САУРАН: САРА ЕЛШІБЕКҚЫЗЫ — АУДАН МЕДИЦИНАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ


Жолдасова Сара Елшібекқызы 1967 жылы Үшқайық ауылдық округінде дүниеге келген. 1984-1987 жыллар аралығында Түркістан қаласындағы Түркістан медицина учелищесінде білім алған. Еңбек жолын 1987 жылы Түркістан қаласындағы жедел жәрдем бөлімінде бастаған. Ол жерде 6 жыл жұмыс істеп, 1994 жылдан бері Сауран аудандық емханасында жұмыс істеген. 1994-2004 жылға дейін осы емханада жұқпалы ауруларға қарсы екпе егу бөлімінде медбике болып қызмет атқарған. 2004-2019 жылға дейін аймақтық медбике болып жұмыс істеген. Ал 2019 жылдан, осы күнге дейін салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінде медбике қызметін атқарады. Жалпы еңбек өтілі 35 жыл.
Осы салаға өз қызығушылығымен келген, әкесінің денсаулығы нашар болған, көп ауырып қала береген екен, содан кейін кейіпкеріміз, мен дәрігер боламын, әкемді емдеп, жазамын, басқа да жандарға көмек қолымды созамын деп, ниеттенген екен. Бұл жолды таңдағанына еш уақытта өкінген емес, адамдарды емдесем, олардың дертіне дауа бола алсам, өзімді ең бақытты адам ретінде сезінемін дейді, Сара ханым.
Ал, болашақта осы саланың маманы болам деушілерге, білім алыңдар, ізденіңдер, осы саланы сүйіңдер, көп адамдармен коммуникация орнатып үйреніңдер, жан-жақты дамыңдар деп, кеңес берді.
Сонымен осындай тиімді тілдесу мейірбикенің кәсіби тәжірибелілігін, жеке басының адамгершілігін, іскерлігін көрсетеді. Әртүрлі әдістерді дұрыс пайдалана отырып науқаспен тіл табысу мейірбикеге үлкен бедел, зор құрмет және сенім әкеледі.
Мейірбике науқаспен ғана емес,оның туған-туысқандарымен қарым –қатынасқа кіреді.Мейірбикенің науқастың туыстарымен әңгімесі өз міндеттік бабы шеңберінен шықпауы керек.Орта буын медицина қызметкерлері науқастың туған-туысқандарымен қатынасы кезінде айқындалған әдептілікті талап етеді. Емделушінің туыстары бірнеше сағат бойы медицина қызметкерлерімен әңгіме жүргізу үшін күтпеу керек.Туысқандардың пікірлері науқасқа әсер етеді,жағымсыз қатынас пен сенімсіздік тудырады және психикалық жүйкесімен соматикалық қалпына жағымсыз әсер етуін мед қызметкерлер есепке алуы керек.Мед қызметкерлер науқастың жазылмас дерт ауруын немесе нашарлық жағдайын жасырмай,түсінікті түрде оның туысқандарына хабарлауы керек.Бірақ,олардың арасында ауру адамдар болуы мүмкін,сондықтан олармен әңгімелескенде үлкен сақтық пен әдептілікті білдіру керек.Науқастың жақын туған-туысқандарына, әсіресе қызметтестеріне кейбір операцияларды жүргізу туралы хабарлауы керек.Келісушілермен сөйлесер алдында дәрігермен ақылдасып алуы керек,ал кейбір жағдайларда науқастың өзінен нені хабарлауын,не хабарламауын сұрау керек.Әсіресе,телефон арқылы хабарды сақтықпен беру керек.Байсалды,әсіресе қайғылы хабарларды мүлдем айтпай-ақ ауруханаға келуін және дәрігермен дербес сөйлесуі жөн болады.Телефон арқылы сөйлескенде медбике өзінің аты-жөнін ,мамандығын,бөлімін айтуы керек.Кейде науқастың туысқандары бөлімде жоқ емдік препараттарын алу үшін өз көмектерін көрсетеді.Мұндай ұсыныстарды сыпайы,бірақ анық түрде қайыру керек.
Мейірбикелік мамандықтың барлық мамандар сияқты қоғам алдында этикалық міндеттері болады,сондай-ақ қоғамның да мамандық алдында этикалық принциптері болады.Дәрігер науқасты емдейді,мейірбике күтеді. Қоғамның мейірбикеге деген көзқарасын адамға деген көзқарас деп санауға болады. Бұл жерде үйлесімге жету өте маңызды.
