Жазғы сауықтыру ұйымдарының аумағында зақымданбаған қоршау болуы керек. Объектілерде тұрмыстық-ауыз су, ыстық сумен жабдықтау, канализация, жарықтандыру, желдету, жылытудың қамтамасыз етілуі жақсы жағдайда болуы керек. Осы орайда Сауран ауданындағы жазғы сауықтыру ұйымдарына қойылатын талаптар туралы мамандардың кеңестерін аудан тұрғындарының назарына ұсынамыз.
Айта кетейік, жазғы мектеп демалысының басталуына санаулы күндер қалды. Осыған орай жазғы сауықтыру лагерьлерін жазғы маусымға дайындау мәселелері аса өзекті болып табылады. Барлық сауықтыру ұйымдары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың талаптары – санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келуге тиіс. Сауықтыру ұйымдары үшін осы талаптарды сақтау міндетті болып табылады.
Балалар келіп орналасқанға дейін барлық қала сыртындағы лагерьлер белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайтын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті.
Ашылу алдында шомылу орындарындағы ауыз су, бассейндер мен су айдындарының су сынамаларына зертханалық зерттеу жүргізіледі, топырақ пен құм тексеріледі.
Санитариялық қағидаларға сәйкес лагерьдің аумағы қоршалуы тиіс, объектілер үздіксіз ауыз сумен, ыстық сумен, кәрізбен, жарықпен, желдеткішпен қамтамасыз етіледі. Барлық үй-жайлар таза болуы тиіс, Қазақстан Республикасында рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күнделікті тазалау жүргізілуі қажет. Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың жас ерекшелігіне сәйкес келуі аса маңызды. Сауықтыру лагерлерінде күніне бес рет тамақтану көзделеді және медициналық қызмет көрсетіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болмаған кезде балаларды лагерьге қабылдауға жол берілмейді.
Сауран ауданындағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында дайындық кезеңінде жазғы демалысты ұйымдастырумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға мыналарды қамтамасыз етуді ұсынады:
– ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
– кеміргіштерге, жәндіктерге қарсы өңдеу мен аумақты тазарту және абаттандыру;
– желдету және ауаны баптау жүйелерін қоса алғанда, инженерлік желілердің жұмыс істеу тиімділігін тексеру;
– төсек-орын, ыдыс-аяқ, асхана жабдықтары мен мүкәммалдың жеткілікті мөлшерімен жарақтандыру;
– персоналды оқыту;
– маусым ашылғанға дейін объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу.
Жазғы сауықтыру ұйымдарының негізгі міндеті – балалардың қауіпсіз демалуын және сауықтыруын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуы ұдайы бақылауда болуы тиіс.
Барлық үй-жайлар таза болуы керек, күнделікті тазалау жуғыш және дезинфекциялық құралдарын қолдану арқылы жүргізілу керек. Дератизация және дезинсекция шаралары жүргізіледі және жәндіктердің, кенелердің, кеміргіштердің болуына жол берілмейді. Объектілердің жиһаздары мен жабдықтары балалардың өсу және жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. Дәрігерлер мен орта медидициналық қызметкерлерге әрбір баланың денсаулығына және балалардың жазғы демалысының күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруына үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Балаларды сауықтыру ұйымдарын ашу алдында кенеге қарсы өңдеуді және кеміргіштерге қарсы күрес бойынша іс-шараларды уақтылы ұйымдастыру және жүргізу қажет.
Балаларды қабылдау денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама болған жағдайда жүзеге асырылады.
Балаларды сауықтыру ұйымдарының жұмысшылары медициналық тексеруден толық өтуі қажет. Шомылуға арналған су бетінің шекарасы ашық түсті, жақсы көрінетін қалқитын белгілермен белгіленеді. Жағажайдың аумағында бірі-бірінен 40 м аспайтын қашықтықта қоқыс жинауға арналған урналар орнатылады.
Жыл сайын жағажайда таза құм, малта тас себіледі. Адамдардың шомылуына арналған орындарда киім-кешек жууға және жануарларды жуындыруға жол берілмейді. Бассейн суының тазалығын, шомылушылар мен қызметкерлердің жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау қажет, бассейн суы рұқсат етілген жуу-тазалау және залалсыздандыру құралдары қолданылып, уақытылы залалсыздандырылуы тиіс.
Күн тәртібі балалардың жас ерекшелігіне байланысты құрылады. Балаларды сауықтыру ұйымдарында балалардың гигиеналық тәрбиесі медициналық және педагогикалық қызметкерлерімен өткізіледі. Бұл жұмыстың ұйымдастырылуы санитарлық-ағарту жұмыстарынан және салауатты өмір сүру насихатынан құрылады және келесіні бағыттайды:
1) улы саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жидектер мен улану жағдайларының алдын алу;
2) балалар жарақатының алдын алу, қауіпсіз жағдайда бірінші көмек көрсету ережелері бойынша оқыту;
3) темекі шегудің, спирттік ішімдіктің, нашақорлықты пайдаланудың зияндығы туралы түсіндіру;
4) жеке бас гигиенасын сақтау, тері-мерез, ЖИТС ауруларының алдын алу сияқты тақырыптарды ұйымдастыру.
Қазақ «Ас – адамның арқауы» дейді. Расында да, дұрыс тамақтану әрі ас дайындаудағы тазалықты сақтау – адам денсаулығының кепілі. Әсіресе, жазғы мезгілде балалардың демалыс орындарында тазалық сақтау міндетті.
Жазғы демалыс мекемелерінің жұмысын бастамас бұрын олардың санитарлық жағдайын қалыпқа келтіру шаралары жүргізілуі тиіс. Ол үшін материалдық- техникалық базаны дайындау, сумен қамту, кәріз жүйелерін жақсарту, технологиялық және мұздатқыш қондырғыларының дұрыстығын қадағалау қажет. Бұл жұқпалы ішек аурулары мен тамақтан уланудың алдын алады. Балаларды сапалы және қауіпсіз тамақпен қамтамасыз етуге жағдай жасалынуы тиіс.
Лагерь қызметкерлерінің гигиеналық дайындықтары мен алдын ала медициналық тексеруден өтуі де бақылауда ұсталуы қажет.
Ескертеміз!
Инфекциялық және жаппай уланудың пайда болуын және таралуының алдын алу мақсатында майонез қосылған күрделі салат өнімдерін тамақ рационында болмауын қадағалау қажет. Жазғы сауықтыру мекемелерінде балалардың сапалы ауыз сумен қамтылуына, медициналық қызмет көрсетілуіне, балалардың толық құнды, құнарлы тамақтануына мекеме басшылары және лагерь жетекшілері жауапкершілікпен қарап, аса мән беруі керек.
Объектілерде объекті басшысы бекіткен перспективтік мәзір жасалады. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады. Өндіруге және сатуға рұқсат етілмейтін өнімдер: сүзбе, айран, кілегей қосылған кондитерлік өнімдер, қуырылған өнімдер, қаймақ пен майонез қосылған салаттар, тәтті алкогольсіз сусындар, фастфудтар. Сондай-ақ пайдалануға рұқсат етілмейтін өнімдер: пастерленбеген сүт, термиялық өңдеусіз сүзбе және қаймақ, йодталмаған тұз және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты ұнды пайдалануға жол берілмейді. Нысанның жауапты тұлғалары қоғамдық тамақтандыру пунктіне қабылданған өнімнің сапасын, өнімді сақтау жағдайларын және орындау мерзімдерінің сақталуын, тәуліктік үлгіні таңдау мен сақтаудың дұрыстығын, тағам дайындау технологиясының сақталуын, жеке қызметкерлер мен асхана кезекшілерінің гигиеналық ережелерінің сақталуын тексереді. Дайын тағамды беру медициналық қызметкердің дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізгеннен кейін жүзеге асырылады. Күн сайын ас блогында дайын өнімнің тәуліктік сынамасы алынады.
Медицина қызметкерлері балалардың аурушаңдығын азайтуға және денсаулығын жақсартуға бағытталған сауықтыру шараларының кешенді жоспарын жасайды, үй-жайлардың, аумақтардың, суға түсу және спортпен айналысу орындарының дайындығын тексереді, балалардың денсаулығын динамикалық бақылауды жүзеге асырады, шынықтыру, сауықтыру жұмыстарын жүргізеді, қызметкерлердің профилактикалық медициналық тексеру объектілерінен уақытылы өтуінің есебін жүргізеді. Барлық қызметкерлердің жұмысқа қабылданғаны туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары болуы міндетті. Сондай-ақ, санитарлық ережелер гигиеналық нормаларды сақтау үшін азық-түлік, су, сыртқы ортадан жуу, дезинфекциялау құралдары, топырақ, құмға зертханалық зерттеулер жүргізілетінін көрсетеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы барлық қажетті талаптарды сақтау балалардың арасында аурулардың алдын алуға, балалардың физикалық және психикалық дамуына ықпал етеді, дені сау ұрпақтың қалыптасуына жағдай жасайды. Балалардың денсаулығы дұрыс теңдесті-рілген тамақтанудан, дұрыс ұйқыдан, дене шынықтырудан және дұрыс ұйымдасты-рылған күнделікті тәртіптен тұрады.
А.ТУЛЕШОВА,
Сауран аудандық СЭББ
бөлім басшысы.