Медицина – қашан да өзекті тақырып. Бірі дәрігер болуды бала кезден армандайды, бірі есейе келе қызығушылық танытса, енді бірі сұраныстан қалмайтын сала болғандықтан осы бағытта тер төгеді.
Сейтова Ақмаржан Әуелбекқызы 1981 жылы 15 қазан күні қазіргі Түркістан облысы, Шорнақ ауылында дүниеге келген. 1988-1999 жылдар аралығында осы ауылдағы Қызыләскер атындағы жалпы орта білім беретін мекемесінде үздік аяқтап шыққан маман 2000-2007 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінде медицина факультетіне грантқа түскен. Университетті аяқтағаннан кейін, дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан. Шорнақ ауылдық емхасына жалпы тәжірбиелі дәрігер ретінде жұмысқа орналасқан.
Содан бері білікті дәрігер әріптестерімен бірге жалпы саны жиырма сегіз мыңға жуық халыққа медициналық қызмет көрсетуде өз үлесін қосып келеді. Оған келушілер өздерін жайдары мінезімен, орамды әзілімен қарсы алатын дәрігерге көңілдері толып, ризашылықтарын білдіруде. Шын мәнінде, жақсы дәрігер жабырқап келген жанның көңілін тауып, онымен әңгімелесіп, жағдайын да зерделей білуі керек..
Себебі, білікті маман, жақсы адам айналасына әрдайым сыйлы, құрметті. Осындай сыйластыққа, құрметке бөленіп жүрген дәрігер де бақытты болмақ. Өйткені, ол адамның жүрегіне жол таба білген жан. Дәрігердің өмірлік ұстанымы –өзін жақсы көретін тұрғындармен, ұжыммен бірге болу. Біліктілігімен, тәжірибесімен бөлісіп отыруды жөн санайды. Осы орайда саурандықтарға дәрігер кеңесінен аз-кем ақпарат ұсынып отырмыз. Сонымен қатар, кейіпкеріміз медицинада мейірбикелердің де рөліне ерекше тоқтала кетті.
Науқаспен сенімді қарым қатынас орнату. Іс-шараның мақсаты мен жүргізілуін түсіндіру. Науқас пен оның ата-анасынан іс-шараның жүргізілуіне рұқсат алу.
Сонымен бірге көп жағдайда дәрі қажет болмауы да мүмкін, ал жақсы күтім барлық уақытта қажет. Жақсы күтімнің негіздері мыналар:
Науқас адамға тыныштық қажет. Науқас таза ауа келіп тұратын жарық, таза, ыңғайлы жерде демалуы керек. Ол қатты салқындап қалмауға да, ыстықтауға да тиіс емес. Егер ауа салқын болса немесе науқас тоңазып қалса оның үстіне ақжайма немесе жамылғы жабыңыз. Ал егер айнала ыстық болса, науқас ыстықтаса — үстіне ештеңе жаппаңыз.
Сұйық. Барлық дерлік ауру кезінде, әсірece қызу немесе іш өту кезінде — науқас көп сұйық: су, шай, шырын, сорпа және т. б. қабылдауы керек.
Жеке гигиена. Науқас адамның таза болуы маңызды. Оны күн сайын жуындыру керек. Егер ол өте әлсіз, төсектен тұруы қиын болса, онда оны жылы суға шыланған губкамен немесе ылғал матамен сүртіңіз. Оның киімі, ақжаймасы, жамылғы қабы да таза болуға тиіс Төсекте үгінді және тамақтың қалдығы болмауын қадағалаңыз.
Жақсы тағам. Егер науқас тамақ ішкісі келсе, тамақ беріңіз. Көпшілік ауруға айрықша диетаның қажеті жоқ.
Науқас көп сұйық ішуге және нәрлі тамақ жеуге тиіс. Егер науқас өте әлсіз болса, онда ол қаншалықты тамақ іше алса, күніне әлденеше рет соншалықты нәрлі тамақ беріңіз. Егер қажет болса, тамақты езіп немесе оны сорпа және шырын түрінде беріңіз.
Қуатты тағам беру де маңызды. Мысалы: күріштен, бидайдан, арпадан, картоптан және ұнтақ жармадан жасалған ботқа. Бұл тағамдарға қант және өсімдік майын қосу күш (қуат) береді. Әсіресе ол тамақты аз ішсе, оны көптеп тәтті сусындар ішуге ынталандырыңыз.
Кейбір ауруларда диета сақтау қажет болады!
Медицина ғылымының өсіп–өркендеуіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы медицина мейірбикелерінің рөлі артып келеді.Мейірбике мамандығының пайда болуы ағылшын қызы Флоренс Найтингельге байланысты.1860 жылдың 24 маусымы — мейірбике ісі тарихындағы атақты күн.Бұл күні Лондонда Қасиетті Томас госпиталінде Флоренс Найтингейльдің басшылығымен қайырымдылық мектебі ашылды.Осы мектепті бітіруші қыздар мен әйелдер тиянақты түрде ғылыми дайындықтан өтіп шығатын. Флоренс Найтингейль қоғам алдында ең бірінші болып мейірбике жұмысының мерейін көтерді.Ол ауруларды күтуге арнайы дайындық керек екенін жұртшылыққа дәлелдеп берді.Флоренс адам өмірін сақтап қалуда қайырымдылық мейірбикесі шешуші рөлді жиі атқаратынына көз жеткізді.Сол кезден бастап мейірбике ісінің негізі қаланды.XIX ғасырдан бастау алған мейірбике ісі қазіргі заманға дейін қаншалықты дамығаны,сол уақыт ішінде қоғамнан алынған орыны,өзінің кезеңдерін қалыптастыруы мейірбике ісінің қарқынмен дамығанына дәлел.Медицина қызметкерлеріне ең қымбат – адамдардың өмірі, денсаулығы, олардың жақсы жағдайда болуы сеніп тапсырылған. Ол тек науқас және олардың туыстарының алдында ғана емес, тұтас алғанда мемлекет алдында да жауапкершілікте.
Сондықтан да, медицина қызметкерлерінің арасында мейірбикелерге де үлкен міндеттер жүктелген. Мейірбикелер жоғары кәсіби шеберлік иелері болумен қатар бақылаушылық, науқастың бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістерді көретін, байқағыштық қасиеттерге де бай болғаны жөн. Олар ұстамды,өзінің сезімталдық берілгіштігін басқара білетін, эмоциялық тұрақтылықта тәрбиеленген жандар болуы тиіс.Оның ішінде әлбетте мәдинеттілікті сақтауға баса мән беріледі. Бұл бағытқа тоқталар болсақ, медицина қызметкерлерінің мәдени тәртіптілігін екі түрге бөлуге болады
Егер 1979 жылы медициналық бикенің анықтамасы «орта медициналық білімі бар дәрігердің басмшылығымен жұмыс істейтін және оның жұмысына көмек көрсететін маман»болатын болса ,қазіргі моделі «медициналық бике – мейірбикелік іс философиясын кәсіби жағынан түсініп ,өз тәжірибесіне оңтайлы қолдана білетін жеке тұлға» Мейірбикелік іс-әрекеттің төрт деңгейлі үзілді –кесілді анықталды:
денсаулықты нығайту;
жарақат пен аурудың алдын алу;
жойылған функцияларды қалпына келтіру;
азап шегуді жеңілдету;
Медициналық бике мына рөлдерді атқарады:
емделушінің күтімін ұйымдастырушы;
емделушінің күтімін орындаушы;
емделушінің ықыласын қорғаушы (адвокат);
педагог(консультант);
зерттеуші;
лидер(көшбасшы);
медициналық бригаданың белсенді мүшесі». /5/
«Этика дегеніміз –ұнамдылық және мораль туралы ғылым.Медициналық этика — бұл ұнамдылықтың маңыздылығы медицина қызметкерінің іс-әрекеттеріндегі,олардың науқасқа жоғары адамгершілік қатынасы туралы ғылымның бір бөлігі.
Медициналық этика ондаған жүзжылдықтар бойы бар.Біздің дәуірге дейінгі 1500 жыл бұрын болған.Ежелгі Үндістанда дәрігерлер мамандығын бастағанда ант берген.Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні дүниежүзіндегі барлық елдерде қабылдайтын анттардың бірі – «Гиппократ анты»,ол 2400 жыл бойы әйгілі.
Медициналық этиканың ең негізгі мәселелері:моральдық принцип бойынша іс-әрекет жасау, ауруға қамқорлықпен қарау,әрқашан және қай жағдай болмасын медициналық көмек көрсетуге дайын,жоғары адамгершілікті кәсіптің салт–дәстүрлерін көбейтіп,сақтау керек-бұл медициналық этиканың мәселелері. Мейірбике ісінің этикасы дегеніміз — медицина мейірбикелерінің кәсіби әдептілігі. Кәсіби әдептіліктің бір түрі ретінде мейірбике ісінің әдептілігі әрбір медицина мейірбикесінің кәсіби шеберлігінің қалыптасуында,оның кәсіби сауатты және жауапты шешімдерді қабылдауында маңызды рөл атқарады.»
Клиникада коммуникациялық дағдыларды тиімді пайдалану — «Ақ халатты абзал жандар» деп атанған дәрігердің парызы деп санауымыз қажет. Науқас адамдармен жұмыс жасау – қиын әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет.
Дәрігердің кәсіби қызметі ауру адаммен байланысты: тірі ағзаларды құрайтын биологиялық жүйелердің ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар қоғамдық байланыстың әр түрлі болуы қайталанбас психикалық көрініс құрайтын тәуелділікке байланысты.
Дәрігердің мамандығы – ерлік. Медициналық этика ондаған жүзжылдықтар бойы бар. Біздің дәуірге дейін 1500 жыл бұрын. Ежелгі Индияда дәрігерлер мамандығын бастағанда ант берген. Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні әртүрлі дүниежүзілік елдерде қабылдайтын анттардың бірі – «Гиппократ анты», 2400 жыл әйгілі.
«Гиппократ анты» — негізгі медициналық этиканың ережелер кешені, мұнда уақыт айырмашылығына қарамастан, қазіргі кезге дейін өзекті болып қалғаны былай деп үнделеді:
«Non nocere» («Қауіп келтірме»). Әрбір ем, барлық іс-әрекеттер, дәрігердің ұсқаулары аурудың жағдайын жеңілдетуге бағытталып, оған пайда әкелу керек – бұл басты этикалық принцип.
Ең жоғарғы байлық – адам өмірі;
Дәрігер әрбір науқастың жеке өмірін сыйлау керек, моральға жатпайтын қылықтардан аулақ болу керек;
Дәрігер кәсіби тактикасын сақтауға, өзінің мамандығын сыйлауға тиіс;
Медициналық этиканың ең негізгі мәселелері: біздің моральдік принципі бойынша іс-әрекет жасау, ауруға қамқорлықпен қарау, әрқашан және қай жағдай болмасын медициналық көмек көрсетуге дайын, жоғары гуманды кәсіптің салт-дәстүрлерін көбейтіп, сақтау керек – осы медициналық этиканың мәселелері;
Әсіресе, медицина қызметкерінің борышы туралы айту керек. Еш уақытта адамның физикалық, психикалық денсаулығына қарсы немесе өміріне қауіп төндіретін жағдайда қандай ұсыныс болса да, іс-әрекеттерге қатыспау керек.
Дәрігерлік этиканың басты проблемаларына медициналық деонтология жатады, медицина қызметкерінің тәртіптік принциптерін оқып зерттейтін, сонымен қатар емдеу нәтижесінің жоғары сапада болуына бағытталған медициналық іс-әрекеттердің қателерін болдырмау, себебі олар науқасқа қолайсыз әсер туғызады.
Ал енді медициналық этиканың маңызды бөліктерінің бірі мейірбикелік этикаға және оның тарихына тоқтала кетейік.
«Медицина ғылымының өсіп–өркендеуіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы медицина мейірбикелерінің рөлі артып келеді. Мейірбикенің адамгершілік қасиеттері:
Адал қызметкер болу – бұл құрметке, беделге жеткізетін мінездеменің сипаты. Жақсы мейірбике – адамдардың арасындағы жақсы мен жаманның арасын айыра білуі және білімді,іскер, шыдамды, қайырымды, алдына қойған мақсатына жете білуі қажет.
Мейірбикелік деонтология – медицина қызметкерлерінің кәсіби тәртібі, науқас пен қоғам алдындағы парызы туралы ғылым. Сондай-ақ, мейірбике этикасының бір бөлігі болып саналады.»
Медицина қызметкерлеріне ең қымбат – адамдардың өмірі, денсаулығы, олардың жақсы жағдайда болуы сеніп тапсырылған. Ол тек науқас және олардың туыстарының алдында ғана емес, тұтас алғанда мемлекет алдында да жауапкершілікте. Сондықтан-да, медицина қызметкерлерінің арасында мейірбикелерге де үлкен міндеттер жүктелген. Мейірбикелер жоғары кәсіби шеберлік иелері болумен қатар бақылаушылық, науқастың бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістерді көретін, байқағыштық қасиеттерге де бай болғаны жөн.Олар ұстамды, өзінің сезімталдық берілгіштігін басқара білетін, эмоциялық тұрақтылықта тәрбиеленген жандар болуы тиіс.Оның ішінде әлбетте мәдинеттілікті сақтауға баса мән беріледі. Бұл бағытқа тоқталар болсақ, медицина қызметкерлерінің мәдени тәртіптілігін екі түрге бөлуге болады:
«Ішкі мәдениеттілік. Бұған еңбекке деген көзқарас, тәртіпті сақтау, ортаға бейімделу, әріптестерімен сыйластық қарым-қатынаста болу, әр уақытта әріптестік сезімін жоғары ұстауы жатады;
Сыртқы мәдениеттілік. Әдептілік, жақсы дауыс ырғағы, мәдениетті сөйлесе білу, сыртқы түріне де көңіл бөл;.
Медицина қызметкерлер ісінің сапалылығына, негізінен оның ішкі мәдениеттілігіне баса мән беріледі. Науқас адамға дер кезінде диагноз қою, оны дұрыс емдеу, жақсы күту – оның ерте айығуына барынша септігін тигізеді. Науқасқа жалпы күтім жастау кезінде мейірбикелер мынандай міндеттерді атқарады:
Науқас адам ауруханаға түскеннен кейін, қажет болған жағдайда оған көмек көрсетілуі керек және мейірбике санитарлық-гигиеналық шараларын жүргізіп, антропометриялық өлшемдер жасауы тиіс;
Сырқаттың «ауру тарихына» орындалған процедураларын, өлшенгенде алынған мәліметтерді түсіреді;
Жаңадан келіп түскен науқасты бөлімшенің ережелерімен таныстырады және сол ережелердің орындалуын бақылайды;
Бөлменің тазалығын тексеріп, оның ауасын тазартып отырады;
Науқастардың қызуын өлшеп, қағазға түсіреді, артериялық қысым, қан тамырларының соғысын тексереді және бір тәуліктегі диурез мөлшерін өлшейді.;
Ауыр науқастардың жеке басының тазалығын қадағалап, олардың төсек-орындары мен іш киімдерінің уақтылы ауыстырылып тұруын бақылайды;
Науқас адамның халі нашарласа немесе басқа бір өзгеріс болса, сол бөлімнің дәрігеріне немесе кезекші дәрігерге хабарлайды;
Аға мейірбикеге дер кезінде бөлімшеге қажетті дәрі-дәрмектерге талап қағазын толтырады;
Дәрігердің сырқаттарды аралауына қатысып, олардың жағдайларын хабарлап, әрі қарай қалай оларды күту және емдеу туралы емдеуші дәрігердің нұсқауларын алады;
Дәрігердің науқасты емдеу жөніндегі тапсырмасын бұлжытпай, дер кезінде орындап отырады (дәрі-дәрмектерді таратады, ине салады, қыша қағазын қояды, клизма жасайды;
Науқастардың анализдерін (кіші дәреттерін, қақырықтарын, үлкен дәреттерін, т.б.) лабораторияға әзірлейді;
Науқастарды аппаратпен тексеруге /эндоскопия, рентгенография/ және
олардың арнаулы кабинеттерге баруларына көмектеседі;
Кабинеттердің, бөлменің (палатаның), кереуеттің жанындағы тумбочканың, жалпы бөлімшенің тазалығын бақылап, сырқаттардың бөлімшедегі күн тәртібін бұзбауын қадағалайды;
Науқастардың тамақ ішу тәртібін, тоңазытқыштағы сырқаттардың тамақтарының сақталу тәртібін, туыстырының әкелген тамақтарының емдәмге сәйкестігін және оның сапасын тексереді;
Уақытында тамаққа талап қағазын жазып емдәм мейірбикесіне тапсырады;
Науқастың анализдерінің қорытындысын «ауру тарихына» тіркеу, қызу қағазын және басқа да құжаттарды дер кезінде толтыру жүктелген;
Бөлімшедегі медициналық аппараттар мен жиһаздарға да жауапты;
Кезекшілікті тапсырғанда, кезекшілікті қабылдаған мейірбике бөлмедегі науқастардың әрқайсысына берген дәрігердің ұйғарымдары мен тағайындағандарының бәрін айтып тапсыруға және аруханадан шығатын науқастар туралы мәлімдеме беруге міндетті;
Дәрі-дәрмектерді дұрыс сақтауды, наркотикалық дәрмектерді қолдануды және оны есепке алуды білуі тиіс;
Науқас адамның халі нашарлаған жағдайда дәрігер келгенше жедел жәрдем көрсетуі қажет;
Науқастардың ортасында үнемі санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу жүктелген;
Өзінің кәсіптік мамандығын және еңбек өнімділігін жоғарлату жолын- да әрдайым ізденіспен жұмыс істеу;
Мейірбике ісінің этикасы ғана емес сонымен қатар коммуникативтік негіздері де қаралады
Бір-бірімен тілдесу – бұл адамдар арасындағы әлеуметтік-психологиялық процесс. Тілдесу немесе ыммен ақпарат алысу арқылы түсінісу заңды құ- былыс, соңғы жылдары тілдесу арқылы түсінісу ғылымда «коммуникация» терминімен алмастырылып отыр;
«Коммуникация» — бұл тілдесу (вербальды) және тілдеспей, ыммен түсінісу (вербальсыз) ақпарат алысу.;
Вербальды ақпарат–сөйлем арқылы түсінісу немесе сезімді,ойды,байқағандарын жазу арқылы жеткізу. Вербальсыз ақпарат – ақпаратты сөз құрамдарынсыз немесе жазбай-ақ жеткізу;
Коммуникацияның негізіне– бірге қиналыс білдіру,сыйлау мен шынпейілділік, өзара түсіністікті жеңілдететін факторлар жатады. Мейірбике үшін бұл процесстің мақсаты науқастың бойында қалған құпияны зерттеп- білу болып табылады. Осындай оқып – зерттеудің, білудің нәтижесінде науқас жайында, сондай-ақ өзі жайында да хабардар бола алады;
Мейірбике ісіндегі тілдесу – науқасқа жеке әсер етіп, оның денсаулығын жақсарту арқылы өміріне өзгеріс әкелуі мүмкін;
Ол үшін мейірбикеден арнайы білім мен іскерлік талап етіледі. Мұндай кезде науқастың денсаулығы жағдайы, оның физиологиялық және психологиялық жағдайы ескерілуі қажет;
Науқасқа мүмкіндігінше үлкен көмек беріп, қолдауы үшін мейірбике коммуникативті және кәсіби білімі жоғары болуы тиіс. Науқастарды дұрыстап тыңдай білгені, оның қиналысына түсіністікпен қарап, қамқорлық танытып, қойылар сұрақтарға мән бергені жөн;
Науқаспен және оны күтумен айналысып жүрген барлық адамдармен дұрыс тілдесуі керек. Мейірбикеден оларды сыйлау және жазылып шығамын ау деген сеніміне түсіністікпен қарау талап етіледі. Сонда ғана науқастар өздерінің жазылатынына сенім ұялатып, жаңа жерге қалыптасу процессі тез жүрмек;
Мейірбике ісі – бұл пациенттің денсаулығына байланысты мәселелрді медициналық жетік білуімен анықтауы және оларды шешуге кәсіби көмек көрсетуі. Медицина қызметкерінің маңызды құралы қамқорлық жасау,күту,емдеу болып табылады.