Елімізде Үкіметтің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы қабылданғаны белгілі. Осы орайда Сауран ауданының тұрғындарына ақпараттық сайтымыз арқылы ұлттық жоба туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеміз. Сонымен, 2025 жылға дейін әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз етуді көздеп отырған ұлттық жобадан не күтеміз?
4 басым бағыт
1-бағыт – қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету
2-бағыт – Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру
3-бағыт – отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдар
4-бағыт – салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту.
Ұлттық жоба мыналарды көздейді:
• Халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету
• Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту
• Кадрлық әлеуетті нығайту
• Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілікке негізделген.
• Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп үшін ғылыми және кадрлық әлеуетті өсіру мен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамыту
• Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік пен профилактикалық медицина аурулардың алдын алудың негізгі құралына айналдыру
• Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы.
Күтілетін әлеуметтік әсер:
• Азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 2020 жылғы 71,37 жастан 2025 жылы 75 жасқа дейін ұлғайту
• Халықтың медициналық қызметтер сапасына қанағаттану деңгейін 2020 жылғы 53,3%-дан 2025 жылы 80%-ға дейін арттыру.
2025 жылы 1000 тірі туғанға шаққанда 7,2-ге дейінгі нәресте өлімі
2025 жылы 100 мың тірі туғандарға шаққанда ана өлімі 10,0-ға дейін
2025 жылы денсаулық сақтаудағы негізгі капиталға инвестициялар 2019 жылғы деңгейге қарағанда нақты өсімнің 372,2 %-ына дейін жеткізу
Қанша қаржы жұмсалады?
Жобаны іске асыруға 3,6 трлн теңге бөлінеді деп жоспарланған.
Денсаулық сақтау саласындағы жалпы шығыстардың ЖІӨ-ден үлесі 5%-ға дейін артады.
Дәрігерлердің орташа жалақысы 2025 жылға қарай 2,5 есе өседі.
Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.Бұл ретте Президент тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы бекітіліп, жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, ол 2025 жылға дейін есептелген және төрт түрлі бағытта жүзеге асырылады: Бірінші бағыт – медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру. Екінші бағыт – эпидемиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыру. Үшінші бағыт – отандық фармацевтика саласының дамуына ықпал ету. Төртінші бағыт – салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шаралар. Мемлекеттің басты басымдығы әрқашан адам денсаулығын сақтау болып табылады. Адам денсаулығын сақтау құқығына Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабы кепілдік береді. 2025 жылы жүзеге асырылғаннан кейін азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру арқылы адамның өмір сүру сапасын жақсарту, белсенді ұзақ өмір сүруге және әлеуметтік функцияларды толыққанды орындауға қол жеткізу күтілуде.
Бүгінгі таңда халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту мемлекет үшін маңызды мәселе. Ол үшін медициналық технологиялардың дамуы және медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсуі қажет. Бұл жайында Президент «Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек», деп нақты атап көрсетті. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Халық үшін жасалынып жатқан әрбір игі іс, әрбір жаңа бастама тәуелсіз еліміздің жаңаша бағытта дамып жатқанының айқын көрінісі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жарғысында «Денсаулық — физикалық ақаудың, аурудың болмауы ғана емес, адамның физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік тұрғыдағы толыққанды белсенділігі» ретінде түсіндіріледі. «Дені сау ұлт» жобасының іске асырылу уақыты 2025 жылға дейін деп бекітілген еді. Яғни осы жылдар аралығында халық денсаулығын көтеру мақсатында әр аймақта медициналық сала мамандары әр түрлі іс-шаралар өткізіп, оның тиімділігін, нәтижесін бақылап отырды. «Дені сау ұлт» әрбір қазақстандық үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз етуді қарастыратын ұлттық жоба. Бұл орайда басы ауырып, балтыры сыздаған кез келген тұрғынның бірінші кезекте медициналық қызметті сапалы әрі уақытында алуы маңызды болып тұр. Өйткені уақыт өткізіп алмай дұрыс емдеудің талай тағдыр иесін ажалдан арашалап қалып жатады. Бұл жобаның аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар өз жемісін беріп келеді дейді денсаулық сақтау саласының мамандары. Ұлттық жоба негізінен жұртты денсаулық сақтау қызметтерімен толық қамтамасыз етуді, жүкті әйелдердің денсаулығын сақтап, балалар денсаулығын нығайтуды, кадрлық әлеуетті нығайту мен фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп үшін ғылыми және кадрлық әлеуетті өсіру мен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамыту тәрізді бірқатар міндет-мақсаттарды көздейді.
«Дені сау ұлт» жобасы аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде елімізде өлім-жітім деңгейі төмендеген. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарынша 2022 жылы елімізде өлім-жітім 15,5 пайызға азайған. Мемлекет үшін басты байлық адам болған соң, азаматтардың өмір сүру жасының өсе беруі оң нәтиже болары анық. 2024 жылдың 7 айында «Дені сау ұлт» жобасы аясында жүргізілген жұмыстардың арқасында ел тұрғындары арасында қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 21,4 қатерлі ісіктерден 8,7, тыныс алу ағзаларының сырқаттарынан 23 пайыз және туберкулез сырқатынан болатын өлім 12 пайызға азайған көрінеді. Мамандардың пайымдауынша халықтың жалпы алғандағы өлім-жітімнің көрсеткіші 15,5 пайызға төмендеген екен. Денсаулық сақтау министрлігі биылғы жылы да қараша халықтың денсаулығын көтеруге бағытталған ұлттық жобаның жұмыстары мен іс- шараларын еліміздің барлық аймағында кезең-кезеңімен жүргізіп жатқанын мәлімдеуде. Қай аймақта болса да бірінші кезекте халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру маңызды. Сонымен қатар дәрігерлік көмек халыққа сапалы жасалуы тиіс. Өйткені денсаулығы сыр беріп жаны қиналып, дәрігердің алдына барған науқас әуре-сарсаңға салынбай сапалы медициналық қызметті алуы маңызды. Қазіргі уақытта елімізде денсаулық сақтау саласы кез келген азаматтың дәрігер көмегін дер кезінде кедергісіз алуына ықпалын тигізу мақсатында ұлттық жобаны іске асырып келеді. Жоба барысында халықтың өмір сүру жасын ұлғайту басты назарға қойылған басты мақсаттардың бірі екенін айта кеткен жөн. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында халықты салауатты өмір салтын ұстануға көп бағыт беру үшін іс-шаралар жүргізіліп келеді. Ағымы қатты заманда биікке ұмтылып арман-мақсаттарды бағындыру үшін де бірінші кезекте кез келген жанның дені сау болуы маңызды. Сол себепті де қазақ денсаулықты басты байлыққа теңеген.