Жұмысқа орналасатын жерлері: ауруханалар, емханалар,хоспистер, денсаулық пункттері, әртүрлі мемлекеттік мекемелердегі медпункттер, медицина колледждері. Қызметі:
 дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету;
 дәрігерлерге операция жүргізу кезінде көмекші болу;
 ауруханалардағы және емханалардағы ауруларды күту;
 дәрі егу және артериалдық қысымды өлшеу, ауруларға дәрі беру сияқты медициналық ем-шараларды орындау;
 медициналық құжаттамалармен жұмыс істеу (рецепттер, анықтамалар
«Берілген суретте мейірбикенің жұмыс жасау орындары тізілген.
Бағдар беруші пәндер:
 Анатомия
 Физиология
 Жалпы патология негіздері
 Микробиология
 Денсаулық ахуалына баға беру
 Фармакология негіздері
 Мейірбике ісінің негіздері
 Мейірбике ісіндегі менеджмент
Мейірбикелік процесс 5 кезеңге бөлінеді:
 Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау;
 Мейірбикелік диагностика;
 Күтімді жоспарлау;
 Жоспарлауды жүзеге асыру;
 Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау;
 Мағлұмат жинау: Емделушіге жеке,мұқият ойластырылған,ғылымға сүйенген күтім ұйымдастыру үшін мейірбике өзінің емделушісінің кім екенін анық білу қажет;
 Мейірбикелік қараудың негізінде американдық психолог А.Маслоудың адамның 14 негізгі қажеттілігі туралы оқу жатыр;
 Мейірбиелік диагноз дегеніміз- емделушінің бойында бар немесе потенциалды ауруға және кқңіл-күйіне деген жауабын,сол жауаптың себебін суреттейтін мейірбикенің клиникалық пікірі;
 Жоспарлау: Мақсатты белгіленгеннен кейін мейірбике емделушінің күту жоспарын құрды,яғни күтімнің мақсатына жтуге қажетті мейірбикенің арнайы іс-әрекетінің толық тізімінен тұратын жазбаша нұсқаудың жасалуы.Мейірбике ақ қағазды қолдана отырып,жағдайды тиянақты,қойылған проблема бойынша емделушіге не істей аламын,оған қандай көмек көрсете аламын деген сұрақтарға жауап беруге тырысады;
 Күтімнің жоспарын жүзеге асыру:Мейірбике қағазға жазғанын өзі немесе техникалық мейірбикенің көмегімен жүзеге асырады.Мейірбикелік іс-әрекет 3 түрлі мейірбикелік қатысуды жобалайды;
Дәрігердің талабымен немесе қарауымен орындалатын мейірбикенің іс-әрекеті мысалы 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу,таңғышты аустыру,асқазанды тазарту.
Мейірбикенің өз ықыласымен және өз ойымен қабылдаған,дәрігердің талабынсыз жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.
Мысалы:
 Емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету;
 Емделушінің сырқатына деген жауабын және оған бейімделуін байқау;
 Емделушінің емге деген жауабын және оған бейімделуін байқау;
 Емделушіні емдеу тәсілдеріне және өзін-өзі күтуге үйрету ;
 Емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;
 Емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын қалпына түсіру жөнінде нұсқау беру;
 Емделушінің өз күші мен мүмкіншілігіне сендіру үшін күтім шараларын жоспарлау;
 Емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;»
Дәрігер немесе денсаулық жүйесінің басқа маманымен бірлесіп қызмет ету,мысалы:физиотерапевт,диетолог немесе инспекторы.Ренимациялық шаралар мысал бола алады.
Күтімнің нәтижесін бағалау: Емделушіні күту сапасы мен нәтижесін мейірбике үнемі белгілеп отырады:
 мақсатқа жетудегі табыстарды бағалау;
 емделушінің стационарда жатқанына жауапты реакциясын тексеру;
 жаңа проблемаларды белсенді іздестіру және оны бағалау.» /11/
Науқастарға көмек көрсете отырып, мейірбике өзінің жеке басының барлық жақсы қасиеттері мен артықшылықтарын толық пайдалануы тиіс. Сөйтіп, қалай болғанда да науқаспен, оның отбасы мүшелерінің арасында белгілі бір сенім орнату керек. Мұның өзі науқастың проблемасын тиімді шешуге жол ашуы мүмкін. Мейірбикенің осындай жеке жақсы қасиеттері науқаспен тіл табысуды айтарлықтай жеңілдетіп, оның проблемасын шешуді жеңілдетеді. Сенім және байланыс – бұл маңызды элементтер. Науқастың тілдесуі мейірбике істерінің шын екендігіне сенгенде пайда болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы