген жанды өзіне тартып жүргені мәлім. Израиль, Германия, Қытай елдерінің медицинасы да жақсы сұранысқа ие. Қазақстан медицинасы да жүйелі даму жолына қадам басуда.
«Бүгінгі таңда Сауранда медицина саласы қарқынды түрде дамып келеді, кадрлар да тапшы емес, ендігі кезекте осы саланы таңдап, болашақта жұмыс жасайтын жастарымызға, сабарлы, ізденімпаз, білімді де, төзімді болыңдар деп, кеңес беремін!» — дейді.
Өмірлік ұстанымы адамгершілікті бірінші орынға қою, жауапкершілікті сезіну, жан-жақты іздену, сабырлы болу және халыққа адал қызмет ету!
Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі.
Естеріңізге сала кетейік, «Дені сау ұлт» жобасының мақсаты – әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, ол 2025 жылға дейін есептелген және төрт түрлі бағытта жүзеге асырылады: Бірінші бағыт – медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру. Екінші бағыт – эпидемиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыру. Үшінші бағыт – отандық фармацевтика саласының дамуына ықпал ету. Төртінші бағыт – салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шаралар. Мемлекеттің басты басымдығы әрқашан адам денсаулығын сақтау болып табылады. Адам денсаулығын сақтау құқығына Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабы кепілдік береді. 2025 жылы жүзеге асырылғаннан кейін азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру арқылы адамның өмір сүру сапасын жақсарту, белсенді ұзақ өмір сүруге және әлеуметтік функцияларды толыққанды орындауға қол жеткізу күтілуде. Бүгінгі таңда халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту мемлекет үшін маңызды мәселе. Ол үшін медициналық технологиялардың дамуы және медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсуі қажет. Бұл жайында Президент «Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек», деп нақты атап көрсетті. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Халық үшін жасалынып жатқан әрбір игі іс, әрбір жаңа бастама тәуелсіз еліміздің жаңаша бағытта дамып жатқанының айқын көрінісі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жарғысында «Денсаулық — физикалық ақаудың, аурудың болмауы ғана емес, адамның физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік тұрғыдағы толыққанды белсенділігі» ретінде түсіндіріледі. «Дені сау ұлт» жобасының іске асырылу уақыты 2025 жылға дейін деп бекітілген еді. Яғни осы жылдар аралығында халық денсаулығын көтеру мақсатында әр аймақта медициналық сала мамандары әр түрлі іс-шаралар өткізіп, оның тиімділігін, нәтижесін бақылап отырды. «Дені сау ұлт» әрбір қазақстандық үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз етуді қарастыратын ұлттық жоба. Бұл орайда басы ауырып, балтыры сыздаған кез келген тұрғынның бірінші кезекте медициналық қызметті сапалы әрі уақытында алуы маңызды болып тұр. Өйткені уақыт өткізіп алмай дұрыс емдеудің талай тағдыр иесін ажалдан арашалап қалып жатады. Бұл жобаның аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар өз жемісін беріп келеді дейді денсаулық сақтау саласының мамандары. Ұлттық жоба негізінен жұртты денсаулық сақтау қызметтерімен толық қамтамасыз етуді, жүкті әйелдердің денсаулығын сақтап, балалар денсаулығын нығайтуды, кадрлық әлеуетті нығайту мен фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп үшін ғылыми және кадрлық әлеуетті өсіру мен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамыту тәрізді бірқатар міндет-мақсаттарды көздейді.
«Дені сау ұлт» жобасы аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде елімізде өлім-жітім деңгейі төмендеген. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарынша 2022 жылы елімізде өлім-жітім 15,5 пайызға азайған. Мемлекет үшін басты байлық адам болған соң, азаматтардың өмір сүру жасының өсе беруі оң нәтиже болары анық. 2024 жылдың 7 айында «Дені сау ұлт» жобасы аясында жүргізілген жұмыстардың арқасында ел тұрғындары арасында қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 21,4 қатерлі ісіктерден 8,7, тыныс алу ағзаларының сырқаттарынан 23 пайыз және туберкулез сырқатынан болатын өлім 12 пайызға азайған көрінеді. Мамандардың пайымдауынша халықтың жалпы алғандағы өлім-жітімнің көрсеткіші 15,5 пайызға төмендеген екен. Денсаулық сақтау министрлігі биылғы жылы да қараша халықтың денсаулығын көтеруге бағытталған ұлттық жобаның жұмыстары мен іс- шараларын еліміздің барлық аймағында кезең-кезеңімен жүргізіп жатқанын мәлімдеуде. Қай аймақта болса да бірінші кезекте халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру маңызды. Сонымен қатар дәрігерлік көмек халыққа сапалы жасалуы тиіс. Өйткені денсаулығы сыр беріп жаны қиналып, дәрігердің алдына барған науқас әуре-сарсаңға салынбай сапалы медициналық қызметті алуы маңызды. Қазіргі уақытта елімізде денсаулық сақтау саласы кез келген азаматтың дәрігер көмегін дер кезінде кедергісіз алуына ықпалын тигізу мақсатында ұлттық жобаны іске асырып келеді. Жоба барысында халықтың өмір сүру жасын ұлғайту басты назарға қойылған басты мақсаттардың бірі екенін айта кеткен жөн.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы